• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Ата-әже институты

Ата-әже институты

17 марта, 2024 Қоғам

Қазақ халықының қалыптасуы мен іргетасының қаланып оның әрмен қарай дамып, өрбеуіне мол септігін тигізе білген һәм әрбір ұрпақтың жүрек түбіндегі адамгершілік пен рухани байлықтың көзін аша білген және де ұлт санасының бастауы болған махаббаты шексіз әрі мейрімге толы ата-әжелеріміздің институты болмақ. Оған дәлел ретінде еліміздің жарқын болашағы үшін бар күш-жігерлерін халық мүддесіне деп күн мен түн демей ереңбей еңбек қылып, сұрқия да сұм жауға қарсы тұрып жандарын қиған кешегі ел азаматтардың көкірек оятар алғашқы мектебі осы ата-әже болғанды. Қазақтың Гомері атанган ақын Мұқағали:
«Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да,
Айтысың да басылмас, ылаңың да.
Араздасып ағайын кетер еді,
Бір қария болмаса бір ауылда»- деп қоғамдағы данагөй қарияларымыздың орнын дәлме-дәл дөп басып айтып кеткен. Өкінішке орай қазіргі уақытта бұл институттың шаңырағы шайқалып, қабырғасы қайысқан кезін кешіп, жоғалу үстінде тұрмыз. Әрине біреудің хақысына кіріп оны сөгу құқысызбыз,

Дана Абай айтпақшы «… Керегі жоқ десе, өз сөзім – өзімдікі».Ата-әже институтының құлдырап безуінің бірде-бір себебі, қазіргі ақ сақалды қария мен ақ жаулықты әжелер бала тәрбиесін өз қолына алудан бұрын заманға сай деген тұрпайы ұранға ілігіп, сән салондарынан шықпай, жастарға еліктеймін деп неше-түрлі көйлек киіп тіпті саусақтарындағы тырнақтарын да бояп, той-думаннан қалыспай жөні жоқ, ұяты мол билерге қатысқан заманды. Кішкентай бүлдіршіндер әйтеуір мазамды ала бермесін деп қолдарына смартфондарды ұстатып сонымен тән рахатына бөленіп жатқан ата-әжемідің күй осы болмақ. Һәм жаудың бетін қайтара білген қабырғасын майыстырған даңтқы қолбасшы Бауыржан Момышұлының сөзі еріксіз еске түседі:

«Мен үш нәрседен қорқамын. Өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан, өзінің немересіне ертегі айта алмаған ата мен әжеден, екі қазақтың бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын» деген екен. Кәлимасын аузынан тастамаған, қылышынан қызыл қан ағызған кеңес үкіметінің жауыздыққа толы саясатына қарамастан бес уақыт намазын қаза қалдырамаған, соңғы демі кетпейінше «Құдайдың құлымын. Мұхаммедтің үмбетімін. Шариғаттың досымын. Құдай бар. Пайғамбар хақ. Құран шын» деген ата-әжелерміз барсакелмеске кеткені ме сонда?! Һәм бұл институттың бізге қалдырып кеткен бұл жалғаннан шексіз есе қымбат тұратын 3 мұраны айта кеткен жөн, алғашқысы – төл салт-дәстүрмізбен сан ғасырлар бойы сіңісе білген Ислам діннің дәріптеуі болмақ. Өз басыма келсек, бала кезімнен марқұм әжем маған тасбих тарту мен кәлима-шаһаданы үйреткенді. Раббымыз Жалғыз Алла және де пайғамбарымыз Мұстафа Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) екендігін мына жастайымнан айтып келгенді. Осылайша асыл дініміз — Ислам жайлы әжем арқылы таныстым. Екіншісі — қазақы дәріпі мол аңыз-ертегілер мен бесік жырларын бөлдіршенге бар ыждаһатарымен айтуы. Бала кішкентай жасынан әжесі айтып кеткен кешегі батырлар мен хандар туралы аңыз-ертегілерді естіп, өсе келе қазақы болмасынан осынау жаһандану үрдісінен сақталып қалады және де саналы, тәрбиелі әрі көргенді болып өсері ақиқат. Тіпті қойса сәбиге балабақшаға бармай, ата-әжесінің қолында өскені мың есе артық. Көріп тұрғанымыздай бәріде болмаса да балабақшаға бармастан, тілі ерте шығып, әріп таныған жандар бар. Үшінші – үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету сипаты. Өмір талқысын бар мойындарымен арпалап, тауқыметіне еш мойсұнбастан, бақыт жолында күресе білген ата-әжелеріміз ең басты қағиданы яғни адамгершілік қасиетті дарытуға мол үлесін қоса білген данагөй мейірбан жандар еді. Ата-әжесінің қолында өскен бала, ешуақытта ар-ождан аттамай, кісі хақысына кірмей өскен толық адам болып шығатынына күмән жоқ. Оған тағы бір дәлел ретінде қара сөзімен қара халықты оята білген Абайдың әжесі Зеренің қолында өсіп жетілуі және де шоқ жұлдыздай жарқырап жоқ болып кеткен ғалым Шоқан Уәлиханұлының Айғаным әжесінен тәлім-тәрбиені алуы. Байқап тұрғанымыздай, қазақтың бетке ұстар азаматтары ата-әже институтының түлектері. Елдің ертеңгі болашақ бағдары “жақсыдан жирен, жаманнан без” деген ақылгөй де парассаты жандар арқылы өлшенбек. Сөзімді мәнісі мұхит тұңғиығынан терең халық даналағымен аяқтаймын:

“Әке көрген оқ жанар,
Шеше көрген тон пішер”

Көшербай Ануар

Оқылып жатыр

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025354 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.