Астанада үкіметтік емес ұйымдарды дамыту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті
Үкіметтік емес ұйымдарды реттеу және дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Оның құрамында азаматтық қоғам саласындағы сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Отырысқа қатысушылар онлайн режимде 2024 жылда басымдық берілетін жұмыстарды айқындап, ҮЕҰ-ны реттеу және дамыту проблемаларының тізімін қалыптастыру туралы мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар мемлекеттік қаржыландыру, заңнама, халықаралық ынтымақтастық, ҮЕҰ-ны ұйымдастыруды дамыту және т. б. бойынша кіші топтар жұмыс істейтін болады.
Айта кетейік, жұмыс тобы осы жылдың соңына дейін тұрақты түрде жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар шақырылады.
Толық құраммен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында танысуға болады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі