- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: asylbek
Өткен жылдан бері оларға МӘМС және зейнетақы қорына қаражаттары аударылмаған. Екі айға жуық жалақыларын алмаған. «Норд-2050» компаниясы Qarmet төрт облыстағы шахталар, зауыттар мен кең орындарын күзетеді. 16 ақпаннан бастап бұл заңды тұлғалар арасындағы келісім шарт бұзылған. Нәтижесінде айына 80 мың тенге ғана жалақы алатын 300 адам жұмыссыз қалып, жалақысында ала алмай жүр. Qarmetбасшылығының айтуынша қызмет төлемінің құны жарты миллиардқа жетіп қалған. Жақында металлургиялық комбинаттың күзет қызметінің ғана жалақы қарыздарын төлепті. Жаңадан келісім-шартқа отырған компанияға жұмыссыз қалған азаматтарды қабылдау туралы ұсыныс бердік дейді.
АҚШ-тың жоғарғы соты Дональд Трампқа президент сайлауына қатысуға рұқсат етті. Жоғарғы сот Колорадо штатының Трампқа сайлауға түсуге тыйым салған шешімнің күшін жойды. Жоғарғы соттың шешімі бүкіл АҚШ аумағына жүреді. Бұған дейін Колорадо штаты Трамп конгресс ғимаратын басып алмақ болды, бүлік шығарды деп штаттағы сайлаудан шектеген. АҚШ Конституциясында бүлік шығарған адам билікте жұмыс істей алмайды деген ереже бар. АҚШ жоғарғы соты штаттар сайлаудан кандидатты шектей алмайтынын, мұндай шешімді конгресс қабылдау керегін алға тартады.
KAZINFORM – Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті 1 мың гектарға жайылған. Жағалаудағы батпақты аумақтағы 20 гектар қамыс әлі бықсып жатыр. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, 2 наурызда бері Каспий теңізінің Құрманғазы ауданы аумағындағы жағалауында қамыс өртенген. «Құрманғазы ауылынан 40 шақырым қашықтықта «Құрманғазы орманшылығы» КММ аумағында 1000 гектар алаңда қамыстың жанғаны анықталды. Қамыс өртінен ауданның елді мекендеріне төніп тұрған қауіп жоқ», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. Бүгін, 4 наурызда өрт ошағына барлау жүргізу үшін «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы әуеге көтерілген. «Теңіз жағалауының батпақты аумағындағы 20 гектарда қамыс бықсып жатыр. Өртенген қамыстың 780 гектары өздігінен сөнді. Ал,…
Астанада қазақ тіліндегі ауқымды дебат турнирі аяқталды Еліміздің басты шешендік сайысы «Көшпенділер Көкжиегіне» жас қазақстандықтардың 62 командасы қатысты. Турнирді ұйымдастырушы – «Nomad» дебат клубы. «Казцинк» көрші қалалардың студенттеріне астанадағы зияткерлік жарысқа жүйріктерін қосуға көмектесті. Жас қазақстандықтар қоғамның өзекті мәселелерін көтереді: тілді дамыту, әлеуметтік және гендерлік теңдік, адам құқықтары. Сондай-ақ турнир клуб қатысушыларының шетелде алған пайдалы тәжірибесін кіріктіруге жағдай жасайды. Сайыста Нұртас Күздеубаев пен Сағыныш Әнуарбековтің командасы үздік шықты. Нұртас – MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY түлегі, ал Сағыныш – Еуразия Ұлттық университетінің студенті
Ғалым бүгінгі зілзаланың қаңтармен салыстырғанда анағұрлым күшті болуының себебін түсіндірді Сейсмология институтының профессоры Әлқуат Нұрмағамбетов алматылықтардың толқынды емес, тік жер асты дүмпуін сезгенін айтты. “Жер сілкінісінің ошағы қалаға жақын болған сайын дүмпу соғұрлым тік (вертикалды) болады. Жер сілкінісі кезінде гүрілдеген дыбыс шығады. Бүгін адамдар сондай дауыс естіді. Сондай-ақ жерді алып күш тепкендей қозғалыс бірнеше секундқа ғана созылады. Жер сілкінісінің сипаты әдетте әртүрлі: жергілікті және алыс болады. Жергілікті жер сілкінісі қуатты және жоғары жиілікті болады. Сонымен қатар қаладан 20-30 шақырым қашықтықта тіркеледі. Ал қаңтар айында зілзала ошағы Қытайда орналасқандықтан ол қуатты болған жоқ және ұзаққа созылды”, – деді профессор. Айта кетейік,…
