Автор: asylbek

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Физули қаласындағы орталық аурухананың құрылыс алаңын аралап көрді ➤ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Физули қаласындағы орталық аурухана құрылысының жоспарымен танысты. ➤ Келешекте бой көтеретін медициналық мекеме 180 төсек-орынға есептелген. Ғимараттың жалпы ауданы 34 мың шаршы метрден асады. ➤ Ауруханада стационарлық қызмет көрсететін кардиология, неврология, гинекология, анестезиология-реанимация, гемодиализ, терапия, хирургия, травматология-ортопедия, босану және жұқпалы аурулар бөлімдерін, сондай-ақ офтальмология, педиатрия және ЛОР кафедраларын ашу жоспарланып отыр. ➤ Ал амбулаториялық режимде науқастарға кеңес беретін емхана бөлімі, балалар емханасы, рентген диагностикасы, функционалдық диагностика, физиотерапия және медициналық оңалту бөлімдері қызмет көрсетпек. Сонымен қатар клиникалық-диагностикалық зертхана, жедел жәрдем станциясы, гигиена және…

Толығырақ

Антикор Төрағасы А. Жұмағали Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының курсанттарымен кездесті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіптік даярлықтың үшінші легінің тыңдаушыларымен кездесті. Әңгімелесу барысында Агенттік Төрағасы органның қызметіне және елдегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан жүйелі шараларға тоқталды. Ол мемлекеттік органдардың қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және талдау мәселелеріне, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы ағарту және қоғамда жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыстарға ерекше назар аударды. Сондай-ақ, А. Жұмағали заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару және жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әлемдік стандарттары енгізілетін заңнамалық бастамаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар…

Толығырақ

Қазақстандағы сирек кездесетін жер элементтерін игеру үшін Британ технологиялары тартылатын болады. Лондонда маңызды минералдар саласында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Алдағы уақытта Қазақстан Ұлыбританиямен бірлесіп, геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу жұмыстарын жүргізбек, деп хабарлайды Kazinform-ның осы елдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Қараманұлы. Мемлекет басшысы Қазақстанның сирек жер металдарын «Жаңа мұнай» деп атап, оларды игеруді үкіметке тапсырған болатын. Маңызды міндетті жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет. Осы мақсатпен Лондонға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі келіп, Ұлыбританияның Бизнес және сауда істері жөніндегі мемлекеттік министрімен кездесті. Қазақстандағы сирек кездесетін жер элементтерін игеру үшін Британ технологиялары тартылатын болады. Лондонда маңызды…

Толығырақ

Мемлекет басшысы Физулиде Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу рәсіміне қатысты Заманауи инновациялық орталық Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазақстандықтардың атынан бауырлас әзербайжан халқына гуманитарлық тарту ретінде қысқа мерзім ішінде салынды. «Бұл – Қазақстан халқының тартуы. Менің жеке тапсырмам бойынша аталған сыйлықты жекеменшік BI Group компаниясы бүкіл халықтың атынан шын жүректен ұсынып отыр. Орталық елдеріміз арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайтуға қызмет етеді деп ойлаймын. Сіздерге табыс пен бақ-береке тілеймін. Әзербайжанның осы қасиетті өлкесі қарыштап дами беретініне сенімдімін», – деді Қазақстан Президенті Физули жұртшылығымен әңгімелесу кезінде. Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша Қазақстан халқына алғыс айтты.

Толығырақ

Пашинян: “Біз ҰҚШҰ (ОДКБ) аясындағы қызметімізді тоқтаттық. Жиындарға, жаттығуларға қатыспайтын болдық. ҰҚШҰ-ның ұйым ретінде жауапкершілігі қай аймақтан басталады? Міне, осы сұрақты қойып отырмыз. Бұл сұраққа Армения көзқарасымен сай келетіндей тұшымды жауап болса, онда мәселені реттелді дей аламыз. Ал жауап болмаса, онда біз ҰҚШҰ(ОДКБ)-дан шығамыз”.

Толығырақ

KAZINFORM – Қазақ бокс тарихында алғаш рет егіз боксшылар бір Олимпиадада екі салмақта ел намысын қорғайды. Бұл туралы KAZINFORM тілшісіне бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтып берді. «Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік іріктеу кезеңінде 80 келіде ел намысын қорғаған Нұрбек Оралбай мен 92 келі салмақтағы Айбек Оралбай екеуі бір үйдің баласы. Нақтырақ айтсам, екеуі бір құрсақты тепкілеп бірге туған егіз боксшылар. Міне, екеуі де ұлттық құрама сапында жаттығып, лицензиялық турнирге бірге барды. Екеуі де жолдамаға қол жеткізді. Осылайша қазақ бокс тарихында тұңғыш рет егіз боксшылар Олимпиадада ел намысын қорғамақ», — деді бас бапкер. Естеріңізге сала кетейік, Айбек Оралбай…

Толығырақ

Qarmet: Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында кенші қаза тапты Qarmet мәліметінше, 12 наурызда түнде компанияның Көмір департаментіне қарасты «Саран» шахтасында монтаждау жұмысының арнайы жабдықты жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, соның салдарынан қаза тапқанын хабарлайды. «Жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды, ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген. Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен», – делінген хабарламада. Qarmet қаза тапқан кеншінің отбасына көңіл айтты.

Толығырақ

«Тағы екі зауыт қайдан шықты?»: Бектенов министрдің баяндамасынан «артық» зауытты байқадыМинистр бүгін үкімет отырысында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі туралы ақпарат берді «Менің сұрағым бар. Маған алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, 35 жаңа зауыт салынады деп еді, ал сіз баяндамаңызда 37 жаңа зауыт салынады деп айттыңыз. Тағы 2 зауыт қайдан қосылды?» — деп сұрады Премьер-министр Нысанбаевтан. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев тағы екі зауыттың Астана қаласынан қосылып отырғанын айтты. «Тағы екеуі Астана қаласынан қосылды. Кешірім сұраймын, кеше баяндамаға қосты. Өткен аптада презентацияға алдын ала беріп қойғанмыз», — дейді Экология министрі.

Толығырақ

«Лексус 570 тәркіленді»: Алматыда ер адам балаларына 63 млн теңге алиментін төлемеген Алматыда жыл басынан бері 10-нан астам борышкердің автокөлігі тәркіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Айдын Қайдаров айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. Алматыда алимент өндіріп алу бойынша 18 мыңнан астам іс орындалып, 10 мамандандырылған кеңсе құрылған. «Алматыдағы ең үлкен алимент бойынша берешек – бүгінде 63 миллион теңге. Борышкерден мүлкі мәжбүрлеп алынып жатыр. Жақында Лексус 570 тәркіленді. Жыл басынан бері 10-нан астам борышкердің автокөлігі тәркіленді», – деді Айдын Қайдаров.

Толығырақ

«Декларация тапсыруды сылтаулатып шақырған»: Салық қызметкері алаяқтық жасаған Бас прокуратура мәлдіметінше, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтаулатып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрде жәбірленушілерге микро-несие рәсімдеп өзінің шоттарына аударған. «Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша («Алаяқтық») қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондықтан, облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажет», — делінген хабарламада.

Толығырақ