Автор: asylbek

Тергеу аяқталды: Қаратау кенішіндегі уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту кезінде 862 млн теңге жымқырылды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС бұрынғы басшылығына, «Iri building» ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс қарау үшін сотқа жіберілді. «Iri building» ЖШС-нің нақты иесі іздеуде.

Толығырақ

Биылдан бастап Ресейде «адыраспан» тыйым салынған өсімдіктер тізіміне енді. Қазақстанның ішкі істер министрлігі осыған орай мәлімдеме жасады. «Адыраспанды Ресейге апарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бір миллион рубльге дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған», — деді ведомство өкілі. Ал аса ірі мөлшерде апарғаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар. Сол үшін шет елдерде тыйым салынған заттар тізіміне енуі мүмкін өсімдіктерді немесе дәрілік заттарды тасымалдау кезінде ерекше сақ болу керек екенін ескертті.

Толығырақ

 Енді ол екі файлдың орнына бір файлдан тұрады, деп хабарлады ұлттық куәландырушы орталығы. Бұрын электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу кезінде қазақстандықтар екі кілт алған: біреуі тіркеу үшін, екіншісі қызмет алу кезінде қол қою үшін пайдаланылды.  E-gov порталындағы «ЭЦҚ-ны қашықтан алу» қызметіне тапсырыс беру арқылы жаңа ЭЦҚ-ны ала аласыз. Ескі ЭЦҚ мерзімнің соңына дейін жарамды болады.

Толығырақ

Ресейлік компаниялардың Қытайда тауар үшін төлем жасау әрекеттері делдалдар нарығын гүлдендіріп жатыр. Себебі жергілікті банктер Батыстың санкцияларына байланысты олармен жұмыс істеуге қорқады. Мұны Reuters агенттігі хабарлады. Оның дерегінше, осы қауіпке байланысты екі жақты транзакциялардың жартысы делдалдардың көмегімен жүзеге асатын болған. АҚШ Қаржы министрлігі болса, Ресеймен арада мұндай төлем жасағандарға санкция қолданатынын ескертті. Осыны ескерген қытайлық банктер ресейлік компаниялармен байланысын шектеп жатыр. Сауда кеңесшілері, банкирлер, импортшылар, экспортшылар аталған агенттікке берген анонимдік сұқбатында айтқандай, транзакциялардың кешеуілдеуі кәсіпорындарды делдалдардан көмек сұрауға мәжбүрлеп отыр. Делдалдар болса, екі жақ арасында ақша аударуға көмектескені үшін үлкен комиссия алады және де олардың мұндай жәрдемінен кейін тиелген тауардың…

Толығырақ

Кито проблеманы шешу үшін Мәскеуге тек бір апта уақыт берді. Эквадорда былтыр басталған энергетикалық күйзеліс күрт күшейді. Бұл түйткілді жаңадан салынып жатқан елдегі ең ірі гидроэлектр станциясы жылдам шешуге тиіс еді. Шешпей, проблеманың күрт ушығуына ықпал етті. Станция құрылысы былтыр бітіп, стратегиялық нысан биылдан іске қосылуға тиіс болатын. Бірақ Эквадорды «қырсық» шалды: ол ірі ГЭС құрылысын Ресейге табыстаған болатын. Ресей болса, ғаламат санкциялардың астында қалды. Содан ресейліктер әрнені сылтауратып, станцияны қолданысқа беру үшін қажетті жабдықтарды сол бойы жеткізбеді. Оның созбалаңға салғанына он жылдан астам уақыт өтті. Шет-шегі көрінер емес. «Тоачи Пилатон – Эквадор Республикасы үкіметінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Эквадордағы…

Толығырақ

Бұны Ресейдің «Транснефть» компаниясы ескертті. Ресей Қазақстанның Германияға мұнай транзиті маусым айында төлем проблемасына байланысты тоқтауы мүмкін екенін ескертті. Мұны «Рейтер» агенттігі «Транснефть» компаниясына сілтеме жасап бейсенбі күні хабарлады. Айта кету керек, Қазақстан экспортының көп бөлігі – тәулігіне 1,5 миллион баррель немесе жаһандық жеткізудің 1,5 пайызы – ресейлік әртүрлі құбырлар арқылы өтеді. «Транснефть» тәулігіне 2 миллион баррель мұнай тасымалдауға қабілетті әлемдегі ең ірі құбырлардың бірі «Дружбаны» басқарады. Ресей мен Украина соғысы басталғаннан кейін Еуроодақ ресейлік мұнайды сатып алудан бас тартты. Содан бері «Дружба» арқылы өтетін ағын күрт азайған. Германиямен Польша, Беларусь арқылы байланысатын «Дружба» жүйесінің солтүстік бөлігі бүгінде Берлинді қажетті отынмен қамтамасыз ететін Шведт мұнай…

Толығырақ

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады. Бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды, оның аясында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін…

Толығырақ

Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің екі бірдей баласы асылып қалды. Оқиға Айыртау ауданында болған. 28 сәуір күні 22 жастағы келіншек қораға барып асылып қалған. Мұны көрген оның 17 жастағы інісі орманға кетіп, ол да өзіне қол салған. «Айыртау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне ауданның екі тұрғыны суицид жасады деген хабарлама түсті. Қазір өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», — деді СҚО полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер. Келіншектің артында 1,5 жастағы баласы қалды. Бұған дейін мәйітхана күзетшісі некрофилия жасады деген күдікке ілінгенін айтқан едік.

Толығырақ

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде утильалымға қатысты өзгеріс болмайтынын айтты. Бұған дейін депутаттар утильалым сомасын азайту ұсынысын бірнеше рет жариялаған еді. «Мемлекетте утильалымды өзгерту үшін ешқандай жоспар жоқ. Бұл мәселе жиі көтеріліп жатыр. Қазір кезде бұл бағытта қандай да бір түзету қарастырылмаған», — деді Қ. Шарлапаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Жақында Сенаттың жалпы отырысында депутат Бекбол Орынбасаров еліміздің автопаркін жаңартудағы проблемаларды жария етті. Қазақстан азаматтары үшін импортпен келетін автомобильдің бағасы тым жоғары. Оған кедендік алымдар, кәдеге жарату төлемдері (утильалым) және алғашқы тіркеу төлемдері себеп болған. Осыған дейін Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев утильалым бағасын төмендетуді ұсынған еді.

Толығырақ

Мемлекеттік қолдауға қарамастан, машина жасау саласында тиісті көрсеткіштер орындалмаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов айтты. «Машина жасау саласына да қомақты қаражат бөлініп жатыр. Соңғы үш жылда бұл бағытқа әртүрлі қаражат көздерінен республикалық бюджеттің 285 млрд теңгесі бөлінді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша шағын тораптық тәсілмен тек 13 мың автомобиль шығарылды, бұл 2023 жылғы шығарылған жалпы көлемінің 9,7% ғана. Қалғандары баяғы «отверточная сборка» негізінде құрастыру болды, яғни бұл үрдіс біздің автоөнеркәсіптің әдетіне айналып барады. Негізгі локализацияға көңіл бөлінбейді. Мұндай мемлекеттік қолдау кезінде тиімділік әлдеқайда жоғары болуы керек деп санаймыз», — деді Н. Сабильянов Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында. Оның айтуынша, өнеркәсіпті дамыту…

Толығырақ