Заңсыз шығарылған активтер: қаржы аурухана мен мектеп салуға жұмсалып жатыр
Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов айтты.
«Активтерді қайтару бойынша Қаржы министрлігінің жанынан жеке қор құрылды. Бүгінде 1 трлн теңгеге жуық қаражат қайтарылды. Ол жерде тек ақша емес, активтер де бар. Сондықтан біз ол активтерді нарыққа шығаруымыз керек. Одан түскен қаржыны еліміздің әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмсалады. Бүгінде қолда бар ақпаратқа сәйкес, қаражат ауруханалар мен мектептер салуға жұмсалып жатыр. Оның ішінде шамамен 200-300 млрд теңге мектеп салуға жіберілді», — деді министрдің орынбасары.