- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: asylbek
Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамының қызметкерлері мотопомпалардың көмегімен 24 мың текше метрден астам су сорып шығарды. Жамбылдық құтқарушылар Атырау облысының Құлсары қаласында су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің 29 сәуірдегі мәліметінше, соңғы 13 күнде Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамының қызметкерлері мотопомпалардың көмегімен 24 мың текше метрден астам су сорып шығарды. Су тасқыны кезеңінен бастап ТЖМ құтқарушылары 1922 жеке тұрғын үйден су сору жұмыстарын жүргізді, — делінген хабарламада. Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша 38 мыңнан астам адам өз үйіне оралды. Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз. https://malim.kz/article/opinion/qulsaryda-su-tasqynyna-qarsy-kures-zalgasyp-zatyr-21681
Мамандар су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін деп отыр. Бүгін Жайықтағы су деңгейі 8 см-ге көтерілді. Оған БҚО аумағынан судың келуі әсер еткен, деп хабарлайды Malim.kz. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы мәлім етті. Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен су деңгейі өзгерді. Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 668 см., деңгейдің +23 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 445 см құрайды. Жайық өзені — Махамбет кенті 754 см деңгейінде, тәулігіне + 11 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы…
Оның ішінде Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның қорғаныс ведомстволарының басшылары бар. Олар экологиялық акцияға қатысып, көшет отырғызу рәсімін жасады. Бүгін елордада ШЫҰ қорғаныс министрлерінің кеңесі өз жұмысын бастады.
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді және азаптады деп айыпталып жатқан сот отырысын бүкіл ел болып көріп, үкім қашан шығатынын күтіп отыр. Осы қайғылы оқиға қазақстандық әйелдер қоғамының азаматтық пікірін оятты. Әлем назары Қазақстанға ауды, тіпті BBC сот отырысы туралы ақпарат жасады. Онда БҰҰ мәліметінше, 400 әйел отбасында зорлық-зомбылық көріп қаза болатыны, ал күн сайын 300 әйелден арыз түсетіні айтылған. Біздің елімізде күйеуінің қолынан қаза болған әйелдердің жан түршігерлік оқиғалары бұған дейін де резонанс тудырған еді. Осы оқиғаларды еске түсіріп көрдік. Зираттан табылған әйелдің бөлшектелген денесі 2014 жылы Қарағанды облысының тұрғыны сегіз жылға сотталды.…
Алматыда үш адамның өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі № 47-бағыттағы автобустың жолаушысына қатысты сот үкімі шықты. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабының 3-бөлігі және 293-бабының 1-бөлігі бойынша Ахметжановқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот Дархан Ахметжановты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 25 сәуір күні прокурор соттан Д. Ахметжановты кінәлі деп танып, оны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Бұған дейін сотталушы Ахметжанов 293-баптың 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша ғана кінәсін мойындап, адамдардың өліміне жүргізушіні кінәлаған болатын. Айта кетейік, ҚР Жоғарғы Соты Алматыдағы автобус…
Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысында орман өрті болғанын хабарланды. «2024 жылдың 26 сәуірінде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалы Дмитриев орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы орман өртін анықтады. Өрт орнына 7 өрт сөндіру машинасы мен орман күзетінің 11 адамы шықты. Өрт сөндірілді және алгоритмге сәйкес, Абай облысы ТЖ департаментіне хабар берілді», — дейді министрлік. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД мен орман шаруашылығынан 36 адам және 9 техника жұмылдырылған. Батпақты жер болғандықтан өрт орнына жету қиындаған. Қосымша Семей қаласынан облыстық ТЖД 21 адамы және 6 техникасы жіберілген. Өрт шарпыған аумақ нақтылануда. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бейжіңдегі Auto China 2024 18-ші халықаралық автосалонында 278 электромобиль моделі ұсынылды. Өткен жылы Қытайда электромобиль экспорты күрт өскен. Биыл елдегі жалпы көлік экспорты 5,5 млн данаға жетеді деп жоспарланып отыр. Биыл Бейжің автосалонында 117 әлемдік премьера (оның ішінде 30-ы трансұлттық компаниялардың әлемдік тұсаукесері) және 41 концепт-кар моделі ұсынылды. Көрмеде сонымен қатар 278 электромобиль үлгісі таныстырылған. Қытай автомобиль өнеркәсібі қауымдастығының (CAAM) мәліметінше, 2023 жылдың соңына қарай Қытай 4,91 млн көлік экспорттаған. Жаппай өсім өткен жылы 77,6%-ға өсіп, 1,2 млн бірліктен асқан жаңа энергетикалық көлік құралдары (NEVs) экспортының күрт өсуіне байланысты болды. Өткен жылмен салыстырғанда таза электр көліктерінің экспорты 80,9%-ға, гибридті көліктер…
Биыл 3,8 млн-нан астам оқушы оқу жылын аяқтайды, оның 186 мыңы – мектеп түлегі. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасына қатысты түсініктеме берді. «Өңірлердегі су тасқыны жағдайына және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектепте 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды» — деді Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова. Хабарламада айтылғандай, биыл оқу жылы 34 апта, оқу 25 мамырда аяқталады. Сондай-ақ, министрліктен 11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және «Алтын белгімен» марапаттау рәсімі барлық емтихан аяқталғаннан…
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы «Жасыл аймақ» атауымен жалғасын тапты. Бұл экологиялық науқанның басты мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып, ел арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, бүгін Сыр медицинасының 80-ге жуық қызметкері облыстық медициналық орталығының алдындағы ағаштардың діңгегін әктеп, орталықтың аймағын түрлі күл-қоқыстардан тазартты. Бұдан бөлек, медицина саласының қызметкерлері аталған аумақта ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл акцияға Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Г. Бержаппарова пен Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Ж. Нұрымбетов белсене қатысып, ақ халатты абзал жандармен бірге тазалық жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, «Жасыл аймақ» экологиялық акциясы аясында қала және…