- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: asylbek
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың қолайлы өмір сүру ортасын құру мақсатында қала құрылысы сараптамасы институты заңнамалық деңгейде енгізілді, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. Жаңадан әзірленген және түзетілген қала құрылысы жобалары (бас жоспарлар, ЕТЖЖ және құрылыс салу жобалары) кешенді қала құрылысы сараптамасынан, оның ішінде мемлекеттік сараптамада жоғары тұрған қала құрылысы жобасының жобалық шешімдеріне сәйкестігіне өтетін болады. «Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу кезінде кварталдар мен шағын аудандарды көгалдандыру үшін ең аз алаңдар қамтамасыз етілетінін ескере отырып, градэкспетизация тетігі мемлекеттік нормативтерге сәйкестікті қамтамасыз етеді», – деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейспеков ҚР Үкіметінің отырысында. Бұған дейін бас жоспарлар (халқы 100 мың адамнан…
Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары өткен жылы су заңнамасының талаптарын сақтау бойынша 64 тексеріс жүргізді. Нәтижесінде, 129 бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, су объектілерін заңсыз басып алу, рұқсат етілген көлемнен артық су алу, су шаруашылығы құрылыстары пайдалану ережелерін бұзу, заңсыз су ұңғымаларын бұрғылау және жерасты суларын алу құрылыстарын салу, суды бастапқы есепке алу тәртібін бұзу және есепке алу деректерін бұрмалау сынды бірқатар бұзушылықтар тіркелді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 56 ұйғарым беріліп, 63 әкімшілік іс сотқа жіберілді. Бүгінгі күнге су заңнамасын бұзғандардан 11 млн теңгеден астам қаражат өндірілді. Елімізде су ресурстарын қорғау мәселесі өте өзекті.…
Түркістан облысында көпірдің опырылуына қатысты ҚТЖ компаниясына айыппұл салынды Оқиға жақында Қызылсай-Манкент өткелінде болған. Теміржол өткелі құрылымының бір бөлігі жолға опырылып түскен. Кейінірек төбеден рельстердің қоршауы құлағаны белгілі болды. Қазір құрылымның жиектері кеңейтіліп жатыр. Пойыздарға еш қауіп төніп тұрған жоқ. Нысан ҚТЖ балансында тұр. Полици анықталған кемшіліктерді бір апта ішінде жою жөнінде қосымша нұсқама жіберілді. Әйтпесе, іс материалдары сотқа жіберіледі.
Қазақстанның басым бөлігіне су тасқыны қаупі төніп тұр Синоптиктер солтүстік, орталық, шығыс пен батыс аймақтар басты назарда екенін айтты. Жазық аумақтарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары. «Орташа су басу қаупімен Жетісу облысы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары. Көктемгі су тасу негізгі факторлары күзгі ылғалдану, қар қоры, жауатын жауын-шашын және ауа температурасы. Белгіленген аймақтарда осы көрсеткіштер қалыптан жоғары”, – делінген хабарламада.
