• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Мәжілісте киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері талқыланды

Мәжілісте киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері талқыланды

4 марта, 2024 Жаңалықтар

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде киберқылмыспен күресудің өзекті мәселелері туралы тақырыптық отырыс өтті. Жиынға комитет төрайымы Снежанна Имашева жетекшілік етіп, қатысушылар қоғамдағы проблемалық жағдайлар мен олардың шешу жолдарын талқылады. Отырысты ашқан Снежанна Имашева былтыр елімізде 21 мыңнан аса интернет-алаяқтық тіркеліп, азаматтарға 21 млрд теңге залал келтірілгенін айтты. – Депутаттарға тұрғындардан көптеген шағым мен өтініштер келіп түседі. Алаяқтар ақша ұрлау үшін түрлі амалды қолданады, алданған азаматтардың саны жылдан жылға артуда. Олар банктегі шоттары мен депозиттеріндегі ақшаларын жоғалып, атына миллиондаған сомаға несие рәсімделуі ерекше алаңдаушылығымызды тудырып отыр, – деді комитет төрайымы. Ішкі істер вице-министрі Айдос Рысбаев бүгінгі таңда киберқылмыс проблемаларының бүкіл әлемде өзекті екенін айтты. Ол өз баяндамасында  киберқылмыс статистикасы мен оған қарсы әзірленіп жатқан шараларға тоқталды. – Соңғы 7 жылда Қазақстанда киберқылмыс саны 10 еседен астам өсті. 2017 жылы 2046 болса, 2023 жылы 21637-ге жетті. Мұндай қылмыстар былтыр тіркелген қылмыстардың жалпы санының 19 пайызын, алаяқтық қылмыстарының 50 пайызын құрайды. Биылдың өзінде 3645 интернет-алаяқтық тіркелді (2023 жылдың ақпанымен салыстырғанда 8,3 пайызға өсті). Бұл жалпы қылмыс санының 18 пайызын және барлық алаяқтықтың 43 пайызын құрайды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 4 мың интернет-алаяқтық жасаған 2 мыңға жуық адам ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушілерге 850 млн теңге көлемінде шығын өтелді, – деді А.Рысбаев. Өз кезегінде депутат Үнзила Шапақ мұндай қылмыстардың алдын алу үшін қолданыстағы Қылмыстық кодекске толыққанды институт, яғни ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар тарауы енгізілгенін атап өтті. – Шоттардан ақша ұрлаумен байланысты қылмыстарға ықпал ететін бірқатар алғышарт бар. Мысалы, қарыз беру қағидаларын реттейтін нормалардың іске асырылуына заңнамалық бекітудің не тиісті бақылаудың болмауы. Абоненттік нөмірлерді тіркеуге және пайдалануға, байланыс операторларына, IP-операторларға реттеудің болмауына байланысты проблемалар бар. Клиенттердің дербес деректерінің сақталуына, қарастырылып отырған саладағы жекелеген нормалар мен ережелердің сақталуына ішкі бақылауды қатаңдату да өзекті, – деді Ү.Шапақ. Баяндамаларды тыңдаған соң депутаттар жауапты орган өкілдеріне сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Талқылау барысында айтылған барлық пікір мен ескертулер ұсыныстарға енгізіледі. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті оларды қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында қарастыратын болады. Жиынды қорытындылаған Снежанна Имашева кибералаяқтыққа тек ІІМ тарапынан күш салу жеткіліксіз екеніне тоқталды. – Алаяқтар қылмыс жасаудың жаңа түрлі әдісін ойлап табуда. Қазір олардың SIP-телефония қолдану жағдайлары жиілеп кетті, осы жылы 288 осындай қылмыс жасалды. Интернет және телефон алаяқтықтарына қарсы іс-қимыл мәселесі ел басшылығының бақылауында. Алаяқтардың әсерінен азаматтар болашақта төлей алмайтын миллиондаған несие алады. Қайтарылмайтын кредиттерді ресімдеу фактілерінің жолын кесуге бірінші кезекте банктер мүдделі. Бұл мәселеге кешенді түрде назар аударып, азаматтардың құқықтарын қорғау үшін нақты пәрменді шаралар әзірлеу қажет, – деді С.Имашева.   Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-04, Фото Ж.Жұмабеков.
_________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі
Ақпарат көзі: https://parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id52163/1/1
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.