- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: asylbek
Мемлекеттік тіл халқымыздын рухани тұғыры. Әр өркениетті елдерде мемлекеттік тілді білу міндет.Республика көлеміндегі әрбір мектепте Қазақ тілі міндетті пән ретінде 11жыл бойы оқытылады.Оған қоса жоғарғы оқу орнында алғашқы жылында міндетті пән ретінде оқығанымен,бірақта қарым-қатынаста қолдана алатын денгейде менгере алмаған болып шығады.Сонда қаншама жылдар бойы осы пәнді оқытуға мемлекеттен бөлінген қаржы далаға кеткені ме? Оқулықта халықаралық стандартқа сай,әдістеме де жанаша,тіл үйренудің СЕFR деп аталатын жалпы еуропалық тіл құзреттілігің бағалау жүиесі бар біріншіден ақырғы сыныпқа дейін қазақ тілін тек осы әдістеме негізінде жүйелеп,денгейлеп оқыту қарастырылған.Бірақ қазақша қойылған қарапайым сұрағымызға да оқушы жауап бермек түгілі,тым болмаса түсінетін денгеиде біліп шықпады.Неге бұлай деген…
Біздің мемлекетте халыққа қаржыны бөлу жағынан аса қиындық жоқ. Ақша бөлінсе, оны жесін деп бөлмейді ғой. Ел басына күн туса, блогерлердің, қоғам белсенділерінің, ел алдында жүрген адамдардың сөзіне еріп, халық өз-өзін құтқаруға жанталасады. Бұл – жақсы, әрине. Бірақ бір өкініштісі, ТЖ уақытында сол бөлінген ақшаны орынды жұмсап, басқара алатын адам жоқтың қасы. Біздің министрліктердің бар ойы – сол бөлінген қаржыны оңды-солды шашып, игерді деген атағын алу ғана ма? Егер бөлінген қаржы артылып қалса, қайтадан елге қайтаруға,өткізуге болмай ма? Менің ойымша, артылып қалған қаражатты қайта өткізуден, артық сұрақ туындатпай, оңды-солды шашып, игере салу әлдеқайда оңай сияқты. Содан болар, Астанада…
Желіде қазаға байланысты көңiл айтқанда «иманды болсын деп айту — дұрыс емес» деген пікірлер кездеседі. Қайтыс болған адамға «марқұм» деп айту және жақыны өмірден өткен адамға көңіл айтқанда «иманды болсын» деу дұрыс па? Бұл сөздердің мағынасы қандай? Қазақтар ертеде көңіл айтқанда қандай сөздер айтқан? Бұл сұрақтарға ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы және этнограф Болат Бопайұлы жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы қазаға байланысты көңiл айтқанда «иманды болсын» деп бекер айтылмайтынын түсіндіріп берді. «Адам баласы мына өмірде әрбір жасаған ісі үшін жауап береді. Егер ол Алланы риза ететін іс жасаса, еселеген сауаптарға бөленеді. Ал егер Алланың…
Ауылды гүлдендіреміз десек, ауыл шаруашылығын қажетті мамандармен қамтамасыз ету қажет. Қазақстанда бюджет қаржысына білдей 13 жоғары оқу орны «агроном» мен «ветеринар» даярлайды екен. Онда неге ауыл кәсіпкерлері бұл мамандарды күндіз шаммен іздеп таппай жатыр? Біріншіден, депутаттардың мәліметінше, «ауылдық квотамен» түскен студенттердің ішінен тек әрбір төртіншісі диплом алуға – мәреге дейін жетеді екен. Қалғандарының ғылымды тәрк етуінің түрлі себебі бар, негізгісі – баспанасыздық, жатақхана жетіспеуі, елді қымбатшылық жайлауы салдарынан тапқан қаражатының тамағына жетпеуі. Екіншіден, тіпті ЖОО бітіргендерінің көбісі ауылға қайтпайды. Түлектердің көпшілігі алған біліктілігіне сәй орын таппаса да, кез келген жұмысқа орналасып қалалық ортада қалуды қалайды. Неге қолында қолақпандай дипломы бар…
ҚР Бас прокуратурасы 2022 жылдың қаңтар айында болған оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады, деп жазады Egemen.kz. «2024 жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеліп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды. Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚІЖК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен…