Алматыдағы жер сілкінісінен бүлінген ғимараттар қалай қалпына келтіріледі Бүгін Үкіметте өткен брифингте министрге Алматыдағы болашақта жер сілкінісі болған жағдайда қираған нысандарды қалпына келтіруге қанша қаржы қарастырылғаны сұралды. «Алматыдағы жағдай қазір Үкіметтің бақылауында. Бұл сұрақты бүгін өзіңіз де естідіңіз, Төтенше жағдайлар министрі қазіргі жағдай туралы баяндады. Әлбетте, Үкіметте жыл сайын құрылатын резерв бар. Ол бірінші кезекте техногендік апаттар мен туындауы мүмкін басқа да апаттардың салдарын жою үшін пайдаланылатын болады. Алматыда бұлай болмайды деп сенеміз. Әкімдік тексеру жүргізуде. Жергілікті басшылық қай жерде, қанша шығын бар есептейді. Егер осы жұмыстардың нәтижесінде республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен көмек керек болса, біз бұл ғимараттарды қалпына келтіруге…
«9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы жалғасын табады – Нұрлан Байбазаров Бағдарлама 1 наурызда басталады. «Алғашқы күні бірнеше мың өтінім түсті. «Отбасы банкі» белсенді жұмыс істеп жатыр. Мамырда алғашқы өтінімдер мақұлданып, бағдарлама толық іске қосылады. Көлемге келетін болсақ, тұрғын үй бағдарламасы бір жылдық емес, ұзақ жылдарға созылады», — деді Ұлттық экономика министрі
KAZINFORM — Қазақстан Президенті AIQYN және «Литер» газеттерін 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы-Президент кеңесшісі Берік Уәли хабарлады. — Отандық ақпарат кеңістігінде ойып тұрып орын алған, бүгінде қазақстандық журналистиканың шеберлік мектептеріне айналған, егіз қозыдай AIQYN және «Литер» газеттерінің оқырманмен қауышқанына 20 жыл толыпты. Қос басылым осы уақыт аралығында замананың үніне, қоғамның айнасына айналды. Тақырыпты тарқатып жазар талдауларымен, салмақты сараптамаларымен, сүйекті сұхбаттарымен танылды. Бүгінде AIQYN мен «Литер» — еліміздегі көшбасшы газеттердің бірі һәм бірегейі. Мерейтойға орай қос басылымды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, газеттердің өркендей беруіне тілектестік білдірді. Aiqyn мен «Литер» алдағы уақытта да ел дамуына елеулі үлес қоса береді деп сенеміз, —…
Қазақстанда утильсбор тарифтерін төмендету қарастырылмайды — Құрылыс министрлігі Қазақстанда утильсбор алымына тарифтерді төмендету қарастырылмайды, деп хабарлайды өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі. «Қазіргі уақытта тарифтерді төмендету қарастырылмайды және шетелдік автомобильдерді тіркеу кезінде төлемдердің болуы бойынша тиісті шаралар техникалық регламентке сәйкес келмейтін көлік құралдарын әкелуді шектеу ғана емес, сонымен қатар қаражатты отандық автокөлік өндірісін дамытуға бағыттау мақсатында енгізілді», — деп хабарлады өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Астанадағы утильсбор жинағына қарсыластарымен кездесу қорытындысы бойынша. ЖПҚ-да түсіндіргендей, қабылданып жатқан шаралар отандық көлік құралдары өндірісінің, сондай-ақ қалдықтарды басқару бойынша ішкі инфрақұрылымның бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға бағытталған. «Айтылған проблемалық мәселелер тиісті мемлекеттік органдарды тарта отырып…
Білім алуға жас кедергі емес 83 жастағы Ақтөбе IT-технология университетінің студенті ағылшын тілін меңгеруде. Зауза Молдабаева «Күміс университет» жобасы бойынша білім алуда. Жоба бойынша 50 жастан жоғары жастағы қарттарымыздың білімін жетілдіру көзделген. Жоба 2021 жылдан жүзеге асып келеді. Жалпы 300 ден астам оқытылған болса қазіргі таңда 50 адам білім алуда. Оқу біткен соң арнайы сертификат тапсырылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «қандас» мәртебесін беру тәртібін жеңілдетпек. Бұған дейін тек Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі және «Құтты мекен» АЖ мобильдік қосымшасы арқылы өтініш беру мүмкін болған. Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы да мұндай өтініштерді қабылдайтын болды. Бұл туралы министрліктің Ашық НҚА порталында жариялаған құжат жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Қандас мәртебесін беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы, «Құтты мекен» АЖ мобильдік қосымшасы не мемлекеттік корпорация – «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы береді, – деп жазылған өзгертулер жобасында. «Қандас» мәртебесін алуға өтініш берушілердің құқық бұзушылықтар жасағаны не жасамағаны және экстремистік, террористік ұйымдарға мүшелігі…