- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: asylbek
Оқиға орнына жергілікті атқару органдар мен инспекция өкілдері, гидробиология және экология институтының мамандары барған. Мамандар өлі итбалықтардың денесінен сынама үлгілерін алған. Басқарма мәліметінше, 29 наурыз бен 25 сәуір аралығында Каспий жағалауынан 182 өлі итбалық табылған. Итбалықтардың неден өлгені әзірге белгісіз.
Алматы сотында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша сот процесі жалғасуда.Сотта прокурор мен жәбірленушілер сөз сөйледі. Прокурор соттан сотталушы Ахметжановты кінәлі деп танып, қылмыстарының жиынтығы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы бүгін соңғы сөзінде соттан бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады. Ол кәмелетке толмаған үш баласы барын, сол күні автобус жүргізушісі есікті ашпағанын айтты.Бұған дейін, 2023 жылдың 22 желтоқсанында Алматыда автобус бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан үш адам қаза тапқан еді.
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Анкараға барды. Басты мақсат – қазақ-түрік ынтымақтастығының сапалы дамуын қамтамасыз ету және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған елдің экономикалық өсуін жеделдету жөніндегі міндетке қол жеткізу үшін жаңа перспективалы салалардағы өзара іс-қимыл әлеуетін ашу. ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ретте астықты терең өңдеу, көмір химиясы, мұнай-газ өнеркәсібі, мұнай-химия және басқа салалардағы бірлескен жобалар қосылған құны жоғары өнімдер шығаруға мүмкіндік береді. Олжас Бектенов Анкара қаласында Түрік Республикасы басшысының қабылдауында болды, Түркияның Вице-Президентімен келіссөздер жүргізді, ірі түрік компаниялары мен холдингтерінің өкілдерімен кездесуде инвестициялық ынтымақтастық мәселесін талқылады, сонымен қатар қазақ-түрік бизнес-форумында сөз сөйледі. Фото: ҚР Үкіметі Қабылдау барысында Олжас…
Ресейдегі «Crocus City Hall» ғимаратында болған қайғылы жағдайдан кейін елімізге еңбек мигранттарының ағылатыны болжанып отыр. Сенатор Дархан Қыдырәлі өзінің депутаттық сауалында олардың біздің елімізге заңсыз келуіне байланысты ұлттық қауіпсіздікке әсер ететін проблемаларды көтерді. «Мигранттар туралы жүйелі әлеуметтік зерттеулер жүргізу қажет. Миграция – адамдардың бей-берекет қозғалысының механикалық процесі ғана емес. Ол, ең алдымен, бейімделу үрдісі, әлеуметтік жағдай мен өмір салтының өзгеруі. Сондықтан еңбек мигранттары мен қоныс аударушыларға ақпараттық, заңнамалық, тілдік, мәдени қызмет көрсететін арнайы бейімдеу орталықтары болуы керек», — деді Д. Қыдырәлі Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына. Сонымен қатар сенатор қандастарды көшіру және олар үшін квоталарды ұлғайту мәселесін де қозғады. «Еңбек…
Назарбаев университетінің профессоры, химия инженері Нұршат Нұражы бастаған бір топ ғалым мұнайдан өңделетін дәрі-дәрмекті тірі ағзалардың қалдығынан алу жобасын іске асырып жатыр. Кейін осы инженериялық шешім арқылы Қазақстанның мұнайға негізделген экономикасын әртараптандыруға үлес қоспақшы. Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform 12 молекуланың құпиясы Бірден айту керек, биомассаны мұнай орнына өңдеп пайдалану идеясы әлемде талайдан бері айтылып жүр. Бірақ теорияны іске асырудың нақты жолын әлі ешкім дөп басып таба қойған жоқ. Сондықтан ғалымдар өзара ғылыми бәйгеге түсіп жатыр деуге болады. 2019 жылдан бері осы жарыста Қазақстан да бақ сынап жатыр. «Мұны біз өз арамызда «биоқалдықтардан материал өндіру жобасы» дейміз, өте ауқымды жоба. Мақсатымыз –…
