- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: asylbek
Бүгінде елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде. Жалпы бес апта көлемінде өткізілетін экологиялық апталықтың өзіндік мәні мен мазмұнын айшықтайтын арнайы тақырыптар бекітілген. Тиісінше, экологиялық акцияның үшінші аптасы «Жасыл аймақ» атауына бағытталды. Осыған орай, бүгін аймағымыздың білім саласының қызметкерлері қаладағы Б.Шөкенов атындағы саябақта ағаштардың діңгегін әктеп, сол аумақта жиналған қоқыстарды тазалады. Одан бөлек, білім саласының қызметкерлері экологиялық акцияда түрлі іс-шараларды өткізіп, ерекше белсенділік танытты. Атап айтқанда, саябақ аумағында «Караоке баттл», «Бауырсақ party» ұйымдастырылып, түрлі бейнедегі аниматорлар тұрғындарға өнер көрсетті. Бұл экоакцияға «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері, білім саласының өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, білім саласының қызметкерлерімен бірге тазалық…
Қостанай облысында су тасқыны салдарынан 981 бас төрт түлік арам қатқан. Бүгінде 780 бас малдың бағалау есебі дайындалып, иелеріне 113 млн теңгеден астам қаражат төленген. Атап айтсақ, Амангелді ауданында 246 бас малға 46,4 млн теңге, Жангелдин ауданында 35 бас малға 10 млн теңге, Арқалық қаласында 499 бас малға 56,9 млн теңге берілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Бекет айтты. Төлемдер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген су тасқынынан шығын болған ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу жөніндегі алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады. Алгоритмге сәйкес, мал өлексесінің бар-жоғы, құлағындағы сырғаның бар болуы міндетті…
2015 жылдан бері салынбаған мектеп тіпті «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасына кірген АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Айғаным ауылында 1,5 мыңға жуық бала өзге ауылдарға барып оқуға мәжбүр. Ауыл тұрғындарының базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі білді. Айғанымдағы мектепке арналған жер учаскесі осыдан 9 жыл бұрын белгіленіп қойған. «2015 жылдан бастап 300 орындық мектеп салуға учаске бөлінді. Мердігер ретінде бір компания таңдалды, бірақ ол сараптамадан өтпей, құрылысы тоқтады. Біз білетіндей, сол кезде құрылысқа қаражат бөлінген, бірақ бұл қаражаттың қазір қайда екені белгісіз», – дейді ауыл тұрғыны Нұрболат Келгенбаев. 2019-2020 жылдары мердігер ретінде басқа компания таңдалып, 600 орындық мектеп салу жоспарланған болатын, бірақ бұл…
Негізгі енгізілген өзгерістер: Міндетті сәйкестендіру белгісі: «Электр көлігі» — гибридті көліктерді қоспағанда, барлық электр көліктеріне қолданылуы тиіс. «Электрлі самокаттар қозғалысына тыйым салынады» — жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу үшін тротуарларға орнатылады. «Диагоналды жаяу жүргіншілер өткелі»; «Параллель жолға ауысу»; «Параллель жолдың соңы».
Биыл сәуірде әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға мүмкіндік беретін заңға қол қойылды. Заң шеңберінде жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі өзгерді. Бұл норма балалардың құқығы бұзылған жағдайда тексеріске дайындалуға мүмкіндік бермейді.
әуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) Атқару комитеті Бас хатшысының орынбасары қызметіне Дәурен Абаевтың орнына қазақстандық дипломат Нұрлан Сейтімов тағайындалды, деп хабарлады ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі. «2024 жылғы 23 сәуірде ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев ТМД Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды. Нұрлан Сейтімов ТМД Бас хатшысының орынбасары болып Дәурен Абаевтың орнына келді», — делінген бейсенбідегі хабарламада. Сейтімов 2019 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың наурызына дейін Қазақстанның Эстониядағы Елшісі болды, оған дейін, 2019 жылдың қаңтарынан бастап Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, одан бұрын, 2016 жылдың наурызынан бастап Тәжікстандағы Елші қызметтерін атқарды. Абаев 2023 жылдың маусымынан…
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Астанаға ресми сапары аясында қазақ тілін үйрену және Қазақстанда британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды. Негізгі келісімдердің қатарында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Оксфорд университеті арасында жасалған Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту бағдарламасын іске қосу туралы меморандум бар. Бағдарлама Oxford Birsöz initiative CIC бастамасы арқылы әртүрлі колледждермен және факультеттермен ынтымақтастықты қамтиды. Бұл тарихи оқиға «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Оксфорд ғалымдарымен салалық терминологиялық сөздіктерді құрастыру, Оксфорд университеті лингвистикалық зертханаларының тәжірибесін негізге ала отырып, аталған оқу орынының…
Атырауда ер адам егіздерге жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Malim.kz. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі іске қатысты қосымша сараптама тағайындалғанын мәлімдеді. «Не Молчи» қорының мүшесі балалардың анасы «ол күндері ештеңе байқамадым» деп куәлік еткенін айтты. Әйел 43 жасында ЭКҰ арқылы бір ұл және бір қызды дүниеге әкелген. Ол балалардың өз әкесі сексуалдық зорлық-зомбылық жасағанын хабарлады. Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз. https://malim.kz/article/kukyk/atyrauda-er-adam-egiz-balasyn-zorlady-degen-kudikke-ilindi-21637
Мамандар істен шығатын ұңғымалар, «станок-качалкалар» саны алда мыңға жуықтауы мүмкін екенін ескертеді. Республикада қазірдің өзінде 600-ден астам мұнай өндіретін ұңғыма су астында қалып, жұмысын тоқтатқан. Бұл сан алда артуы мүмкін, өйткені еліміздің батыс өңірлерінде тасқын әзірге шырқау шегіне жеткен жоқ. Ресей жағы бөген-плотиналарынан суды мол көлемде төгіп, төмен қарай жібере бастады. Ресей субъектілерінде қар мен қалың тоңның негізгі бөлігі сәуірдің соңына қарай көбірек ериді. Энергетика министрлігі су басу жағдайы күрделі өңірлерде кем дегенде 634 ұңғыманың тоқтауы салдарынан Қазақстан мұнай өндірісінің 16 мың тоннасын жоғалтқанын жария етті. «Тасқын салдарынан елімізде, соның ішінде Ақтөбе және Атырау облыстарының бірқатар мұнай өндіруші кәсіпорындарда бұған…