Автор: asylbek

Монғол даласын жұт жайлады  Жұт біздің елді ғана емес, малдың жайына қанық Монғолияны да әбден тығырыққа тіреді. Биыл мұнда 1 жарым миллион бас қырылып қалды. Қоян жылы шаруаға қырсыз болды. Малшыға да, малға да оңай емес. Ақ қар, көк мұзыңыз осы. Биыл бұл елде қар қалың түсіп, кей тұста мұз қатқан. Даладағы мал тебіндей алмады.

Толығырақ

Елордалық өрт сөндірушілер әйел адамды құтқарды 7 наурызда елордадалық өрт сөндірушілер Тұран даңғылы 46/4 мекенжайында орналасқан тұрғын үй кешенінің бесінші қабатындағы өртті сөндірді. Пәтерде үй заттары мен жиһаздар өртенген. Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен құтқару маскасы арқылы 1996 ж.т.әйел адам құтқарылды. Оқиға орнында Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 25 жуық адамы және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Толығырақ

Ұлы дала тарихында аты аңызға айналған арулар көп. Ел мүддесі үшін еңбек қылған, оқымысты, зиялы жандарды тек мерекелерде ғана еске алмай, үнемі үлгі тұтып жүруге татиды.   ЕЛ БАСҚАРҒАН БОПАЙ ХАНЫМ Қазақтың баһадүр ханы Әбілқайырдың зайыбы, дүниеге Нұралы, Ералы, Айшуақтай хандарды әкелген алтын құрсақ ана, ұлт тарихында ұмытылмас із қалдырып, өз дәуірінде көрнекті қоғам қайраткері, сарабдал саясатшы да бола біліп, ел билігіне ықпал еткен қазақ әйелі — Бопай ханым. Бопай ханым көзі тірісінде-ақ белгілі мемлекет қайраткері болды, көрші елдермен тату болып, Ресеймен бейбіт қарым-қатынас орнатты, соның арқасында көптеген мәселелерді дипломатиялық жолмен шеше алды. Оның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшасы…

Толығырақ

Германиядағы қазақтар Қазақстанға қайта алмай жүр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 2024 жылдың 7 наурызында Франкфурт әуежайында авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ереуілге шыққан. Соның салдарынан Air Astana ұшағының KС921/KС922 «Астана-Франкфурт-Астана» рейстерінің ұшуы тоқтатылды Компания мәліметінше рейстің тоқтатылуына байланысты барлық жолаушыға хабарлама таратылған. «Әуекомпанияға байланысты емес себептермен рейстердің орындалмағанына және соның салдарынан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Билетті қайтару және қайта брондау туралы сұрақтар бойынша әуекомпанияның call орталығына хабарласып, рейсттің мәртебесін ресми сайтынан тексеруді сұраймыз», — делінген ресми хабарламада.

Толығырақ

«Қыз зорлады» деген күдікке ілінген Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Orda.kz-ке сілтеп.  Полицейді арнайы жасақ күзетуде. Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев 5 наурызда сот залында есінен танып, ауруханаға жеткізілген болатын. Айыпталушының әйелі оған тұрақсыз стенокардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылғанын айтты. «Күйеуім артериялық гипертензия, стенокардия және созылмалы бронхитпен басқа ауруханаға жіберілді. Неге екенін білесіз бе? Кардиологиялық орталықта сотталушыларға арналған арнайы бөлімше жоқ екен», —  деді айыпталушы Күштібаевтың әйелі Ләззат Түкенова. Одан бөлек Күштібаевтың жары күйеуінің денсаулығына алаңдайтынын айтты. «Егер ертең ауруы қайталанып, өлімге әкелсе бұған кім жауап береді? Ең алдымен адамды емдеуге Uиппократ антын…

