АҚШ мұнай өндіру бойынша алтыншы жыл қатарынан көш бастап келеді
АҚШ-та мұнай өндіру, конденсатты қоса алғанда, 2023 жылы тәулігіне орта есеппен 12,9 млн баррельді (б/с) құрап, 2019 жылы белгіленген бұрынғы рекордты 12,3 млн б/с жаңартты.
АҚШ-та орташа айлық мұнай өндіру 2023 жылғы желтоқсанда рекордтық деңгейге 13,3 млн б/с жетті.
Бұл ретте АҚШ-тың мұнай өндіру рекордын таяу болашақта ешкімнің бұзуы екіталай, себебі басқа бірде-бір ел тәулігіне 13 млн баррель өндіру қуатына қол жеткізе алмады.