• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жамбыл мен Жетісу облыстарында бірнеше мыңдаған тонна жүгері өтпей тұр

Жамбыл мен Жетісу облыстарында бірнеше мыңдаған тонна жүгері өтпей тұр

14 марта, 2024 Жаңалықтар
Sputnik. Жамбыл мен Жетісу облыстарында шаруалардың мыңдаған тонна жүгерілері өтпей жатыр. Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі білді.
Жетісу облысында былтыр 57 мың гектарға жүгері егілген. Одан 391 мың тоннадан астам өнім алынған. Биылғы бірінші қаңтарға дейін 104 мың тонна жүгері өтпей қалған.
«Биыл бірінші қаңтарда өткізілмеген 104 мың тонна жүгерінің қоймалар мен қырмандарда қазіргі күні қалғаны 48435 тонна. Облыстағы қоймаларда 41429 тонна, ал қырмандарда 7006 тонна жүгері бар», — дейді Жетісу облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.
Кененбаевтың айтуынша, жүгеріні өткізу үшін республикалық жұмыс тобы құрылған.
«Қазіргі кезде «Іргетас Трейд» компаниясы жүгеріні қабылдап жатыр. Наурызда Ескелді және Сарқан аудандары шаруашылықтарының қоймасынан 490 тонна жүгері қабылдады. Жалпы осы компания 6,4 мың тонна жүгері алды, бұл жұмыс әлі де жалғасын табады», — дейді Нұрдәулет Кененбаев.
Бұнымен қоса Жаркенттегі крахмал-сірне зауыты да жүгеріні қабылдап жатқан көрінеді. Мұндағы өткізілген жүгерінің жалпы көлемі 12,4 мың тонна.
Ал Жамбыл облысы Қордай ауданы да жүгеріні өткізе алмай әбігер болып жүр.
«Жалпы 8000 гектарға жүгері еккенбіз. Бірақ су тапшылығына байланысты 2840 га жер есептен шығып қалды. Қалған 5240 га алқаптан орташа есеппен барлығы 34 мың тонна жүгері алынды», — дейді Қордай аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалымжан Оспанов.
Кезінде килограмы 110 — 120 теңгеден, тіпті 150 теңгеден сатылған жүгерінің Қордайдағы қазіргі бағасы небәрі 65 теңге. Соның өзін өткізу мұң болып тұр.
«Қазіргі күні жүгерімен айналысқан бір шаруаның өзінде мыңдаған тонна жүгері тұр. Бұрын Шымкенттің кәсіпкерлері келіп алатын, сосын Алматы облысы Шамалғанның кәсіпкерлері қабылдайтын. Бірақ олар да бағаны аз ұсынатындықтан шаруалар сатуға құлықсыз. Құс фабрикаларынан да жүгеріге деген сұраныс азайып кетті», — дейді бөлім басшысы.
Қазіргі күні Қордай ауданында кемінде 5 мың тонна жүгері бар дейді мамандар. Жүгерінің бір жақсысы кептіріліп, жақсы сақталса біраз жылға азық. Кеміргіштер мен құстарға жем болмайды. Шаруаларға бұл да медет, өйткені келесі астық піскенше әупірімдеп өткізіп, пайдасын көруге болады. Ал қазірге мыңдаған тонна жүгеріге тек мал бордақылайтындардан ғана сұраныс түсіп тұр.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.