Автор: asylbek

Қызылордада «Халықтың жүрегіндегі батыр» атты көшпелі көрме ашылды Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған экспозицияны ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі ұйымдастырды.

Толығырақ

Ораза-2024: Ауызашар және сәресі дұғасы Рамазан айында сәресі мен ауызашар кезінде айтылатын дұғаны ұсынамыз Сәресіде айтылатын дұға: نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә». Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім». Ауызашарда оқылатын дұға: اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ ذَهَبَ الظَّمَأُ وَابْتَلَّتِ الْعُرُوقُ وَثَبَتَ الْأَجْرُ إِنْ شَاءَ اللهُ Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру…

Толығырақ

Түркістан облысында нәрестенің алтын сырғасын ұрлаған әйел ұсталды Полиция мәліметінше, күдікті базарда 2 баласымен бірге такси іздеп жүрген әйелді көрген. «Жәбірленушінің қолында 2 жастағы қызы, 8 айлық сәбиі мен жол сөмкесі болған. Күдікті әйелге көмектеспек болып, сәбиді қолына алған. Ол жәбірленушіні таксиге дейін шығарып салар тұста нәрестенің құлағындағы алтын сырғасын білдіртпей шешіп алған. Сырғаны ломбардқа өткізіп жіберген», – делінген хабарламада. Тәртіп сақшылары күдікті ұрлаған сырғаны тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазір күдікті әйелдің бұдан басқа да қылмысқа қатыстылығы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Толығырақ

«Кейбірі жер, кейбірі жеңілдік сұрайды»: Қазақстанға шетелден қанша компания көшіп келді Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Үкіметте Қазақстанға қанша компания көшіп жатқанын айтып берді «Бүгінгі таңда Үкімет шетелдік компанияларды, ірі кәсіпорындарды осында орналастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Тізімде бізде 30-дан астам елден 400-ге жуық компания бар. Бүгінгі таңда құны 1,5 млрд АҚШ долларынан асатын 41 компания бойынша нақты нәтиже шықты.. Бұл inDriver, Fortescue, TikTok және тағы басқа компаниялар бар. Бүгінгі таңда 37 компания бойынша жұмыс жүргізілді. Әлі қандай компаниялар келетінін нақты айтпаймыз. Жұмыс қорытындысы бойынша қосымша ақпарат ұсынылады Кейбір компаниялар тек жер учаскесін сұрайды, басқалары қазірдің өзінде артықшылықтар, жеңілдіктерге ие.…

Толығырақ

Еліміздің қай өңірінде гүл бағасы қымбат? Биыл қаңтардың соңында Қазақстанда өсімдіктер мен гүлдердің бағасы бір жыл ішінде 8,2% қымбаттады. Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсімі Қарағанды облысында байқалды. Өңірде бір жылда айтарлықтай 41,5%-ға қымбаттаған. Одан кейін Алматы облысы (18,1%) және Астанада (14,5%) қымбаттады. Ең аз жылдық баға өсімі Алматы қаласында тіркелді: 1,3%. Ақмола, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға былтырғы қаңтардағы деңгейде сақталды. Тағы екі өңірде баға төмендеді: Павлодар облысында — бір жылда 0,9%, Ұлытау облысында — 6,1% арзандады. 8 наурыз қарсаңында жақындарыңызға гүл сыйлайсыз ба?

Толығырақ

6 наурыз сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді.Депутаттар «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді, сондай-ақ Салық кодексіне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарайды. Парламент депутаттары бастамашы болған кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы да бірінші оқылымда талқыланады.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Сенат енгізген түзетулер де күн тәртібінде.Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, 24KZ және Jibek Joly телеарналарынан көре аласыздар.

Толығырақ

Биыл көктемде сұйытылған мұнай газының бағасын көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Шамамен 5-8 теңгеге өсу жоспарлануда, — деді Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының бағасын көтере ме деген сұраққа жауап берген Алмасадам Сәтқалиев. Ол биылғы көктемде автогаз бағасын көтеру жоспарланып отырғанын түсіндірді. Бұған дейін Энергетика министрлігінің басшысы сұйытылған мұнай газына республикада белгіленген төмен бағаға шағымданған болатын. Оның айтуынша, бұл сала автогаз өндіру бағасының арзандығынан шығынға батып отыр.

Толығырақ

Елордадағы Ұлттық музейде зергерлік бұйымдарға арналған көрме ашылады, деп хабарлайды Ulysmedia. Көрменің мақсаты – зергерлік өнерді кеңінен насихаттау және келушілерді Иманғали Тасмағамбетовтың жеке коллекциясындағы зергерлік бұйымдармен таныстыру. Көрмеге қойылған зергерлік бұйымдар әр дәуірдегі шеберлердің сабақтастығын көрсетіп, Қазақстан, Орталық Азия және кавказ халықтарының мәдениетінің өзара байланысы мен өзара байытылуын айғақтайды. Көрмеге кеуде және ғибадатхана әшекейлері, сырғалар, білезіктер, сақиналар, гигиеналық жинақтар, ілмектер, хош иісті майларға арналған амфоралар, күмістен жасалған косметикалық сөмкелер, тастар мен дәндермен безендірілген қораптар мен тарақтар, белдіктер, түймелер сияқты бұйымдар қойылады, — делінген хабарламада. Мұндай зергерлік бұйымдарды алғашында Тасмағамбетовтің әжесі жинап, немересін жастайынан зергерлік өнерге баулығаны атап өтілді. Осылайша, зергерлік бұйымдарға…

Толығырақ

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Монғолияның Қазақстандағы елшісі Дорж Баярхүүмен кездесті. Екі жақты кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық пен Парламентаралық байланысты нығайту мәселесін талқылады.

Толығырақ

Инвестициялық белсенділік серпінді экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. Үкімет алдына инвестициялар тарту бойынша нақты міндеттер қойылды. 2024 жылы жоспар бойынша негізгі капиталға 22,1 трлн теңге инвестицияланады, бұл өткен жылдың қорытындысынан 22%-ға артық. Инвестициялық жобалардың Бірыңғай пулы аясында биыл жалпы құны 2,3 трлн теңге болатын 234 жобаны іске асыру жоспарланған. Өңірлердің әрбір әкімі мен салалық мемлекеттік органдардың министріне KPI бекітілген. Инвестициялық штаб шеңберінде инвесторлардың мәселелерін жедел реттеу бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық өңірлердегі прокурорлар пулда тұрған жобаларды сүйемелдеуге тырысты. 37 компанияны орналастыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда инвестициялар тарту бойынша бірқатар тиімді құралдар қолданылады. 1. Осылайша,…

Толығырақ