- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: asylbek
Елордада электр энергиясы үшін негізсіз есептеу фактілері анықталды Бұған дейін елорда тұрғындары қаңтар айы үшін ақпандағы түбіртектерде көрсетілген электр энергиясының қымбаттаған төлеміне шағымданған болатын. Елорда тұрғындарының келіп түскен өтініштері негізінде, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (ТМРКД) «Астанаэнергосбыт» ЖШС және «Астана-АЭК» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар туралы заңнамасының талаптарын бұзу анықталды. Осылайша, «Астана-АЭК» АҚ бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін көрсеткіштерді уақтылы алмау бөлігінде бұзушылық анықталды, ал «Астанаэнергосбыт» ЖШС бойынша электрмен жабдықтауға арналған үлгілік шарттың талаптарын сақтамау бөлігінде бұзушылық анықталды. Табиғи монополиялар туралы заңнаманы…
«Мәселе үсті-үстіне үйіле берді. Айтсақ билікке жақпаймыз». Өскемен қаласының құрамындағы Шығыс, ел арасында Нұрлыкөш деп аталатын ауылдың халқы он жылдан астам уақыттан бері мемлекет салған сапасыз үйде тұрып жатқанына шағым айтып келеді. Олар аязды күні үйінің қуыс-қуысын киізбен бітеуге мәжбүрміз дейді. Ол үйлердің көбі әлі мемлекет иелігінде. Ал жергілікті депутаттар «ол үйлерді тұрып жатқан адамдар өзі жөндеп алуы керек» деп отыр. Өскеменнің іргесінде 2012 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында ашылған ауылға негізінен Қытай мен Моңғолиядан келген қазақтар қоныстанған. Қазір онда 700-дей үй бар. Соның ішінде алғашқы кезеңде салынған 297 үйдің қаңқасы СИП-панель деп аталатын жеңіл құрылыс материалынан жасалған. Ондай үйдің іргетасы жоқ. Үйлер тегіс…
Өзбек рұқсат бланкілерін беруді одан әрі оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің өзбекстандық рұқсат бланкілерін беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрығының жобасы әзірленді. Пилоттық жоба биыл сәуір айынан бастап Атамекен, Б.Қонысбаев, Қазығұрт, Қапланбек және Тәжен өткізу пункттрінде кеден органдарының өзбек рұқсат бланкілерін электрондық түрде беруді жүзеге асыруды көздейді. Тасымалдаушыға «үшінші елдерге/елдерден» түріндегі рұқсаттарды беруге өтінішті қабылдау Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарымен CarGoRuqsat электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асады. Ол үшін келесі құжаттардың болуы міндетті: 1) электрондық кезек жүйесінде тіркеу; 2) көлік құралдарына арналған құжаттар; 3) шетелдік рұқсатты қолдану арқылы/қолданусыз рұқсат куәлігі; 4) шетелдік рұқсатты қолдану арқылы/қолданусыз…
«Күйеуіне қораппен тоқал сыйлау не деген сұмдық?»: Депутаттар дабыл қағып жатыр Қазақстанды қойып, алыс-жақын шет елдерде желдей ескей мұндай видеолар еліміздің абыройына, азаматтардың құқықтық мәртебесіне нұқсан келтіреді деп отыр, мәжілісмендер. Қыз-келіншектердің бұл әрекетін депутаттар масқараға балайды. Қолданыстағы «Неке және отбасы туралы» заңда да екі әйел алу нормасы жоқ. Сондықтан көптің талқысына түскен жағдай жиілесе, әзіл-шыны аралас трендке үлес қосқандарға құқықтық жауапкершілікті арттыру мәселесі қолға алынбақшы. «Бұл бізді төмендетіп көрсететін, ұлттық құндылықтарымызға сызат түсіретіндей жағдай. Қазақтың ғасырлар бойғы өмір сүру тәртібінде әдепсіз жағдай болмаған. Өкінішке қарай, қазір қоғамда болып жатқан, қабырғамызды қайыстырған келеңсіз жағдай. Сондықтан мен түбегейлі қарсымын. Қораппен тоқал сыйлау…
Биыл 8 наурызда әйелдерге 34 мың теңгеден береді Әлеуметтік көмекті елорданың көпбалалы аналары алады. «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларына, көпбалалы аналарға, оның ішінде тұрмысы төмен аналарға – 34 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9 230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді», — делінген хабарламада. Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы аналарға беріледі.