KAZINFORM – Мегаполисте жер сілкінген кезде Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері үш науқасқа операция жасап жатқан. Аурухана баспасөз қызметінен атап өткендей, жер сілкінген кезде медицина қызметкерлері өз науқастарын эвакуациялады. Тек ота бөліміндегі дәрігерлер өз орындарында қалып, операцияны жалғастырды. «Әрине, жер сілкінісін бәрі сезді, бірақ біз жоспарлы кесарь тілігін жасап жатқанбыз, медбикелер ота үстелін, анестезиолог науқасты ал мен жаңа туған қыз баланы ұстап тұрдым. Бақытымызға орай, біз отаны сәтті аяқтап, шұғыл эвакуацияландық», — дейді акушер-гинеколог Гүлжахан Жұмадулаева. Фото: Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы Кардиохирург Тимур Ибрагимовтың сөзінше, операция үстелінде 68 жастағы науқас жатқан. «Бұл жүрек артерияларындағы қан ағымын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін…
Оңтүстік Кореяда ереуіл жариялап, жұмысқа бармай жүрген 7 мыңдай дәрігер лицензиясыз қалады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі брифингте осылай деп мәлімдеді. Сот ісін бастау үшін ауруханаларда тексеріс жүреді. Үкімет шеруге шыққан дәрігерлерге мұның алдында ультиматум қойды. Бұл шартқа сай, олар ақпанның 29 күні жұмысқа оралуға тиіс еді. Алайда наразылық акциясы тоқтамай жатыр. Шеруге үкіметтің саладағы студент санын 3 мыңнан 5 мыңға дейін көбейту туралы жоспары себеп болған. Биліктің мәлімдеуінше, қоғам қартайып бара жатқандықтан, дәрігер бұрынғыдан көп қажет. Ал демонстранттардың пікірінше, елде медицина қызметкері жеткілікті. Бірақ олардың жалақысын өсіріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту қажет. Арай Төлегенқызы
Түркия халқының арасында егде жастағылардың саны артып барады. Соңғы жүргізілген зерттеулерге сай Анадолы елінде 10 млнға жуық адам яғни, халықтың 10 пайыздан астамының жасы 65-тен жоғары. Ал 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш 17 пайызға жақындайды. Бұл ақпаратты елдің Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі таратты. Бұдан бөлек Түркияда тұңғыш рет қариялар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде, елдегі қарттардың көбі жалғыз тұратыны анықталған. Мамандар Түркияда да жыл өткен сайын отбасы құндылықтары азайып, ата аналарына қарамайтын балалардың көбейгендігін айтады. Махинур Өздемир Гөкташ, Түркияның отбасы және әлеуметтік қызметтері министрі: Әлемнің көптеген елдеріндегідей Түркияда да қариялар көбейіп келеді. Әсіресе жалғыз тұратын қарттардың саны артып отыр.…
Ақмола облысында тебінде жүрген жылқылар аштан өліп жатыр. Себебі қыста жауған жауыннан жер мұз болып қатып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Қыста жаңбыр жауып жер беті тоң болып қатып қалған. Соның салдарынан Біржан сал ауданында бір үйірдегі 53 бас жылқы аштан өлген. Осындай жағдай өңірдегі барлық елдімекендерде қайталанып жатыр. Биыл іш тастаған мал да көп. Ал Зеренді ауданындағы Бірлестік, Дөңгілағаш, Қоныспай ауылдарының төрт түлігі де шетінен құлап жатыр екен. Алайда аудан билігі аштан қырылып жатқан малға жем-шөп жеткізуге асығар емес дейді ашулы ауыл халқы. «Жылқылар құлап жатыр. Жағдай өте қиын болып тұр. Үкіметтен ешқандай шара жоқ. Барлық жылқышылардың…
Шығыстағы Алтай қаласын қоқыс басып барады. Тұрғындардың айтуынша тұрмыстық қалдықтар қыс бойы шығарылмағанын. Қазір әрбір контейнердің қасында тау болып үйіліп жатыр. Енді күн жылынғанда қар суымен бірге жан-жаққа жайылуы мүмкін. Ал осы салаға жауапты мамандар қатты аяз бен қардың қалыңдығынан коммуналдық қызметтің жұмысы тұралап қалғанын айтады. Оған қоса техниканың көбі ескі. Дәулетбек Қайырбеков, Алтай қаласының тұрғыны: Білмеймін енді қоқыс не себепті шығарылмай жатқанын? Қардың қалыңдығы ма? Фирмалардың жетіспеушлігі ма, түсінбедік. Ешкім келмеді. Шығармады. Қыстай осында жатыр. Қардың асты толған қоқыс. Игорь Оконешников, Алтай қаласының әкімі: Қоқыстың уақытылы шығарылмай жатқанын білеміз. Бізде -40 градусқа дейін аяз болды. Арнайы техника -30 градустан…