- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: asylbek
Шетелдік рұқсат бланкілерін таратудың жаңа тәртібі барлық мемлекеттік органдармен талқыланып, келісілгеннен кейін ғана енгізіледі ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әлі Алтай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында шетелдік рұқсат бланкілерін берудің ұсынылған тәртібі мен бақылау туралы айтты. Өтініш беріледі — мұны қашықтан жасауға болады. Өтініш бергеннен кейін жүйе оның сәйкестігін толығымен тексереді, содан соң хабарлама жіберіледі. Төлем жасауға екі күн уақыт беріледі. Бланкілер «Азаматтарға арналған үкіметке» жіберіледі, тасымалдаушылар оны сол жерден алып, маршрут бойынша жолға шығады. «Біз енгізгелі отырған жаңа талап — бланкіні алғаннан кейін – егер бланк алсаңыз және ол компанияңызға толығымен ресімделген болса, онда…
Көлік министрлігі шетелдік рұқсат бланкілерін таратудың жаңа тәртібін ұсынуда Қазақстан 42 елмен халықаралық тасымалды жүзеге асырады. Әр елмен үкіметаралық келісімдер жасалған. 2022 жылы 155 мың рұқсат бланкісі берілді, оның ішінде тек 45%-ы ғана пайдаланылған. 2023 жылы — 270 мың рұқсат бланкі берілсе, оның 68%-ы пайдаланылған. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әлі Алтай осындай деректерді келтірді. Оның айтуынша, қолданыстағы бланкілерді тарату әдісі ашық емес. Ол бланкілерді белгілі бір тасымалдаушылардың атына бекіту, бланкілерді бұрын жұмыс істеген автомобильдерге ғана беру сияқты қателіктерге, көлеңкелі нарықта бланкілерді қайта сату жағдайларына, қолдан тапшылық жасауға, адал тасымалдаушылардың…
ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысының қорытындысы бойынша Әзербайжанның энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен кездесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Тараптар елдердің энергетика, қазақстандық мұнай транзиті, жаңартылатын энергия көздерінің ауқымды жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастығына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. 2022 жылдың қараша айында «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) және SOCAR компаниялары арасында Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша мұнай транзиті туралы келісімге қол қойылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан мұнай жөнелту Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында 1 057 мың тоннаны құрады. 2024 жылға қазақстандық мұнайды БТД арқылы жылына 1,5 млн тонна көлемінде жеткізу жоспарланған. «Біздің Ұлттық компанияларымыздың алдына Қазақстанда…
Елордада әлемнің үздік жас биологтары бақ Астанада 7-14 шілде күндері оқушылар арасында биологиядан ең беделді халықаралық олимпиада IBO-2024 өтеді. Үздік биолог атағы үшін әлемнің 80 елінен 330 жас бақ сынайды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.IBO-2024 теориялық және практикалық екі кезеңнен тұрады. Олар ғылымның негізгі салаларындағы сұрақтарды қамтиды. Бұл жасушалық және молекулалық биология, жануарлар мен адамдардың анатомиясы мен физиологиясы, генетика, эволюция, экология және т. б. «2024 жылы 35-ші рет ұйымдастырылғалы отырған әлемдік дода Астанада өтеді. Мұндай шешімді Халықаралық ұйымдастыру комитеті қабылдады. Бұл Қазақстанның әлемдік білім беру жүйесінің кеңістігіне сәтті қадамы», — деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов. Аталмыш халықаралық…
С. НҰРБЕК: ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ АЗ «Қазақстанның ғылымға бөліп жатқан қаржысы басқа дамушы елдермен салыстырғанда едәуір аз. Отандық саланың тамырына қан жүгірту үшін елдің жалпы ішкі өнімінен кем дегенде 1 пайыз қаражат ғылыми зерттеулер мен өндіріске жұмсалуы керек». Бүгін Мәжіліс қабырғасында жаңа заң жобасын таныстырған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді.
Елімізде құтқарушылардың зейнет жасы төмендетіледі Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, қазір төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларды аттестациядан өткен қызметкерлер санатына ауыстыру мәселесін қарастырып жатыр. Осылайша құтқарушылардың зейнетке шығу жасы төмендеп, олардың құқығы мен мәртебесі құқық қорғау жүйесіндегі қызметкерлердің дәрежесімен теңеседі. Оның айтуынша, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін жасау мәселесі де қарастырылған. Сондай-ақ құтқарушыларға денсаулығына зиян келтіретін және өміріне қауіп төндіретін жұмыстар үшін 70%-ға дейінгі мөлшерде қосымша ақы төленбек.
Ақтөбеде жол апатынан 8 адам мерт болды Қайғылы оқиға Ақтөбе-Атырау тас жолында болып, Лада Ларгус және Тойота Хайлюск көлігі соқтығысқан. «Көлік апаты кезінде Лада Ларгус көлігі жанды. Барлығы 8 адам көз жұмды. Сонымен бірге 3 адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер қарап шықты», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
“Терезесі скотчпен жабыстырылған”: Көкшетау тұрғыны аурухананың адам шошырлық суреттерін жариялады Сурет авторының айтуынша, ол гинекология бөлімінде ем қабылдаған. Автор медицина қызметкерлеріне шағымы жоқ екенін, бірақ аурухана жағдайының көңіл көншітпейтінін айтады. «Беретін көрпелерін көрпе деуге де келмейді, мен аязды кезде жаттым, жүкті әйелдер жылыну үшін киініп ұйықтап жүрді. Екінші суретте дәретхананың терезесі, шеттерін шүберектермен жауып, скотчпен жабыстырып тастаған, аурухананы жөндеуге ақша бөлінбей ме?» – дейді сурет авторы
Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Екібастұздағы жаңа Балалар шығармашылығы сарайының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz. Ауданы 7,2 мың шаршы метр болатын заманауи орталық балаларды сапалы қосымша біліммен қамтуды кеңейту мақсатында салынып жатыр. Аталған нысанның құрылысына 5,8 млрд теңге көлемінде демеушілер қаражаты тартылды. Балалар шығармашылығы сарайы ең жоғары технологиялық құралдармен жабдықталатын болады. Мұнда ғарыштық радиобайланыс клубы, робототехника студиясы, өнеркәсіптік сәулет және дизайн студиясы, ғылыми-биологиялық зертхана, коворкинг-аймақ, дыбыс жазу студиясы, фотография академиясы, көркем-эстетикалық шеберхана, спортзал және т.б. ашылады деп көзделіп отыр. Бүгінгі таңда ғимараттың іргетасы құйылып, ең астыңғы қабат пен металл құрылымдар орнатылды. Биылғы күзде пайдалануға беру…
Ресейден Қазақстанға жалпы құны 1,5 млрд доллардан асатын 41 шетелдік компания көшіп келді Бұл туралы Астанадағы брифингте ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов хабарлады. Министрдің мәлімдемесін «Интерфакс» агенттігі жариялады. Құдайбергеновтің айтуынша, үкімет шетел компанияларын елге көшіру жөніндегі жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тізімде 30-дан астам елдің 400-ге тарта компаниясы бар.