• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Көлік саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс жүргізу автоматтандырылатын болады 04 наурыз 2024 — 17:26 2

Көлік саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс жүргізу автоматтандырылатын болады 04 наурыз 2024 — 17:26 2

4 марта, 2024 Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі тапсырмасын орындау шеңберінде Көлік министрлігінің жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп үйлестіруімен өткен жылдан бастап жолдарда жүк автокөлік құралдарының салмақ бойынша параметрлерін өлшейтін автоматтандырылған станцияларды орнату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Осылайша жолдардағы көліктік бақылау 157 мың шақырымда 43 жылжымалы бекеттің күшімен жүзеге асырылады. Яғни, 1 бекетке шаққанда 5 мың шақырымға дейін келеді. Сондықтан барлық жолды тек жылжымалы бекеттердің күшімен толық қамту мүмкін емес.

Осыған байланысты Көлік министрлігі тарапынан таразылаудың цифрлық форматына толық көшу жөнінде шаралар қабылданып жатыр. Бұл мақсатта 2022 жылғы желтоқсанда автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеу тәртібін айқындайтын заң қабылданды. Аталған заңға сәйкес өлшеу станцияларын жергілікті автожолдарда – әкімдіктер, ал республикалық автожолдарда «ҚазАвтоЖол» АҚ орнатады.

Бұдан басқа, заңда жүк көтергіштігі 12 тоннадан асатын көлік құралдарының автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы міндетті түрде өтуі көзделген.

Көлік құралдарын өлшеу оның қозғалысы кезінде жүзеге асырылады. Заң бұзушылықтарды онлайн автоматты түрде тіркеу, айналма жолдарды бейнетіркеу, сондай-ақ айыппұл адамның қатысуынсыз «Сергек» арқылы ресімделетін болады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, құқық бұзушыларды инспекцияға шақыра отырып, тіркелген бұзушылықтар бойынша айыппұлдарды ресімдеу өзін тиімсіз етіп көрсетіп отыр, оған қоса шешім қабылдау кезінде адами фактор орын алады.

Осыған байланысты бүгінгі таңда Көлік деректер қорының ақпараттық-талдамалық жүйесін Бас прокуратураға қарасты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» процессингтік орталығымен интеграциялау жолымен көлік саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс жүргізу процесін автоматтандыруды іске асыру бойынша жұмыстар басталып кетті.

Бұдан басқа, аталған заңды іске асыру шеңберінде Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің бастамасы бойынша Әкімшілік полиция, Автомобиль жолдары комитетімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлескен Жол картасы әзірленді.

Жол картасы аясында өткен жылдың қазан айынан бастап Астана қаласының әкімдігі автокөлік құралдарының қалаға келуінің негізгі алты нүктесінде автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату бойынша жұмысты бастады.

Осылайша, қалаға кіретін барлық жүк көлігі өлшенетін болады. Бұл шара елордада жүк көліктерін бақылауды жүзеге асыру барысында адами факторды барынша жоюға ықпалдасады деп күтілуде.

Осы ретте өңірлік және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері 2024 жылдың соңына дейін қалаға автокөлік құралдарының келуінің негізгі нүктелерінде 150 автоматтандырылған өлшеу станцияларын және «ҚазАвтоЖол» АҚ республикалық жолдарда 70 өлшеу станцияларын орнату жоспарлап отыр.

Жоғарыда аталған шаралар ауыр және ірі көлемді көлік құралдарының жол жүруін бақылау мәселелерін шешуге және көліктік бақылау кезінде орын алатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталып отыр.

Оқылып жатыр

ҰҚК Ақтөбе облысында прокуратура қызметкерін ұстады

Таразда 13 жастағы қызды ұрламақ болған екі күдікті ұсталды

Германиядағы бұрынғы бас дәрігер Нигер елінде патша атанды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024844 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰҚК Ақтөбе облысында прокуратура қызметкерін ұстады

Жаңалықтар 18 февраля, 2026

Астана. 18 ақпан. BM.KZ — Ақтөбе облысында прокуратура қызметкері ұсталды. Қазіргі уақытта оған қатысты тергеу…

Таразда 13 жастағы қызды ұрламақ болған екі күдікті ұсталды

18 февраля, 2026

Германиядағы бұрынғы бас дәрігер Нигер елінде патша атанды

18 февраля, 2026

Украина Ресейдегі ірі мұнай өңдеу зауыттарының біріне соққы жасады

18 февраля, 2026

Жетісу облысында баласын ұрған әйелді сот мәжбүрлі емдеуге жіберді

18 февраля, 2026

Олимпиада-2026: Софья Самоделкина қысқа бағдарламадан сүрінбей өтті

18 февраля, 2026

Елена Рыбакина Дубай турнирінің үшінші айналымына шықты

18 февраля, 2026

Немересі әжесінің 3 млн теңгесі мен әшекейлерін ұрлап кеткен

18 февраля, 2026

Синоптиктер күн райына байланысты ескерту жарияланды

18 февраля, 2026

Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 18 ақпандағы жарыс кестесі

18 февраля, 2026

Алматыда алғаш рет нейростимулятор орнату бойынша ота жасалды

17 февраля, 2026

Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама неге келмеді

17 февраля, 2026

АҚШ-та мектептегі хоккей ойынында атыс болып, екі адам қаза тапты

17 февраля, 2026

Ақтауда атыс жаттығулары кезінде сарбаз көз жұмды

17 февраля, 2026

Желідегі даудан кейін Burger King басшыларының бірі уақытша қызметінен шеттетілді

17 февраля, 2026

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

17 февраля, 2026

Танымал актер, Оскар сыйлығының иегері Роберт Дюваль өмірден өтті

17 февраля, 2026

17 ақпанға ауа райы болжамы

17 февраля, 2026

Қазақстандағы энергия тапшылығы 2027 жылы жойылады

17 февраля, 2026

Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеуші қайтыс болды

17 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.