Марқұм 9 жыл бойы медициналық университетте білім алып, эндокринолог болып жұмыс істеп келген екен. Алайда оның жігіті қыр-соңынан қалмаған көрінеді. Кеше балкон арқылы үйге кіріп, қызды пышақтап кеткен.
Туысқандарының сөзінше, мұнымен қоймай, ер адам оның көлігін айдап әкеткен. Салдарынан қаскөй жол апатына түсіп, құқық қорғау органдарына ұсталған.
Аталған дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.