Олжас Бектенов: Қабылданған шаралардың арқасында БҚО-ны жойқын су тасқынынан сақтай алдық. Келесі міндет – Атырауды қорғау Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов еліміздің батысындағы су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді, онда өңірді ауқымды тасқыннан қорғау мақсатында ұзақ уақыт бойы күшейтілген жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қазақтың мергендік өнеріне қатысты қару-жарақ атаулары арасында «әндіген» сөзі көп кездеседі. Мысалы, Ақтамберді жыраудың «Тобықшық толы әндіген, Толтыра тартар ма екенбіз» деген сөз тіркесі бар. Бір қызығы, күні бүгінге дейін біз «әндіген» не зат екенін басып айта алмай жүрміз. Оған себеп, әндіген бірде садақ оғының атауы ретінде айтылса, келесі бір деректе басқа мағына да беріліп жүр. Осы орайда, қазақтың көне сөздерінің білгірі Бодаухан Тохан 2016 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі көне және сирек қолданыстағы сөздердің түсіндірме сөздігі» атты еңбегінде: «Әндіген – жаугершілікте пайдаланылатын ағаштан жасалған баулы ыдыс, саптыаяқ» деген анықтама беріпті. Ең дұрысы осы. Демек әндіген – қорамсақтың бір түрі.…
Лев Толстой – өмір бақи өзімен күресіп өткен жан. Пенделік мүсінінен кісілік қашалғанша, жазушы жаны маза таппаған. Күнделіктерінде өзін жермен-жексен етеді. Мұның бәрі, әрине, өзін тәрбиелеудің амалы. Ақылдың кермесіне ат байлаған ақсақалдың мына бір әдетін біз де үйренсек ғажап болар Жазушының мынадай қызық әрекеті болыпты. Егер оның көзінше әлдекім біреуді «ақымақ», «оңбаған» деп балағаттай бастаса, «сенен де өткен ақымақ па?» яки «сенен де өткен оңбаған ба?» деп өзіне сұрақ қояды екен. Осы тәжірибесін ол өзінің балаларына да тәрбие ретінде қолданып отырған. Кішкентай қызы Татьяна күні-бойғы қызықтарын айтып, соңында «сүйкімсіздеу» бір баланы көріп қалғанын жеткізгенде, әкесі ескі әдетінше анықтап: «Иә, сенен…
Америкалық ғалымдар қысқа мерзімде тұрғын үй салуға мүмкіндік беретін үш өлшемді принтер жасады. Бұл туралы Мэн университетінің сайтында хабарланған. Өнеркәсіптік принтер «Болашақ фабрикасы 1.0» деп аталды. Ол ұзындығы 30 метр, ені 10 метр және биіктігі 5,5 метрге дейінгі нысан басып шығара алады. Машинаның өнімділігі сағатына 227 килограмға дейін дайын материалды құрайды. Ғалымдар бірқабатты шағын үйді принтер шамамен 80 сағатта тұрғыза алатынын айтты. Принтер салатын үйлердің материалдары қайта өңдеуге жарамды. Ол табиғи материалдардан жасағанды құп көреді. Волан-де-Морт Ғалымдар бірегей тіршілік иесін тауып, оған ерекше атау берді. Жәндіктің жаңа түрі Аустралияда, Пилбара аймағында табылды. Ғалымдар оны «Гарри Поттер» кейіпкерінің есімімен атады.…
1916 жылдан 1956 жылға дейінгі 40 жыл! Қараңыз, осы жылдар ішінде не болып, не қоймаған? Қазақ үшін бұл аса ауыр кезең болыпты. Осы 40 жыл ішінде қазақ қазақ болғалы көрмегенді көріпті. Ұлт-азаттық көтерілісті де, ақсүйек ашаршылықты да, қарғыс атқыр репрессияны да, ұлы ойран соғысты да көріпті. Бұл қаралы 40 жыл, сөйтіп, сталинизмді әшкерелеген 1956 жылғы ХХ съезге дейін созылыпты. Осы бір тасбауыр кезеңге тап келген аға ұрпақ тағдыры аянышты. Сол аға ұрпақтың бірі тірі жүрсе бүгіндері 90-ға толатын бүгінгі әңгімеміздің арқауы – ақын Сағи Жиенбаев. Сағи аға 1934 жылы 15 мамырда Ақтөбенің Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында дүниеге келіпті. Үш жасында…