• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады

25 февраля, 2026 Ақорда
Фото: Ақорда

Астана. 25 ақпан. BM.KZ — Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде Қазақстан үшін бұл Олимпиаданың орны ерекше екенін айтты.

— Отандасымыз Михаил Шайдоров тамаша өнер көрсетті. Мәнерлеп сырғанаудан алтын медальға ие болып, көк Туымызды Олимп шыңына көтерді. Сондықтан Михаилға алғысымды білдіріп, құтты болсын дегім келеді. Ақордада жиналып отырған адамдарға, ең алдымен, Михаилдың әкесі мен жеңімпаздың бапкеріне ризашылығымды айтамын. Баршаңызды тағы да шын жүректен құттықтаймын! Сіздер қажырлы және табанды еңбектің арқасында Михаилды мықты спортшы, нағыз дарын иесі ретінде бүкіл әлемге паш еттіңіздер. Халқымыз Михаилды мақтан тұтады, ал жас буын одан үлгі алады. Олимпиада жеңімпазы болу — биік мақсат жолында кез келген қиындықты жеңу, яғни, ұзақ әрі күрделі жолға дайын болу деген сөз. Темірдей тәртіппен күн сайын тынымсыз жұмыс істеген адам ғана зор табысқа жетері анық, — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровтың жеңісі еліміз үшін теңдесі жоқ жетістік саналатынына назар аударды.

— Біріншіден, бұл — көптен күткен, яғни, 32 жылдан кейін қол жеткізген тарихи жүлде. Екіншіден, бұл — мәнерлеп сырғанаудан ел қоржынына түскен алғашқы Олимпиада алтыны. Үшіншіден, күллі әлем елімізде әйгілі спортшы Денис Теннің жолын жалғастыратын дарынды жастардың бар екеніне куә болды. Михаил Шайдоровтың Олимпиадада көрсеткен керемет өнері, сөзсіз, тарихи жетістік, нағыз триумф. Кортина д’Ампеццо мұз айдынында отандасымыздың жұлдызы жарқырады. Бұл — Олимпиада чемпионының өзін-өзі шыңдап, өз күшіне сенгенінің, мәнерлеп сырғанау сияқты аса қиын спорт түріне деген ерекше махаббатының жемісі, — деді Президент.

Президент Олимпиада чемпионының әкесі әрі алғашқы бапкері Станислав Шайдоровтың еңбегіне айрықша тоқталды

– Станислав Александрович – мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Әкесі, тұңғыш бапкері ретінде Михаилдың мұз айдынындағы алғашқы қадамын жасауға көмектесіп, өмірдің ең қиын сәттерінде әрдайым ұлының жанында болған адам. Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан Республикасының көк Туын әлемнің басты спорт аренасында биік желбіреткен осындай ұлды, отаншыл азаматты тәрбиелегеніңіз үшін Сізге шын жүректен алғыс айтамын. Баспасөз бетіндегі сұхбатыңызды оқып шықтым. Михаилдан мейіріміңізді аямай, талантты перзентіңіздің спорттағы ерекше миссиясына титтей де күмән келтірмей, әкелік парызыңызды адал әрі лайықты атқардыңыз. Биік шыңға апарар бұралаң жолдан бірге өттіңіздер. Енді сол табан ақы, маңдай тердің жемісін көріп, құрмет пен қошеметке бөленіп жатсыздар. Бүгінде халқымыз Сіздерді ардақ тұтады. Отаншылдықтың нағыз үлгісін көрсеткендеріңіз үшін еліміз Сіздерге ризашылығын білдіреді. Жұртшылықтың алғаусыз алғысы мен құрметіне мен де қосыламын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев мәнерлеп сырғанау Михаил Шайдоров

Оқылып жатыр

Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі

Қазақстанда су тасқынының белсенді кезеңі азайтылды

Астанада 4 кәсіпорында 22,2 млн теңге жалақы төленбеген

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі

Басты тақырып 14 апреля, 2026

Астана. 14 сәуір. BM.KZ — Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин айтты. Бірақ…

Қазақстанда су тасқынының белсенді кезеңі азайтылды

14 апреля, 2026

Астанада 4 кәсіпорында 22,2 млн теңге жалақы төленбеген

14 апреля, 2026

Мемлекеттік бюджеттің кірістері 6,4 трлн теңгені құрады – Қаржы министрі

14 апреля, 2026

Елімізде теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді

14 апреля, 2026

Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады

14 апреля, 2026

АҚШ Иран порттарына теңіз блокадасын енгізді

14 апреля, 2026

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

14 апреля, 2026

Жүргізуші куәлігін алу жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізіледі

14 апреля, 2026

ІІМ ЖИ арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескертті

14 апреля, 2026

Батыста бұршақ жауып, шығыста көктайғақ болады — Қазгидромет

14 апреля, 2026

Елімізде азық-түлік өндірісі 665 млрд теңгеден асты

13 апреля, 2026

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды

13 апреля, 2026

Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

13 апреля, 2026

Қазақстанда мектеп бітіру кештеріне ақша жинауға тыйым салынды

13 апреля, 2026

Шымкентте полицейлер заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты

13 апреля, 2026

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін мойындады

13 апреля, 2026

Астанада подъезде балта ұстаған мас ер адам жұртты шошытты

13 апреля, 2026

Байқоңыр қаласы тұрғындарының үйінен 180-ге жуық діни әдебиет табылды

13 апреля, 2026

АҚШ Иран маңындағы кемелерге тосқауыл қоюды бастайды

13 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.