Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Депутаттарға кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады. Құжатты Парламент депутаттары Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатымен әзірледі. Ұсынылып отырған нормалар азаматтардың шамадан тыс несиесін төмендетуге, қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды арттыруға, азаматтардың банкроттық рәсімге қол жеткізуін жеңілдетуге, сондай-ақ кредит беру кезінде алаяқтық әрекеттерді азайтуға бағытталған. Депутаттар алдағы жалпы отырыста «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын бірінші оқылымда ілеспе түзетулермен талқылайтын болады.…
Автор: asylbek
Екі елдің еңбек және халықты қорғау министрліктері бірнеше рет келіссөз жүргізіп, Қазақстанды Employment Permit System жүйесіне қосу мәселесін талқылады АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Алдағы уақытта қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа тұра алады. Бірақ ол жаққа жұмыс визасымен бару үшін сынақ тапсыруға тура келеді. Sputnik Қазақстан Кореяға заңды түрде шығу тәртібін ұсынады. Қазақстан кәріс жүйесіне қосылады Бұған дейін екі елдің еңбек және халықты қорғау министрліктері бірнеше рет келіссөз жүргізіп, Қазақстанды Employment Permit System (Кореяның жұмысқа рұқсат беру жүйесі — Sputnik) жүйесіне қосу мәселесін талқылады. Осы жүйе Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін еңбек мигранттарының құқықтарын қорғауға және жұмыста барлығымен бірдей жағдай жасауға мүмкіндік…
Керқұлан қазақ жеріне оралады Прежевальский жылқысының популяциясын қалпына келтіру шаралары қолға алынды. 2 маусымда Чехияның екі әскери ұшағы 8 жабайы жылқыны Арқалыққа алып келеді. Оларды Қостанай облысындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватына жібереді. 1960 жылдардың аяғында керқұландар мүлдем жойылып кеткен. Бірақ ғалымдар жабайы жылқының түрін сақтап қалды. Қолдан өсіруге арналған бағдарламалардың арқасында Еуропадағы зообақтарда Прежевальский жылқысының популяциясы қалпына келді. Дереккөз: экология және табиғи ресурстар министрлігі
Елімізде жерлеу және зираттарға күтім жасау ережелері өзгерді Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың үкіміне сәйкес, елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, бірақ сонда қайтыс болған адамды жерлеу үшін кемінде 6 шаршы метр жер телімі тегін бөлінуі тиіс. Ережеге сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның әкімдігінің зираттарға қатысты міндеттері белгіленді: Бейіттерге арналған жер учаскелерін есепке алу және деректерін жинақтау; Жерлеу, зираттарды күтіп-ұстау және оларға қызмет көрсету туралы шарттардың сақталуын бақылау; Жергiлiктi атқарушы органның сайтында және мемлекеттiк кадастрлық картада бос жатқан зират учаскелерi туралы өзектi ақпаратты орналастыру. Сондай-ақ қай кезде мәйітті қайта жерлеуге болатыны айтылды:…
Астанада жыл сайынғы «Мың алғыс» қайырымдылық шарасы өтті «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиосында» Алғыс айту күніне арналған дәстүрлі «Мың алғыс» қайырымдылық кеші өтті. Жоба мұқтаж жандарға көмектесуге, түрлі мәселелерді шешуге жұртшылықтың назарын аударуға, қайырымдылықты насихаттауға бағытталған. 2024 жылғы шараның басты кейіпкерлерінің бірі – Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібек Савельев. Өткен жылдың желтоқсанында елге келген ол, Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабарында қонақ болды. Жәнібекке қатысты жүргізілген зертту жұмыстары нәтижесінде 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы табылды. Ал Жәнібектің өз анасына қатысты іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Жәнібектің анасын іздеу әлі де жалғасып жатқанымен, бұл оқиғалар оған үміт…
Қазақстанда 10 мыңға жуық азаматтың несиесі кешірілді Жеке тұлғалардан 86 мың өтініш келіп түскен. Оның жартысынан көбі мақұлданбаған. Себебі, бұл азаматтардың берешегін кешіктіріп төлеу мерзімі 12 айдан аспаған. Банкпен несие рәсімдеген құжатын да жоғалтып сергелдеңге түскендері бар. Ал енді не өзінде, не отбасы мүшелерінде тіркеуде мүлкі барларының өтініші мақұлданбаған. «9871 қазақстандықтың несиесі кешірілді. Соның ішінде, 944 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл азаматтардың енді қаржы сауатын арттыру үшін жұмыс істейміз», – деді мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов. ДЕРЕККӨЗ: qaz365kz
Жалған ғылыми теорияларды қалай ажыратуға болады: басты 5 белгісі Ғылым мен жалған ғылымның арасындағы күрес ғасырлар бойы жалғасып келеді. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің дамуымен қатар ол да жаңа кезеңнен өтуде. Интернетте псевдоғылыми мақалалар, фильмдер, посттар мен оқырмандар сенетін мәлімдемелер көп. Ғылыми теориялардың жалған екендігін анықтауға мүмкіндік беретін белгілер бар. Stopfake.kz олардың ең негізгілерін атап өтеді. 1. Авторлар мен дереккөздер Псевдоғылыми теорияларды жақтаушылар көп жағдайда дереккөзді мүлдем көрсетпейді немесе ғылымға еш қатысы жоқ «сарапшылардың» сөзіне сілтеме жасайды. Бұл жай фриктер немесе атаулары күрделі белгісіз институттардың «академиктері» болуы мүмкін. Мүлдем басқа сала бойынша білім алған доктор да мәлімдеме авторы болады. Вирустардың таралуы туралы…
Адам миы және дельфин миы Дельфиндердің миы өлшемі ұқсас басқа жануарлармен салыстырғанда олардың денесінің өлшемдерінен төрт-бес есе үлкен. Ғалымдар дельфиндерге жеке тұлға ретінде құқықтар берілуі керек деп санайды, өйткені олар күрделі мінез-құлық үлгілерін ескере отырып, «адам емес тұлға». Зерттеулер дельфиндердің қиын мәселелерді шешу үшін бірігетінін және тіпті балықты жеу үшін дөңгелектеу тактикасын қолданатынын растады. Олар тіпті басқа да жаңа мінез-құлықтарды үйрете алады. Кит пен дельфиннің миында шпиндельді нейрондар деп аталатын арнайы ми жасушалары бар. Бұл тану, есте сақтау, пайымдау, қарым-қатынас жасау, қабылдау, өзгерістерге бейімделу, мәселені шешу және түсіну сияқты дамыған қабілеттермен байланысты. Демек, олар терең ойшылдар сияқты! Бұл ғана емес,…