Айсұлу Сүлейменова 2011 жылы үлкен жол апатына ұшырап, соның салдарынан екі аяғынан айырылған. Ол екі аяғы болмаса да, протезге үйреніп, жүре бастады.
Бүгінде Айсұлу Қазақстанның паралимпиада құрамасында жаттығады.
Кейіпкеріміз осы жылдың басында Дубай қаласында өткен жеңіл атлетикадан сәтті өнер көрсетіп, жүлделі 2 орынға ие болды.