12 наурызда Көкшетау қаласында орналасқан Ақмола облыстық сотының ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, өрт сағат 19:55-те болған.
Бүгін сағат 19.55-те Көкшетауда Н. Назарбаев даңғылында орналасқан әкімшілік ғимараттың 40 шаршы метр алаңында өрт болды. Ақмола облысы ТЖД-ның 30 құтқарушысы мен 8 бірлік техникасы дереу шақырту орнына аттанды, — делінген ведомство хабарламасында.