• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстандықтар Кореяда заңды түрде жұмыс істейді – тәртібі қандай болады

Қазақстандықтар Кореяда заңды түрде жұмыс істейді – тәртібі қандай болады

1 марта, 2024 Қоғам
Екі елдің еңбек және халықты қорғау министрліктері бірнеше рет келіссөз жүргізіп, Қазақстанды Employment Permit System жүйесіне қосу мәселесін талқылады
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Алдағы уақытта қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа тұра алады. Бірақ ол жаққа жұмыс визасымен бару үшін сынақ тапсыруға тура келеді. Sputnik Қазақстан Кореяға заңды түрде шығу тәртібін ұсынады.
Қазақстан кәріс жүйесіне қосылады
Бұған дейін екі елдің еңбек және халықты қорғау министрліктері бірнеше рет келіссөз жүргізіп, Қазақстанды Employment Permit System (Кореяның жұмысқа рұқсат беру жүйесі — Sputnik) жүйесіне қосу мәселесін талқылады. Осы жүйе Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін еңбек мигранттарының құқықтарын қорғауға және жұмыста барлығымен бірдей жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, бүгінде арнайы құжаттың жобасы барлық мемлекеттік органдардың қарауынан өтті. Одан кейін сыртқы істер министрлігі арқылы Кореяға жіберілді. Бұл құжатта қазақстандықтарды заңды түрде жұмысқа қабылдау тәртібі көрсетілген.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Оңтүстік Кореяда шамамен 22 мың қазақстандық жүр. Олардың ішінде 6 мыңнан астамы визасы аяқталса да, заңсыз жұмыс істейді.
Бірнеше емтихан тапсыру керек
Бұдан былай Кореяда заңды түрде жұмыс істегісі келетін қазақстандықтар екі емтиханнан өтеді. Сынақ екі бөлек жерде тапсырылады.
Алматыда орналасқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде сертификаттау орталығы болады. Ол жерде кәріс тіліне үйретеді. Ал Қонаев қаласындағы өндірістік базада тиісті мамандықтар бойынша дәріс беріледі. Оңтүстік Корея қажетті мамандықтардың тізімін өзі ұсынады. Дәл сол тізім бойынша осы елде заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат қағазы рәсімделеді.
Бұдан бөлек, емтихан кезінде Кореядан арнайы аудитор келеді. Ол кәріс тілі мен кәсіби біліктілік тестін тапсыруды бақылайды. Сынақтан сүрінбей өткендер Кореяда барып, заңды түрде жұмыс істей алады.
Employment Permit System-ге неше мемлекет қосылды
2004 жылы Корея үкіметі 16 мемлекетке жұмыс визасын беру туралы заңды қабылдады. Соның ішінде Қытай, Үндістан, Қырғызстан менӨзбекстан да бар. Жұмыс визасын оңды-солды тарата бермейді. Экомикасы дамымаған және жағдайы төмен елдерге басымдық беріледі.
Employment Permit System-ге қосылған елдердің азаматтары кәріс тілін үйреніп қана қоймай, медициналық тексерістен де өтеді. Олармен заңды түрде еңбек шарттары жасалады.
Іріктеу кезінде жұмысшылардың жасына да қарайды. Аурулардың жоқтығы туралы анықтаманы көрсету керек. Ал, еңбастысы, кәріс тілін үйрену керек. Себебі жұмыс берушімен сөйлесуге тура келеді.
Емтиханның пайдасы неде
Кореяның жұмысқа рұқсат беру жүйесінің артықшылықтары көп. Ондай визаны алған адам кәріс тілінде сөйлесіп қана қоймай, осы елдің мәдениеті мен заңдарын біліп жүреді. Сондықтан абайсызда депортацияға ұшыраудың қаупі жоқ.
Негізгі артықшылықтар:

заңды еңбек шарты;

медициналық сақтандыру;

жұмыс беруші баспана ментамақ ұсынуы мүмкін;

емін-еркін жүріп, елдің мәдениетін тану;

Ал заңсыз жұмыс істеудің кемшін тұсы сол, өзге елдің азаматы қайтыс болған жағдайда Оңтүстік Корея үкімет оны тасымалдау шығындарын төлемейді. Туған-туыстары өздері алып кетуі керек. Медициналық сақтандыру да аса қажет. Онсыз жарақат пенауру кезінде біраз шығын шығаруға тура келеді.

Оқылып жатыр

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.