Толығырақ

KAZINFORM – Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен «Аэрофлот Опен 2024» шахмат фестивалінде әйелдер арасында чемпион болды. Бір аптаға созылған дәстүрлі жарыста FIDE-де рейтингі 2 300-ден жоғары ойыншылар опен-турнирде бақ сынады. Сонымен қатар 15 жасқа дейінгі балалар арасында да бөлек бәсеке өтті. Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек (18-орын), Даниал Сапенов (21-орын), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) сынға түсті. Жалпы биыл қатысушылар саны 500-ден асты. Айта кетейік, Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда Таразда дүниеге келген. Ол – әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасында халықаралық спорт шебері (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021) – шахмат тарихындағы ең жас шахматшы. Рапид…

Толығырақ

Биыл Балқашта жеті демалыс аймағы салынады Туристерге арналған жаңа демалыс орталықтарында 219 орын қарастырылмақ. Қалалық жағажайды көркейту жұмыстары әлі де жалғасын тауып жатыр. Қаланың туристік мүмкіншілігі туралы жергілікті коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында шаһар әкімі Сапар Сатаев айтты. Оның мәліметінше, Балқаш жыл өткен сайын белсенді дамып келеді. 2023 жылы қала экономикасына құйылган инвестиция өткен жылмен салыстырганда 9,2 миллиард теңгеге артып, 67,5 миллиард теңгеге жеткен.

Толығырақ

Шымкентте жолаушылары бар автобусқа тас лақтырды № 149 автобустың жүргізушілері бұзақылардың әрекетіне шағымданды, деп хабарлайды Otyrar.kz. Оқиға 3 және 5 наурызда  Таскеш тұрғын көшесімен келе жатқан қоғамдық көлікке белгісіз біреулер тас жаудыртқан.  Нәтижесінде автобустың әйнектер жарылды. Алдын ала бағалау бойынша, қалпына келтіру үшін миллион теңгеден астам қаржы қажет болады. Полиция тергеу басталғанын хабарлады. Тасымалдаушылардың айтуынша, бұл автобустар — бағыттары тұрғын үй алабынан өтетін жалғыз автобус жолы.  Егер кінәлілер табылмаса, автобустар қауіпті бағытта жол жүруден бас тартуға дайын.

Толығырақ

Сауд Арабиясының ACWA Power компаниясы Жетісу облысында күші 1 ГВт болатын жел электр станциясын салмақ. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының энергетика министрі Абдулазиз бен Салман әл-Саудты қабылдағанда айтылды. Ақорданың жазуынша, кездесуден соң екі ел осы жобаны жүзеге асыру бойынша үкіметаралық келісімге қол қойған. Бұл – Қазақстанның Араб түбегі елдерімен жасасқан екінші келісім-шарты. 14 ақпанда президент Тоқаев Катарға іссапарға барғанда қазақстандық QazaqGaz бен катарлық UCC Holding компаниясы Қашағанда газ өңдеу зауытын салу бойынша келісімге келген.

Толығырақ

Азаматтардың жеке деректерінің жариялануына қатысты қылмыстық істерді тергеп жатқанын айтқан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) «шетел арнайы қызметінің оқиғаға қатысы анықталмағанын» мәлімдеді Ведомствоның хабарлауынша, қазір «зиянкес бағдарламалар мен бағдарлама өнімдерін жасау, пайдалану немесе тарату» бойынша сотқа дейінгі үш қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Өткен айдың ортасында GitHub порталына қазақстандық қолданушылардың жеке деректері жарияланып кеткені жөнінде мәлімет тараған еді. Болжам бойынша, мәліметтерді ақпараттық қауіпсіздік саласында қызмет көрсететін қытайлық I-Soon компаниясы жинаған. Мәселе аталған компанияның тыңшылық бағдарламасы жөнінде болуы мүмкін. Мәліметте Beeline, Tele-2, «Қазақтелеком» абоненттерінің деректері де бары хабарланды. Бұған дейін I-Soon компаниясының Қытайдың арнайы қызметіне қатысы бары айтылған еді.

Толығырақ