АЭХА Бас директоры Рафаэль Гроссимен жан-жақты пікір алмасу барысында тараптар еліміздің ұйымға 30 жылдық мүшелігі кезеңіндегі өзара іс-қимылдың ауқымды сипатын жоғары бағалады, сондай-ақ Агенттік басшысының өткен жылғы сәуірдегі Қазақстанға сапары екіжақты диалогқа жаңа серпін бергенін атап өтті. ҚР СІМ басшысы уран экспорты бойынша әлемде бірінші орында тұрған еліміз өзінің атом саласын дамытуға және көміртекті бейтараптық мақсаттарына қол жеткізуге ерекше мән беретінін атап өтті. АЭХА-мен ынтымақтастық Қазақстанның елдегі алғашқы атом электр станциясының құрылысы бойынша референдум өткізу жоспарлары аясында ерекше өзектілікке ие болып отыр. Тараптар елімізде онкологиялық ауруларды емдеуде заманауи ядролық технологияларды пайдалану, ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру, бұрынғы Семей полигонының аумағын оңалту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру барысына оң баға берді.
АЭХА Бас директоры Рафаэль Гроссимен жан-жақты пікір алмасты
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы