Астана. 26 ақпан. BM.KZ — Астана қаласының білім басқармасы 0-9 сынып оқушыларын қашықтан оқытуға көшіру туралы ақпаратты бүгін тағы да жариялады.
«Ауа райының бұзылуына байланысты 26 ақпанда бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», – делінген хабарламада.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Астанада 26 ақпанда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. болады деп күтілуде, түнде ауа температурасы -24…-26°C, күндіз -17…-19°C.
