Қазақстан экологиялық тиімділік рейтингінде Зимбабведен артта қалды – депутат
Қазақстан кейінгі жылдары 180 елдің арасында экологиялық тиімділік рейтингінде 93-ші орынға түсіп, Намбия, Габон және Зимбабве сияқты елдерден артта қалды. Біздің еліміз жасыл желекке бөленген елдер рейтингінде 78 елдің ішінде 72-ші орынға келді. Сенатор Советбек Медебаев өзінің депутаттық сауалында ауаның, судың және топырақтың шамадан тыс ластану проблемаларын жария етті.
Депутаттың айтуынша, Қазақстанда Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған және Теміртаудағы ауа жоғары деңгейде ластанғаны байқалады. Оның бәрі адамдардың өмірі мен денсаулығына теріс әсер етеді.