- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
- Жамбыл облысында 24 полигон рұқсатсыз жұмыс істеген
- «Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты
- Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 миллион теңге жымқырған
- Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған ресейлік 11 жылға сотталды
- Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
Автор: asylbek
126 млн теңгенің жерін 1 млрд-қа алмақ болған. Неге қателесті? ГРЭС-3-ке бөлінетін учаске бағасын қаладағы жер бағасымен есептеген. Ал ГРЭС-3 қала сыртында болады. Іске прокуратура араласты.
ЕЭК алқасының төрағасы Моңғолия премьер-министрінің орынбасарымен кездесті. Алқа төрағасы ЕАЭО мүше мемлекеттер Моңғолиямен өзара ынтымақтастықты арттыруды қарастыратынын айтты. ЕЭК пен Моңғолия арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум 2015 жылы жасалған.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 78 кәсіпорны 7,1 мың жұмыскерге 1,1 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 105 нұсқама беріліп, 9,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 529 млн теңге төленді.
Қостанай облысының прокуратурасымен тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет пен өзге де өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды ұрлау схемасы анықталды. Бұрынғы «Н» жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды. Бұл ақша қаражаттары – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде ел экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың өзекті мәселелері тақырыбында кеңейтілген тақырыптық отырыс өтті. Жиынға комитет төрайымы Айгүл Құспан жетекшілік етті. Сыртқы істер вице-министрі Назира Нұрбаева экономиканың негізгі салаларына шетелдік инвесторлар тартуды көздейтін 68 инвестициялық бағдарлама бекітілгенін айтты. Ұлттық экономика министрінің орынбасары Бауыржан Құдайбергенов пилоттық режимде инвестицияларды қолдау шараларына сұраныстар қабылдайтын Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа жұмыс істейтінін атап өтті. Ол биыл мамыр айынан бастап толық іске қосылады. Ал Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Ризат Смағұлов ақпараттық жүйелерді пайдаланып, инвесторлардың проблемаларын жүйелі шешу үшін жаңа құралдарды енгізуге кіріскенін жеткізді. Баяндамаларды тыңдаған соң…
Sputnik. Жамбыл мен Жетісу облыстарында шаруалардың мыңдаған тонна жүгерілері өтпей жатыр. Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі білді. Жетісу облысында былтыр 57 мың гектарға жүгері егілген. Одан 391 мың тоннадан астам өнім алынған. Биылғы бірінші қаңтарға дейін 104 мың тонна жүгері өтпей қалған. «Биыл бірінші қаңтарда өткізілмеген 104 мың тонна жүгерінің қоймалар мен қырмандарда қазіргі күні қалғаны 48435 тонна. Облыстағы қоймаларда 41429 тонна, ал қырмандарда 7006 тонна жүгері бар», — дейді Жетісу облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев. Кененбаевтың айтуынша, жүгеріні өткізу үшін республикалық жұмыс тобы құрылған. «Қазіргі кезде «Іргетас Трейд» компаниясы жүгеріні қабылдап жатыр. Наурызда Ескелді және Сарқан аудандары шаруашылықтарының қоймасынан 490…
Екібастұз әкімдігі МАЭС-3 учаскелеріне 126 млн орнына 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсамақ болды Екібастұз қаласының әкімдігі ауылдық аймақтағы ауданы 25 га және 5 га екі учаскеге бағалау жүргізген, алайда ұқсас жер үшін құны едәуір жоғары қалалық жерлердің бағалары пайдаланылған. Соның кесірінен нақты құны 126 млн болатын екі учаске бюджетке 1 001 197 999 теңгеге шығын келтіре жаздады, — делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінім кері қайтарып алынды. Учаскелердің иелерімен оларды сатып алу туралы келісімдер бұзылды, кінәлі лауазымды тұлғалар жазаланды.
«Қазақмыс» компаниясы заң басқармасының бөлім басшысы ұсталды Қарағанды облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Заң қызметі департаменті орталық аймақтық заң басқармасының келісімшарт және талап-арыздар бөлімінің бастығы Азат Жұмабаевты ұстады. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі («Бопсалау») бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінген.
«Ақша да жоқ, мал да жоқ»: шетел компаниялары қазақ фермерлерін қалай «лақтырды» Мәжілісте шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері талқыланған. Отырыста сөз алған төменгі палатаның аграрлық комитетінің мүшесі Нұржан Әшімбетов Қазақстанның фермерлерін алдап кететін инвесторлар жайлы сөз қозғады. «Бізде осыдан бірнеше жыл бұрын ет шаруашылығын дамыту бағдарламасы іске қосылып, сол бағытта мемлекеттен көп қаражат бөлінді. Сол бағдарлама шеңберінде шетелден асыл тұқымды ірі қараны әкелу жоспарланған. Кейбір шаруашылықтар жақсы жұмыс істеді-ақ, бірақ 2020 жылы Ресейдің Татарстанынан «Комагро» деген компания біздің ауыл шаруашылығы министрлігіне келіп, фермерлерді жинап, асыл тұқымды малды әкелеміз деп уәде берді. Фермерлер алдын ала төлем жасаған. Енді содан бері фермерлер ақшасын…
Жетісуда киік мүйіздерін алып заңсыз әкетпек болғандардың жолы кесілді Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі қосалқы дөңгелекте 205 дана ақбөкен мүйізін алып өтпек болған. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. 2024 жылдың 13 наурызында Қытаймен шекарада кедендік бақылау кезінде Жетісу облысы бойынша «Қорғас ХШЫО» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, «Toyota» автокөлігін басқарған Қазақстан Республикасының азаматы «С» кедендік бақылаудан қосалқы дөңгелекте жасырылған «киік мүйіздері» анықталды. Заң бұзушылық жүргізушімен әңгімелесу және көлік құралын тексеру барысында анықталды. Бұл көлік Қазақстан Республикасынан «Қорғас ХШЫО» АЭА аумағына келе жатқан. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген процессуалдық…