Астанада криптобиржадан 7 миллиард теңге заңсыз пайда тапқандар бас бостандығынан айырылды
Елорданың екі тұрғыны халықаралық қаржы орталығына тіркелмей, лицензиясыз заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. Алаяқтар Binance платформасында екі жыл бойы заңсыз USDT-ны айырбастап, пайда тапқан.
Олар қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Біреуі үш жыл, екіншісі екі жыл алты айға сотталды.
Енді олардың жеті жыл бойы цифрлық активтердің айналымына байланысты қызметпен айналысуға құқығы жоқ.