Ауыл кәсіпкерлері шетелдік озық техниканы субсидиядан айырмауды сұрайды. Шарлапаевтың бастамасы фермердің шашын ағартты Сарапшылар ауыл шаруашылығында соңғы жылдары апаттық жағдай орын алғанын ашық айтады. Өткен жылы сала ахуалы тіпті қиындап, рецессияға ұшырады: Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында айтылғандай, АӨК жалпы ішкі өнімі -7,7%-ға құлдырады (алдыңғы жылғы көрсеткіштің небары 92,3%-ы). Осы орайда аграршылардың дабыл қағуынша, жаңа Үкімет салаға жаңа соққы жасағалы тұр: Ресей, Беларусь секілді одақтық баламасына қарағанда, өнімділігі бірнеше есе жоғары алыс шетелдің ауыл шаруашылығы техникасын әкелуге субсидия беруді доғармақ. Әкімдіктердің жедел дерегінше, 2024 жылғы көктемгі егіс науқаны қарсаңында тек 149,8 мың трактор, 38 мың комбайн, 4,9 мың егіс кешені…
Астанада үкіметтік емес ұйымдарды дамыту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті Үкіметтік емес ұйымдарды реттеу және дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Оның құрамында азаматтық қоғам саласындағы сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Отырысқа қатысушылар онлайн режимде 2024 жылда басымдық берілетін жұмыстарды айқындап, ҮЕҰ-ны реттеу және дамыту проблемаларының тізімін қалыптастыру туралы мәселелерді талқылады. Сонымен қатар мемлекеттік қаржыландыру, заңнама, халықаралық ынтымақтастық, ҮЕҰ-ны ұйымдастыруды дамыту және т. б. бойынша кіші топтар жұмыс істейтін болады. Айта кетейік, жұмыс тобы осы жылдың соңына дейін тұрақты түрде жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар шақырылады. Толық құраммен ҚР Мәдениет…
Биыл Қазақстанда жалпы құны 2,3 трлн теңгені құрайтын 234 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров инвестицияны қолдау мен ынталандырудың ағымдағы шаралары туралы баяндады. Вице-Премьер Үкімет алдына инвестиция тарту бойынша ауқымды міндеттер қойғанын баса айтты. ➤ Инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы аясында биыл республикада жалпы құны 2,3 трлн теңгені құрайтын 234 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. ➤ Бұл бағыттағы белсенділік еліміздің қарқынды экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. ➤ 2024 жылы жоспар бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 22,1 трлн теңгеге жетеді, бұл өткен жылдың қорытындысынан 22%-ға артық. «Әрбір облыс әкімі мен салалық мемлекеттік…
Қазақстан ет өнімдерін өткізетін жаңа нарықтарға шығады Еліміздің мал шаруашылығы өнімдерін өткізудің жаңа нарықтарын ашу үшін мына бағыттарда ветеринарлық талаптарды келісу бойынша жұмыс атқарылып жатыр: Сингапур, Вьетнам, Малайзия, Гонконг. Сондай-ақ, Қазақстаннан Ресейге және Қытайға ет экспорттау көлемі артады.
«Біз отандық және шетелдік бизнеспен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығаруға, ақпараттық технологияны озық қарқынмен дамытуға, еліміздің серпінді дамуына ықпал ететін инновациялық кәсіпорын құруға бағытталған әрбір ірі инвестициялық жобаға қолдау көрсетуге Қазақстан Үкіметі кепілдік береді деп сендіргім келеді», — деді Үкімет басшысы. Олжас Бектенов Үкімет инвесторларға ресурстарға кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік жасайтынын, инфрақұрылымдық және консультативтік қолдау көрсетіп, өнімін өткізуге көмектесетінін баса айтты.