Адвокат айыпталушыны қорғап БАҚ-қа сұхбат беру үшін прокурордан рұқсат алуы тиіс – депутаттар талапқа қарсы
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәжіліс депутаттарының қарсылығына қарамастан заңда адвокаттар бәрібір прокурорлардың рұсқатын алуға міндетті екенін мәлімдеді.
Мәжіліс депутаты Үнзилә Шапақ қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасындағы бірқатар нормаға байланысты сұрақ қойды.
«Адвокат БАҚ-та теріске шығаруды беру үшін неге прокурордың рұқсатын алуы тиіс?» — деп сұрады ол.
Бұл сұраққа жауап берген бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеді.