• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Алматыда жер сілкінісі кезінде халықты құлақтандырудың Cell Broadcast технологиясы енгізіледі

Алматыда жер сілкінісі кезінде халықты құлақтандырудың Cell Broadcast технологиясы енгізіледі

5 марта, 2024 Жаңалықтар

Ауыл кәсіпкерлері шетелдік озық техниканы субсидиядан айырмауды сұрайды.

Шарлапаевтың бастамасы фермердің шашын ағартты

Сарапшылар ауыл шаруашылығында соңғы жылдары апаттық жағдай орын алғанын ашық айтады. Өткен жылы сала ахуалы тіпті қиындап, рецессияға ұшырады: Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында айтылғандай, АӨК жалпы ішкі өнімі -7,7%-ға құлдырады (алдыңғы жылғы көрсеткіштің небары 92,3%-ы).

Осы орайда аграршылардың дабыл қағуынша, жаңа Үкімет салаға жаңа соққы жасағалы тұр: Ресей, Беларусь секілді одақтық баламасына қарағанда, өнімділігі бірнеше есе жоғары алыс шетелдің ауыл шаруашылығы техникасын әкелуге субсидия беруді доғармақ.

Әкімдіктердің жедел дерегінше, 2024 жылғы көктемгі егіс науқаны қарсаңында тек 149,8 мың трактор, 38 мың комбайн, 4,9 мың егіс кешені және 76,3 дән сепкіш бар. Яғни, былтырғыдан кемімесе, көп артпады: 2023 жылы аграршылардың қолында 150 мыңдай трактор, 38,7 мың комбайн, 5 мыңға жуық егіс кешені және 76 мыңнан аса сепкіш болған.

Оның үстіне бұлардың қаншасы егін алқабына шыға алатын күйде екені белгісіз: ауылдағылар оларды дән себу жұмыстарына дайындауға кейінірек кіріседі.

Осы күрделі жағдайда бар күш-жігерді фермерді қолдауға жұмылдыру орнына жаңа Үкімет, дәлірек айтқанда, Қанат Шарлапаев басқаратын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі оларды қолдау түрлерінен айыруды жоспарлады. Қауымдастықтары арқылы Үкіметті райынан қайтара алмаған соң ауыл кәсіпкерлері тікелей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеумен жүгінді. Олар Президенттен импорттық ауыл шаруашылығы техникасына субсидияны доғармауды өтінді.

Шетелден тасылатын көлік пен техника атаулыны отандық баламасымен ауыстыру идеясы бұрыннан айтылып келеді. Индустрияландыру бесжылдықтары аясында билік соған талап қылып көрді. Негізінен, ресейлік, беларустік ауыл шаруашылығы техникасын шашып әкеліп, елімізде жинаудан алысқа ұзай алмады.

Сонымен бірге, онысы арадағы делдалдар кесірінен құны күрт көтеріліп шыға келеді. Депутаттардың мәліметінше, Ресейде шығарылатын сепкіштердің орташа бағасы 1,6 млн теңге болса, бізде «шығарылғаны» 2,2 млн теңгеге дейін қымбаттайды.

Үкімет пен Парламенттегі идея лоббистерінің дәйектемесі қарапайым: шетелдік техникаға ел бюджетінен субсидия бөлінсе, онда бөтен елдердің өнімін сатып алу ел қаржысы есебінен ынталандырылады. Алайда батыстық тиімді техниканы ауыстыра алатын қазақстандық баламаның аздығы назарға алына бермейді. Салдарынан, батыстық техникадан босаған нарықты РФ пен Беларусь өндірушілері басуда.

Жатжұрттық техниканы отандықпен алмастыру эволюциялық жолмен жүруге тиіс еді. Үкімет енді шалт қимылдап, революциялық жолға жүгінбек. Оның мәнісін түсіндірген Өнеркәсіп министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің өкілі Шыңғыс Сүйінбаевтың айтуынша, Қазақстанда баламасы бар шетелдік ауыл шаруашылығы техникаларына (ШАШТ) берілетін инвестициялық субсидияларды, яғни олардың құнының бір бөлігін өтеуді мүлдем жою ұсынылып отыр.

Басқа да қысым болады: ШАШТ үшін лизинг қарызының сыйақы ставкасы 15%-ға дейін көтеріледі. Салдарынан, олар ұсақ және ортанқол ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қолжетімсіз болып қалады. Оның орнына оларға елімізде жиналатын ауыл шаруашылығы машиналарын 6% арзандатылған лизингпен алуға кеңес беріледі.

Ауылдың министрлігі не дейді?

АШМ ауыл кәсіпкерлерінің жағына шығып, шенеуніктердің бұл қадамының дұрыстығына, әділеттігіне шәк келтірді.

«Біздің алдымызға Президенттің өзі ғаламат міндет қойды: өндіріс көлемін 2 есе арттыруға тиіспіз. Агротехнологияларды – тұқымды, гербицидтерді, тыңайтқыштарды жақсартуға 1,5 триллион теңге бөлініп жатыр. «ҚазАгроҚаржы» арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке беруге 450 миллиард теңге қосымша қаржы бөлінеді. Осы миллиардтардың бәрін тек отандық техниканы сатып алуға бағыттау ұсынылып отыр. Бірақ үлкен күмән бар: біздің зауыттар АӨК-ке қажетті көлемде техника өндіре алуы неғайбыл», – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Ол осы бастамаға қарсы өзге де дәйектемелерді алға тартты. Үкімет субсидия мен лизинг шарттарын өзгерте салса, бұл аграршыларды қып-қызыл шығынға отырғызуы мүмкін: олар дилерлермен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу жөнінде нақты әрі көп миллиондық контрактілер бекітіп қойған. Ол машиналар солар үшін құрастырылуда.

Оның құнының бір бөлігі инвестсубсидиямен өтелмесе, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер шығынды көтере алмай қалады. Бұл контрактінің бұзылып, айыппұл, басқа да санкциялардың салынуына соқтырмақ. Мысалы, әлемдік жетекші зауыттар бұдан былай сенімсіз серіктес ретінде Қазақстанмен істес болудан бас тартады.

«Біз өзіміз жайғасқан бұтақты шауып жатқандаймыз. Лизингтің ставкасын қазіргі 6%-дан 15%-ға, бірден 2,5 есеге жоғарылатып жіберу – машина-тракторлық паркті жаңарту жоспарларын жарға жығу деген сөз. Сонда Президенттің саламыздағы еңбек өнімділігін, өндіріс көлемін еселеп арттыру тапсырмасы жайына қалмай ма? Бұл жоспарларды жүзеге асыру үшін технологиялық тұрғыдан жоғары өнімділікті техника қажет. Сондықтан АШМ-ның ұстанымы анық: мемқолдау жүйесін дәл қазір, тосыннан өзгерте салмай, фермерлерге 3 жылдық өтпелі кезең беру керек», – деді министрлік өкілі.

Осы өтпелі кезеңде ауыл бизнесі техникалық паркін жаңартып, бизнес-жоспарларына негіз болған қолданыстағы жоспарлары мен келісімшарттарын жүзеге асырып үлгереді. Азат Сұлтановтың айтуынша, осы үш жыл сондай-ақ шетелдік өндірушілерге германиялық CLAAS машинажасау компаниясының жолына түсіп, Қазақстанда құрастыру зауытын ашуына мүмкіндік береді. Олай жасамаса, өтпелі кезең біткеннен кейін қазақстандық нарықтан айрылады.

Фермерлерге «отандығы» неге жақпады?

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағы бір орынды ой айтты: елді асырап отырған фермерлерді қыспаққа ала бермей, отандық құрастыру зауыттарын да өз мойындарына нақты міндеттеме алуға иліктіру керек. Бүгінде олар көбіне, одақтастардың машинажасау зауыттарының жинақтарын әкеліп, елде «отверткамен» жинаумен шектеледі. Осының өзі оларға өз өнімін «Қазақстанда жасалған» деп атауына жол ашады.

Дұрысы, олар «отандық» деп аталуы үшін локализацияны тереңдетуі, қазақстандық мазмұнның үлесін арттыруы шарт. Олай жасамаса, олардың құрастырғаны да ШАШТ болып есептеліп, субсидиядан қағылуға тиіс. Азат Сұлтанов сұрақты төтесінен қойды: жергілікті мазмұны жоқтың қасы болса және оны арттыруға тырыспаса, онда бөтен елдің «машинокомплектін» құрастыра салуды отандық машинажасау өнімі деп дәріптеудің мәні бар ма? Бұл көзбояушылық кімге керек?

Ауыл шаруашылығы өндірушілері «Қазақстанда жасалған» жапсырмасы бар техникалардың өнімділігі мен сенімділігі нашар екеніне шағымданады. Өйткені оларға мемқолдау түрінде ел қаржысы құйылып жатыр, алайда мемлекет пен қоғам тарапынан бақылау жоқ.

«Қазақстан картоп және көкөніс өсірушілер одағының» басқарма төрағасы Қайрат Бисетаев қазақстандық ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытуды жеке ұлттық жобаға бөліп шығаруды және оған бөлінетін барлық қаражаттың жұмсалуын билік пен бұқараға анық, есепті етуді ұсынды.

«Елімізде машинажасауды дамытуға көп жылдан бері орасан зор қаражат шығындалуда. Оның қайда кетіп, кімдердің қалтасына құйылып жатқанын ешкім білмейді. Онда неге аграршылардың жоспарларына билік қол сұғады? Бізден де сұрау мен талап болуға тиіс, бірақ нәтижеге қалай, қандай техниканың көмегімен жететінімізді біз өзіміз шешуіміз керек. Ауыл саласына өзге ведомстволар төл мүддесін тықпалап отыр. Кешіріңіз, бірақ фермерлерді қой отары сияқты «отандық» техника құрастыратын зауыттарға үйіріп, қуып тықпақ. Бұған жол беруге болмайды», – деді Қайрат Бисетаев.

Егер Өнеркәсіп министрлігінің радикалды ұсынысы өтсе, онда субсидиялау жүйесі өзгереді: бюджеттік қаражат бірден отандық құрастырушы зауыттарға аударылады. Ал олар фермерлерге ауыл техникасын бір жылға бекітілген, төмендетілген бағамен сатады.

Шу тудырған министрлік не дейді?

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков елімізде нақты қандай ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі жолға қойылғанын санамалап шықты. Республикада топырақ өңдеу техникасы, тырмалар, соқалар және қопсытқыштар, сепкіштер, тіркемелі және өздігінен жүретін бүріккіштер, шөп шапқыштар, пресс-жинағыштар, орақтар, іріктеу платформалары, тіркемелер, астық кептіргіштер, сондай-ақ тракторлар, астық жинайтын және жемшөп жинайтын комбайндар және басқасы жинастырылады.

«Соңғы 5 жылда Ростсельмаш, Кировец, Гомсельмаш, Беларусь, CLAAS, HORSCH, Deutz Fahr, LOVOL, YTO және басқа брендтер енгенін атап өту маңызды. Сала жеделдетілген қарқынмен дамуда, жыл сайынғы өндіріс көлемі орта есеппен 20%-ға артады. Оларды қолдау мақсатында «Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім» жасасу көзделген. Келісім мен Арнайы инвестициялық шарт жасасу аясында ауыл шаруашылығы техникасын өндірушіге преференциялар беріледі: ол қосылған құн салығын төлеуден, кедендік баждардан босатылады», – деді вице-министр Олжас Сапарбеков.

Ол преференцияларды кімдер алып жатқанын атады. Бұлар:

  • «Дон Мар» ЖШС: астық жинау орақтарын өндіретін зауыт;
  • «Дафа» ЖШС. әмбебап ілмектер, шөп шабатын машиналар, көлденең гидравликалық тырмалар шығаратын зауыт.
  • «KZ АгромашХолдинг» АҚ: аспалы және тіркемелі орақтар, сепкіштер, аспалы және тіркемелі жинағыштар және пневматикалық егіс кешендері;
  • «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС: егіс кешендері, бүріккіштер, пресс-жинағыштар, тырмалар, соқалар, тырмалар, орақтар, шөп шабатын машиналар;
  • «Kazrost Engineering Ltd.» ЖК: аспалы орақшылар мен тергіштер;
  • «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС.
  • «HORSCH» егіс кешендері және басқасы.

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбековтің айтуынша, 2023 жылы осы министрліктің бастамасымен Субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, импорттық техника үшін  инвестициялық салымдарды өтеу үлесі 25%-дан 15%-ға дейін төмендетілді. Соқалар, тырмалар, орақтар, пресс-жинағыштар, шөп шабатын машиналар, бүріккіштер және бірқатар басқа техникалар үшін мүлдем алынып тасталды.

