- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: asylbek
Елімізде құрылысы сағызша созылып, салынып бітпеген жолдар көп. Биылғы топан су кем дегенде 11 өңірді жайпап өтті. Өзге өңірлерді де қарғын су шайды. Тасқын ауыл-қаланы жауып қалмауы үшін ТЖ және әкімдік өкілдері жаңа салынған қаншама трассаны бульдозерлермен жарып, судың далаға өтіп кетуіне арна-жол ашуға мәжбүр болды. Өйткені жол салушылар олардың астынан суөтпелер салудан қаржы үнемдеген. Бары уақытында аршылмағандықтан тез бітеліп қалған. Осылайша, тасқын салада бұрыннан қордаланған проблемаларға жаңа қиындықтарды «жамады». Сорақысы сол, елдегі трассалар тура мағынасында халықты қыра бастады. Мысалы, Ақтөбе облысы аумағынан өтетін «Самара–Шымкент» республикалық тас жолының Ақтөбе–Хромтау–Қарабұтақ–Ұлғайсын аралығы аса қауіпті жол учаскесіне айналды. ІІМ мәліметінше, 2023 жылы Ақтөбе…
Жетісу облысының тұрғыны күйеуінің досының атынан жасырын түрде бірнеше рет миллион теңгеден астам несие рәсімдеген. Қаратал ауданының тұрғыны жолдасының досының сеніміне қиянат жасап, смартфоны арқылы миллион теңгеден астам онлайн несие алған. «Ол кісі қойшы болып жұмыс істейді. Смартфонды қалай қолдану керек екенін түсінбей, жақын досының әйелінен көмек сұраған. Келіншек кейбір қосымшаларды орнату үшін ер адамның жеке куәлігін сұраған. Алаяқ онлайн несие алу үшін жәбірленушінің телефонынан өтініш бере бастаған, кейін оны алдап, банк міндеттеген бейне тексеруден өтуін сұраған», деді Қаратал РОП бастығының орынбасары Арман Сұлтанов. Осылайша, келіншек жәбірленушінің үйіне барған сайын «смартфонын тексеремін» деп түрлі сылтау айтып, жаңа несие алып отырған.…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен отырысы басталды Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, биылғы сессияны онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.
Сел салдарынан Қырғызстанның үш облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы Бішкекте өткен брифингте елдің Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының орынбасары Урматбек Шамырқанов мәлімдеді, деп жазады Синхуа агенттігі. Ол Ош, Жалал-Абад және Талас облыстарында төтенше жағдай енгізілгенін хабарлады. Айтуынша, 20 сәуірден бері республикада толассыз жауған жаңбыр салдарынан 50-ге жуық сел болған. 200-ден астам тұрғын үй мен 300 аула, бірнеше мектеп пен әлеуметтік нысан су астында қалды. Лай ағындары жолдар мен көпірлерді басып қалды. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Жалал-Абад облысының Ноокен ауданында селге қарсы бөгетті су жарып өтіп, 300 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлаған болатын. Ош облысының Қара-Құлжа ауданында сел көлікті алып…
Алматы облысының Балқаш ауданында қамысты өсімдік өртеніп, жалын 31 гектар орман қорына таралған. «Аталған факт Қылмыстық кодекстің 341-бабы бойынша «Ормандарды жою немесе бүлдіру» қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады ТЖМ. Өртті сөндіру үшін тікұшақпен әуеден 129 мәрте 387 тоннадан астам су төгілді. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды. Бұған дейін Алматы облысының Балқаш ауданының Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатқанын хабарлағанбыз.
Қызылорда облысында жыл басынан бері 182 алаяқтық тіркелсе, оның 52-сі – интернет алаяқтық қылмысы. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Баймағанов интернет-алаяқтарының алдын алу шаралары туралы айтып берді. — Қазіргі таңда ғаламтор желісі арқылы жасалатын қылмысты болдырмау, оларды ашу бағытында Қызылорда қалалық полиция басқармасында тұрақты «CyberPol» жедел тергеу тобымен жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Алаяқтықты жасаудың негізгі және басты себептері азаматтардың сенгіштігі болып отыр. Осындай қылмысты ашу және тергеуде біршама қиындық кездеседі. Өйткені, қылмыскер үшінші адамға тіркелген әртүрлі банк карталарды, сондай-ақ әртүрлі абоненттік нөмірлерді, ақша шешіп алу үшін жалған адамдарды пайдаланады. Аталған қылмысты…
Желіде Жетісу облысы Сарыөзек ауылында тұратын 64 жастағы зейнеткерді ұлы мен келіні аулаға шығарып тастағаны туралы ақпарат шықты. Зейнеткердің көршілері тұрғынның өміріне алаңдап, БАҚ өкіліне хабарласқан. Бұл жайтқа қатысты ауыл әкімдігі өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Тағы да оқыңыздар. Журналист Жазира Бегалының Facebook-парақшасындағы мәліметке сүйенсек, 64 жастағы зейнеткердің көршілері дабыл қаққан. «Зейнеткерді ұлы мен келіні аулаға шығарып тастады деп көршілері дабыл қақты. Жетісу облысына келдік», — деп жазған ол. Осы жағдайға қатысты ауыл әкімдігінің өкілдері түсініктеме берді. Олардың мәліметі бойынша, Сарыөзек ауылында тұратын зейнеткерді 18-22 сәуір аралығында көршісі үйінің ауласында жатқанын байқаған. Сөйтіп зейнеткердің тұрмысын көрсету мақсатында журналисті…
Қостанай облысы бойынша Сауда және тұтынушыларды қорғау департаменті дүкендерге тексеру жүргізе бастайды. Мамандар дүкендерде сатылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының үстеме мөлшерін белгілейді. Олардың арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары: нан, қарақұмық, күріш, жұмыртқа және тағы басқа өнімдер бар. Еске салайық, Үкімет 19 әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімін бекіткені мәлім. Онда сауда қызметін реттеу туралы заңмен 15 пайыз сауда үстемесі қарастырылған, ал аталған мөлшерден асып кету – заңнаманы бұзу болып саналады, ондай жағдайда департамент тиісті шара қабылдайды. «Мысалы, үстемені тіпті 30 пайыздан асырған күнбағыс майын сататын дүкенге айыппұл салынды», деді Қостанай облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Азамат…
РФ Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz РФ Тергеу комитетіне сілтеме жасап. «РФ Қылмыстық кодексінің 290-бабының 6-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен (пара алу) РФ Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Владимирович Иванов ұсталды», делінген TFR телеграм каналы жариялаған хабарламада. Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко бұл іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты. «Ресей Президенті Владимир Путинге Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Ивановтың ұсталғаны туралы алдын ала хабарланған», деді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Ресми ақпаратқа сәйкес, Иванов Ресей Федерациясының Қарулы Күштерін басқару, әскерлерді орналастыру, тұрғын үй және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жауапты болған. …
Алматы облысының полиция департаменті Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды біреу өлтіріп кетуі мүмкін екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz. Полицияның мәліметінше, күдіктілер ұсталды. «Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кетуіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің өкілдері. Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының Күш ауылында үш жасар Айя София із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бүлдіршін 17 наурызда үйінен шығып кеткен, кейін оны ешкім көрмеген.