Автор: asylbek

Германиядағы қазақтар Қазақстанға қайта алмай жүр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 2024 жылдың 7 наурызында Франкфурт әуежайында авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ереуілге шыққан. Соның салдарынан Air Astana ұшағының KС921/KС922 «Астана-Франкфурт-Астана» рейстерінің ұшуы тоқтатылды Компания мәліметінше рейстің тоқтатылуына байланысты барлық жолаушыға хабарлама таратылған. «Әуекомпанияға байланысты емес себептермен рейстердің орындалмағанына және соның салдарынан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Билетті қайтару және қайта брондау туралы сұрақтар бойынша әуекомпанияның call орталығына хабарласып, рейсттің мәртебесін ресми сайтынан тексеруді сұраймыз», — делінген ресми хабарламада.

Толығырақ

«Қыз зорлады» деген күдікке ілінген Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Orda.kz-ке сілтеп.  Полицейді арнайы жасақ күзетуде. Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев 5 наурызда сот залында есінен танып, ауруханаға жеткізілген болатын. Айыпталушының әйелі оған тұрақсыз стенокардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылғанын айтты. «Күйеуім артериялық гипертензия, стенокардия және созылмалы бронхитпен басқа ауруханаға жіберілді. Неге екенін білесіз бе? Кардиологиялық орталықта сотталушыларға арналған арнайы бөлімше жоқ екен», —  деді айыпталушы Күштібаевтың әйелі Ләззат Түкенова. Одан бөлек Күштібаевтың жары күйеуінің денсаулығына алаңдайтынын айтты. «Егер ертең ауруы қайталанып, өлімге әкелсе бұған кім жауап береді? Ең алдымен адамды емдеуге Uиппократ антын…

Толығырақ

KAZINFORM – Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен «Аэрофлот Опен 2024» шахмат фестивалінде әйелдер арасында чемпион болды. Бір аптаға созылған дәстүрлі жарыста FIDE-де рейтингі 2 300-ден жоғары ойыншылар опен-турнирде бақ сынады. Сонымен қатар 15 жасқа дейінгі балалар арасында да бөлек бәсеке өтті. Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек (18-орын), Даниал Сапенов (21-орын), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) сынға түсті. Жалпы биыл қатысушылар саны 500-ден асты. Айта кетейік, Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда Таразда дүниеге келген. Ол – әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасында халықаралық спорт шебері (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021) – шахмат тарихындағы ең жас шахматшы. Рапид…

Толығырақ

Биыл Балқашта жеті демалыс аймағы салынады Туристерге арналған жаңа демалыс орталықтарында 219 орын қарастырылмақ. Қалалық жағажайды көркейту жұмыстары әлі де жалғасын тауып жатыр. Қаланың туристік мүмкіншілігі туралы жергілікті коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында шаһар әкімі Сапар Сатаев айтты. Оның мәліметінше, Балқаш жыл өткен сайын белсенді дамып келеді. 2023 жылы қала экономикасына құйылган инвестиция өткен жылмен салыстырганда 9,2 миллиард теңгеге артып, 67,5 миллиард теңгеге жеткен.

Толығырақ

Шымкентте жолаушылары бар автобусқа тас лақтырды № 149 автобустың жүргізушілері бұзақылардың әрекетіне шағымданды, деп хабарлайды Otyrar.kz. Оқиға 3 және 5 наурызда  Таскеш тұрғын көшесімен келе жатқан қоғамдық көлікке белгісіз біреулер тас жаудыртқан.  Нәтижесінде автобустың әйнектер жарылды. Алдын ала бағалау бойынша, қалпына келтіру үшін миллион теңгеден астам қаржы қажет болады. Полиция тергеу басталғанын хабарлады. Тасымалдаушылардың айтуынша, бұл автобустар — бағыттары тұрғын үй алабынан өтетін жалғыз автобус жолы.  Егер кінәлілер табылмаса, автобустар қауіпті бағытта жол жүруден бас тартуға дайын.

Толығырақ

Сауд Арабиясының ACWA Power компаниясы Жетісу облысында күші 1 ГВт болатын жел электр станциясын салмақ. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының энергетика министрі Абдулазиз бен Салман әл-Саудты қабылдағанда айтылды. Ақорданың жазуынша, кездесуден соң екі ел осы жобаны жүзеге асыру бойынша үкіметаралық келісімге қол қойған. Бұл – Қазақстанның Араб түбегі елдерімен жасасқан екінші келісім-шарты. 14 ақпанда президент Тоқаев Катарға іссапарға барғанда қазақстандық QazaqGaz бен катарлық UCC Holding компаниясы Қашағанда газ өңдеу зауытын салу бойынша келісімге келген.

Толығырақ

Азаматтардың жеке деректерінің жариялануына қатысты қылмыстық істерді тергеп жатқанын айтқан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) «шетел арнайы қызметінің оқиғаға қатысы анықталмағанын» мәлімдеді Ведомствоның хабарлауынша, қазір «зиянкес бағдарламалар мен бағдарлама өнімдерін жасау, пайдалану немесе тарату» бойынша сотқа дейінгі үш қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Өткен айдың ортасында GitHub порталына қазақстандық қолданушылардың жеке деректері жарияланып кеткені жөнінде мәлімет тараған еді. Болжам бойынша, мәліметтерді ақпараттық қауіпсіздік саласында қызмет көрсететін қытайлық I-Soon компаниясы жинаған. Мәселе аталған компанияның тыңшылық бағдарламасы жөнінде болуы мүмкін. Мәліметте Beeline, Tele-2, «Қазақтелеком» абоненттерінің деректері де бары хабарланды. Бұған дейін I-Soon компаниясының Қытайдың арнайы қызметіне қатысы бары айтылған еді.

Толығырақ

 Қазір 8,5 милионнан аса адамның банктер мен микроқаржы ұйымдарына берешегі бар. Тұтынушылық несие портфелі – 9,5 трлн теңгеге жетті. Қарызы барлардың көбі қаржы ұйымдарынан 584 мың теңгеге дейін несие алған. 800 мың адамның берешегі — 5,7 млн теңгеге дейін.

Толығырақ

ШҚО-да 20 тонна астығы бар элеватор өртенді Өрт Глубокое ауданының Предгорное ауылында орын алды, элеватордың астықты кептіру бөлімшесі жанып жатыр. Өрттің жалпы аумағы а — 250 шаршы метрді шарпыды.  Өртті барлығы 38 адам мен 10 техника жұмылдырып сағат 10:11 өрт сөндірілді.

Толығырақ

Каз ТАГ-Алматы облысы және Жетісу бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) колония бастығы пара алу туралы іс бойынша ұсталды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі. «Ағымдағы жылдың 7 наурызында Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша № 57 ҚАЖД мекемесінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды «, — деп хабарлады жұма күні ҚазТАГ редакциясы ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі. Бұған дейін ұсталғаны туралы EGOV.PRESS. «Алматы облысы ҰҚКД қызметкерлері ҚР ІІМ ҚАЖД № 57 мекемесінің бастығы Петр Писаревті пара алған деген күдікпен зинданға қамады. 2023 жылдың қаңтарында мекеме бастығының суға батпайтын орынбасары…

Толығырақ