Бұл оқиға кезінде жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жыққан болатын.
«Бүгін, 2024 жылдың 3 сәуірінде Алматы қаласының Алатау аудандық сотында сотталушы А.-ға қатысты бұзақылық жасау, сондай-ақ екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерін бұзу туралы (ҚК-нің 293-бабының, 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі) қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтуде», — делінген хабарда.