Ал отандық баламаларына инвестициялық салымдарды өтеу үлесі 30% құрайды. Шетелдік бәсекелестерінен арылғаннан кейін «отандықтар» өз өнімінің бағасын күрт көтермесіне кепіл де жоқ.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров аты «қазақстандық» техниканы құрастырушылардың мүддесін ілгерілеткен бір топ Мәжіліс депутатының сауалына таяудағы жауабында отандық не импорттық болсын, олардың бәрі де фермерлерге керектігін еске салды.

«Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығының техникалық паркі тез жаңартылмайды. Машина паркінің тозуы 76%-ға жетті. Бұл егіннің толық жиналмай, рәсуа болуына, шығындарға және жөндеу мен ЖЖМ-нің қосымша шығындарына соқтырды. Егер 2017 жылы ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңарту деңгейі небәрі 1,9% болса, 2023 жылы 4,5%-ға дейін ұлғайды. Алайда бұл да жеткіліксіз. Мемлекет басшысы машина-трактор паркін жаңарту деңгейін 8-10%-ға дейін көтеруді тапсырды», – деді АШМ басшысы.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы техникасының паркіне жүргізілген түгендеу көрсеткендей, «Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу» ақпараттық жүйесінде сонау 1940–1990 жылдары шығарылған тракторлар мен комбайндар да есепте тұр. Бұл техниканың көп бөлігі физикалық параметрлер бойынша әлдеқашан істен шыққан, қолданыстағысының жасы бірнеше ондаған жылдардан асады.

Жанат Ардақ

Оқылып жатыр

Лондонда Орталық Азия туралы құпия есептер сатылымға қойылды

Стамбұл Бас прокуратурасы Биньямин Нетаньяхуды қамауға ордер берді

Павлодарда үйінді астында қалған құрылысшының денесі табылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024450 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Лондонда Орталық Азия туралы құпия есептер сатылымға қойылды

Ғылым 8 ноября, 2025

Астана. 8 қараша. BM.KZ – Қырғи-қабақ соғыс кезеңіне тиесілі құпия есептерді 3 мың фунтқа сатып алуға…

Стамбұл Бас прокуратурасы Биньямин Нетаньяхуды қамауға ордер берді

8 ноября, 2025

Павлодарда үйінді астында қалған құрылысшының денесі табылды

8 ноября, 2025

Димаш Құдайберген Мысыр пирамидалары маңындағы фестивальге қатысады

8 ноября, 2025

Павлодар – Қызылорда жолында автобус аударылды

8 ноября, 2025

Бүгін Рыбакина WTA финалында Соболенкомен бақ сынайды

8 ноября, 2025

Шымкентте мемлекеттік қызметкерден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды

7 ноября, 2025

Түркістан облысында жерді заңсыз пайдаланып, пайдалы қазба өндіргендер анықталды

7 ноября, 2025

Қазақстандықтар ет сатып алуды азайтты

7 ноября, 2025

Air Astana Boeing 787-9 Dreamliner ұшақтарына жаңа тапсырыс берді

7 ноября, 2025

Beeline Қазақстан, Starlink және ҚР ЖИЦДМ Қазақстанда спутниктік байланысты іске қосады

7 ноября, 2025

Трамп: Қазақстан — менің екінші мерзімімде Ибраһим келісіміне қосылған бірінші ел

7 ноября, 2025

ЮНЕСКО-ның жаңа бас директоры болып Халед әл-Анани тағайындалды

7 ноября, 2025

Елена Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы анықталды -WTA

7 ноября, 2025

$17 млрд келісімі және стратегиялық серіктестік: Тоқаев пен Трамп кездесуінің нәтижесі жарияланды

7 ноября, 2025

Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар туралы меморандумға қол қойды

6 ноября, 2025

Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды

6 ноября, 2025

Қазақстан алғаш рет Арменияға бидай жөнелтті

6 ноября, 2025

Италиялық кардиохирургтар Алматыда туа біткен жүрек кемістігі бар балаларға сәтті операция жасады

6 ноября, 2025

Түлкібаста атыс: Бір адам қайтыс болып, үш адам жараланды

6 ноября, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.