Автор: asylbek

Астана су қоймасына қосымша су жіберу үшін құрылыс нысанының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Мұнда Есіл өзенінің арнасы арқылы Қ.Сәтбаев атындағы каналдан жіберілген су келеді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Жоба аясында Есіл өзені арнасының түбін тазарту және тереңдету, сондай-ақ «Астана Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнының сорғы станциясына дейін тірек құрылысы мен құбыр желісін салу қарастырылған. Бұдан бөлек, Астана су қоймасы тұнбадан тазартылмақ. Жұмыс қорытындысы бойынша су қоймасының көлемін 410,9 млн текше метрге (немесе 410,9 млн тоннаға) дейін ұлғайту жоспарланып отыр. «Астана тұрғындарының көбеюіне байланысты елорданы сумен жабдықтау қажеттілігі де артып отыр. Қазақстанның су заңнамасы бірнеше қағидатқа негізделеді. Оның…

Толығырақ

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Кентау қаласындағы жылу орталығы мен трансформатор зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz. 1934 жылы салынған Кентау ЖЭО – қала тұрғындарын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін стратегиялық нысан. Мұндағы жабдықтың тозу деңгейі 87%-ды құрайды. Аталған нысанда соңғы рет күрделі жөндеу 10 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кентау тұрғындарын және әлеуметтік нысандарды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Кентау қ. ЖЭО «№7,8,9,10,11,12 қазандықтарын күрделі жөндеу» жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Бұған дейін демеушілер есебінен ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын жылу магистралі, төрт қазандық жөнделді. Биылғы сәуір айында қалған…

Толығырақ

ESG — Environmental, Social, and Governance – стандарттарымен  жұмыс жасау туралы Президент нақты тапсырма берген.  Өкінішке орай, тапсырма орындалмады. Бұл туралы «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі, эколог Азаматхан Әміртаев Атырау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың секциясында сөйлеген сөзінде айтты. Оның айтуынша,  «БҰҰ ірі әлемдік компанияларды осы қағидаларды өз стратегияларына енгізуге шақырды. Шын мәнінде, бұл қоршаған ортаға қамқорлық, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқарудың жоғары сапасы сияқты қағидаттарға құрылған коммерциялық қызметтің тұрақты дамуын қадағалайтын стартегиялық бағыт. Бізде 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы қабылданды. Оған сәйкес бүкіл ел бойынша жасыл экологияны  қаржыландырудың ESG-тәжірибелері мен үрдістеріне, яғни экологиялық деректемелер мен бизнеске тартылған…

Толығырақ

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады Берік Асылов:  еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттарына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді;  құқықтық көмек көрсету және шетелде жасырынған қылмыскерлерді іздестіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың нәтижелерін баяндады. Бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, сот төрелігін жүзеге асыру үшін Қазақстанға қайтарылған;  активтерді қайтару мәселесі бойынша Еуропа Кеңесі, Интерпол, ЭЫДҰ және ЕҚЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдармен өзара түсіністікке қол жеткізілгені жайында мәлімет берді;  ел экономикасына 2,7 триллион теңге салған 220 инвесторға құқықтық көмек көрсетілгенін айтты. Аталған жұмыстың нәтижесінде инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімі арта түскен;  еліміздегі криминогендік ахуал және…

Толығырақ

KAZINFORM – Креативті индустрия өкілдері үшін арнайы салықтық жеңілдіктер енгізілген. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық құрылтайдың «Мәдениет. Өнер. Руханият» жұмыс секциясының жиынында хабарлады. Министрдің айтуынша, креативті индустрия қызметінің 40 түрі енді бөлшек салықтың арнайы салық режимі бойынша жұмыс істей алады. «Креативті бизнес жеке табыс, қосылған құн және корпоротивтік табыс салықтарынан босатылады. Жеке кәсіпкер үшін 2-ден 4%-ға дейін, ЖШС үшін 8%-ға дейін бірыңғай салық төлейтін болады. Ал, мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама шеңберінде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5% жеңілдікпен несие беру енгізіліп отыр. Осы кезге дейін 26 млрд теңгенің 5,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылды.…

Толығырақ

Автомобиль жолдарында 10 учаскені су басты Оның ішінде біреуі республикалық маңызы бар жол, облыстық және жергілікті маңызы бар 9 жол учаскесі, сондай-ақ жергілікті маңызы бар бір автожол учаскесін су шайуы тіркелді. Қазіргі таңда жолдарда жағдай тұрақталды. Зардап шеккендер жоқ, барлық елді мекендерде көлік қатынасы бар. «Су басуға табиғи факторлардан басқа су бұру арналарының, арықтардың, зардап шеккен елді мекендер ішінде арық-дренаж жүйесінің болмауы немесе өткізу қабілеттілігінің төмендігі ықпал етті. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен су басу қаупін азайту бойынша жедел шаралар қабылданды. 89 мың текше метрден астам су тартылып, уақытша бөгет ретінде 2140-тан астам қап төселді», – деді ҚР ТЖМ…

Толығырақ

Мәжілісте Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен тақырыптық  отырыс өтті. Онда еліміздің оңтүстік өңірлерін алдағы суару маусымына дайындау мәселелері талқыланды. Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаевтың айтуынша, республикада он жылға белгіленген су пайдалану лимиті бар. 2016-2025 жылдарға арналған лимит 28,6 текше километрді құрайды. Суды ең көп тұтынатын сала – ауыл шаруашылығы, оған барлық судың 65% астамы жұмсалады. Суармалы судың негізгі бөлігін оңтүстіктегі 5 облыс тұтынады. Олар: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары. Алайда Түркістан және Қызылорда облыстарында бірқатар мәселе туындауы мүмкін. Сондықтан облыс әкімдіктеріне күріш дақылын алып тастау ұсынылады. Сондай-ақ озық су үнемдеу…

Толығырақ

Қазгидромет: наурыз айының соңына қарай ауа температурасының фоны көтеріліп, су басу қаупіне әкеледі Бүгінгі таңда Қазақстанның қар жамылғысының ауданы 72%-дан 66%-ға дейін азайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров хабарлады. 16-19 наурыз аралығында жауын-шашынсыз ауа райы, және температураның жоғарылауы болжанады. Наурыздың үшінші онкүндігінде ҚР басым бөлігінде, батыс өңірлерін есептемегенде, қар, бұрқасын, екпінді жел болжанады. «Қазгидромет мамандарының бағалауы бойынша наурыз айының соңына қарай ауа температурасының фоны көтеріліп, қарқынды қардың еруіне және су басу қаупіне әкеледі. Сонымен қатар РФ шекаралас аймақтарға, атап айтқанда, Жайық өзені мен оның салаларына, Тобылдың алаптарына ерекше назар аудару…

Толығырақ

Елімізде жастарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынуы мүмкін Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар энергетикалық сусындарды сатуды 21 жасқа дейін шектеу мәселесін көтерді. «Ұлт қауіпсіздігінің негізгі стратегиясының бірі – ұлт денсаулығы. Өскелең ұрпақтың денсаулығы – ұлт болашағы. Бүгін Сенатта қаралған заңды осыған дейін талқылау барысында депутаттар балалар мен жасөспірімдерге энергетикалық сусындарды сатуды 21 жасқа дейін шектеуге және заңды қатаңдатуға қатысты ұсыныстар болды. Себебі, энергетикалық сусындар жүрек-қан тамырлары, қант диабеті, бүйрек, жүйке тамырлары ауырларына алып келеді. Жүкті әйелдерге де кері әсер етеді. Адамда қорқыныш, үрей пайда болады. Психологиялық және физикалық тәуелділікке алып келеді. Біз ұсынған түзетулер белгілі бір дәрежеде бизнесті шектейтін түсінеміз.…

Толығырақ

Атырауда өтіп жатқан үшінші Ұлттық құрылтайдың секциялық жұмысына қатысқан «Байтақ» жасылдар» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев қоғамды алаңдатқан экология мәселелерін көтерді. Партия басшысы А.Әміртаев елімізде тау-кен, мұнай т.б салаларда жұмыс жасап жатқан компаниялардың мемлекетке төлеп жатқан эмиссиялық салықтарының аздығын сөз етті. Азаматхан Әміртаев өз сөзінде: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология мәселесін сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі ретінде белгіледі. Алайда, бұл мәселеге келгенде Үкіметте нақты зерттеу, зерделеу жұмыстары жүргізілмей отыр. Нақты айтар болсам, салық кодексінде  қоршаған ортаны ластағаны үшін салынатын эмиссиялық салықтың 16 түрін көрсеткен. Шын мәнінде оның көрсеткіштері 600-ден асады. Салық кодексінде масса көбейтілген төлем мөлшері деген түсінік бар. Бір қызығы…

Толығырақ