Тасқын судан зардап шеккен аймақтардағы диқандар егіс науқанын уақытында бастай алмауы мүмкін. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Арман Өтеғұлов айтты. Депутат қазіргі жағдай жедел әрекет етуді қажет ететінін атап өтті. Өйткені көктемнің әр күні жылға азық. Бүкіл елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде әр күн маңызды. «Су басқан жерлер астық егетін өңірлерге тиесілі болғандықтан, көктемгі егіс науқанын дұрыс өткізуге қатысты сұрақтар туындап отыр. Қазірдің өзінде егін салу мерзімінің ұзарып кету қаупі бар. Ал, бау-бақша, көкөніс өсірушілердің, саяжай серіктестіктерінің жағдайы өте нашар. Олардың техникалары, суару жүйелері мен трансформаторлары зақымдалды, жылыжайлар бұзылды, алқаптары су астында қалғанын көріп отырмыз. Жедел деректер бойынша Ақтөбе, Қостанай…
Бүгін елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімді «Baspana Market» жылжымайтын мүлік порталында (otbasybank.kz) беруге болады. Өтінімдерді қабылдау 25 сәуірден 30 маусымға (2024 жыл) дейін жалғасады. Өтінім беру уақыты мен күні маңызды емес. Отбасы банкі салымшыларының бағдарламаға қатысуға өтінім беруіне екі ай уақыты бар», — делінген банктің Instagram парақшасында. Бұған дейін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының іске қосылатыны туралы хабарлаған едік. Оның талаптарымен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады. Еске сала кетейік, биыл 15 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы баспана жұрттың тұрмыс сапасын танытатын тағы бір маңызды көрсеткіші дей келе, елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керектігін айтқан…
Балқаш көлі деңгейінен бірнеше есе көтерілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева мәлім етті. «Жыл басынан бері Балқаш көлінің деңгейі орта есеппен 15 сантиметрге көтерілді. Егер 1 қаңтарда көлдің орташа су деңгейі 159 см болса, қазір бұл көрсеткіш 174 см-ге жетті. Биыл трансшекаралық Іле өзенінен ірі көлемде су келді. Сол арқылы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне шамамен 2 текше шақырымнан астам су жіберуге мүмкіндік туды»,- деді Мөлдір Әбдуалиева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі өңірлердегі тасқын судың қалай игеріліп жатқаны туралы мәлімдеген еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Дун Цзюньге ілтипат білдіре отырып, оның тату көршілік, достық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Президент қазақ-қытай байланыстары жоғары деңгейде екеніне, яғни арада мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанына назар аударды. Мемлекет басшысының пікірінше, көпжақты құрылымдар аясында Қазақстан мен Қытайдың өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелеріне қатысты көзқарастары ұқсас. – Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберінде конструктивті диалог құрып, бір-бірімізге қолдау білдіріп келеміз. Сондай-ақ Қытайдың дүниежүзілік дамуға, жаһандық қауіпсіздік пен өркениетке қатысты ұсынған бастамаларын…
Жайық өзенінен Атырау маңындағы Соколок каналына су келе бастады. Атырау облысында Жайық өзенінен бастау алатын 15 магистралды канал бар. Соның бірі – Атырау қаласының маңындағы Соколок каналы. Облыс әкімінің тапсырмасымен Жайық өзенінің суын осы канал арқылы Каспий теңізіне бұру жоспарланып отыр. Бұл каналдың негізгі ұзындығы – 32 шақырым. Каналдың табанын тазалау, жағалауын бекіту жұмыстарының үйлестірушісі Олжас Сұлтановтың мәліметіне сүйенсек, Соколоктың су өткізу қуаты секундына 100 текше метрді құрайды. «Басты мақсат – Жайық өзенінің Атырау қаласына қарай ағатын мол суын азайту. Осы мақсатта мұнайлы шаһарды айналып өтетін Соколок каналының мүмкіндігін пайдалану көзделді. Өйткені, бұл канал Жайық өзені мен Каспий теңізінің аралығын…