Ақылы жолда көлігіңіз бұзылса, «ҚазАвтоЖол» тегін жөндейді
Алайда бұл үшін көлік сапасыз жолдың салдарынан бұзылғанын дәлелдеу қажет.
Компанияның басқарма төрағасының орынбасары бұл ақпаратты растады.
«Егер көлік тазаланбаған жолдың салдарынан сынып, я болмаса, жол апатына ұшыраса, онда біз заң аясында жауап беруге міндеттіміз. Сотта толық дәлелденетін болса, шығынды өтеп беруге дайынбыз және міндеттіміз», — дейді Хамзин.
Айта кетері, көлік министрлігі алдағы уақытта ақылы жолдардың тарифін көтеруді жоспарлап отыр.
Министр Қарабаевтың айтуынша, жолдың сапасы жақсы болуы үшін оған күтім қажет.
Дереккөз: 24.kz