Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Депутаттарға кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады. Құжатты Парламент депутаттары Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатымен әзірледі. Ұсынылып отырған нормалар азаматтардың шамадан тыс несиесін төмендетуге, қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды арттыруға, азаматтардың банкроттық рәсімге қол жеткізуін жеңілдетуге, сондай-ақ кредит беру кезінде алаяқтық әрекеттерді азайтуға бағытталған. Депутаттар алдағы жалпы отырыста «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын бірінші оқылымда ілеспе түзетулермен талқылайтын болады. Олар ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіби және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған және ғылымның ел экономикасын дамытуға қосқан үлесін жақсартуға, ғылыми әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады. Сонымен қатар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. Бұл заң жобасына Парламент депутаттары бастамашылық етті. Ол салықтық преференциялар беру арқылы ғылымның дамуын ынталандыруға бағытталған.
Трендте
- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады