- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: asylbek
Марқұм 9 жыл бойы медициналық университетте білім алып, эндокринолог болып жұмыс істеп келген екен. Алайда оның жігіті қыр-соңынан қалмаған көрінеді. Кеше балкон арқылы үйге кіріп, қызды пышақтап кеткен. Туысқандарының сөзінше, мұнымен қоймай, ер адам оның көлігін айдап әкеткен. Салдарынан қаскөй жол апатына түсіп, құқық қорғау органдарына ұсталған. Аталған дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
АСТАНА. KAZINFORM – ҚМА есірткі құралдары мен прекурсорлардың таралуы тұрғысынан Telegram мессенджерінің арналары, әлеуметтік желілер мен хабарландыру сервистері қамтылған жаһандық желіге мониторинг жүргізіп жатыр. Нәтижесінде мессенджерлердегі 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын 4 ірі Darknet маркетплейс көзге түскен. Ол туралы ҚМА-ның баспасөз қызметі мәлім етті. «Ел аумағында Telegram арналары арқылы есірткі және психотроптық заттарды тұрақты негізде жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды. Интернет-кеңістіктің Қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң, есірткі заттарынының әлеуетті тұтынушылары болып табылатын 10 мыңға жуық адамның жеке басы анықталды», — делінген хабарламада. ҚМА хабарлауынша, нашақорлардың 50%…
АСТАНА. KAZINFORM – Қытай билігі елдегі ең үлкен су жолы – Янцзы өзенінің бассейнінде су тасқынына қарсы шараларды күшейтіп жатыр. Алдағы жоспарларға су тасқынының алдын алуға кешенді дайындық жұмыстары кіреді. Қытай Халық Республикасының Су ресурстары министрінің орынбасары (СРМ) Чэнь Минь Янцзы өзені бассейндерінде және Қытайдағы үшінші ірі тұщы су көлі Тайхуда су тасқынына қарсы шараларды күшейтуге шақырды. «Су тасқынының алдын алу үшін жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізіп, осал жерлерді нығайту қажет», — деп келтіреді Хinhua агенттігі министр орынбасарының сөздерін. Қытайлық шенеунік жауын-шашынды болжау мен су тасқынын бақылау мүмкіндіктерін жақсартуды талап етіп, сондай-ақ су тасқынын азайту үшін гидротехникалық құрылыстарды үйлестірілген түрде пайдалану…
АСТАНА. KAZINFORM – «Қуатты агроөнеркәсіп кешені» атты ұлттық жобасын бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасы көпшілік талқылауына шығарылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген құжатта 2024 – 2028 жылдарға арналған бағдарламаға бюджеттен 11 трлн 897 млрд 947 млн 275 мың жұмсау көзделген. «Ұлттық жобаны іске асыруға 2024 – 2028 жылдар кезеңінде 15 722 947 273 мың теңге (оның ішінле қайтарымды қаражат 10 460 000 000 немесе жалпы қаржыландырудың 67%-ға жуығы) бөлу көзделген. Республикалық бюджеттен –9 433 503 691 мың теңге, жергілікті бюджет –2 464 443 581 мың теңге, бюджеттен тыс қаражат көздерінен –3 825 000 000 мың теңге тартылады», — делінген қаулы жобасында.…
ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Былтыр Абай еліндегі қарағай ормандарын жайпаған алапат өртке Ертістің Павлодар өңіріндегі ауылдардың халқы айрықша алаңдап қалды. Себебі, жалқарағай ормандары Павлодар өңірімен шектесіп, бірнеше ауданның аумағын алып жатқаны мәлім. Өкінішке қарай, 277 мың гектар орманды жерге жауапты «Ертіс орманы» резерватының өртке қарсы дайындығы мәз болмай тұрған тәрізді. Тек ол емес, облыстағы өзге де орман қорғау мекемелерінде шикіліктер кездесіп жатыр. Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Семей трагедиясы Ертіс өңірінде қайталанбай ма? Айрықша қорғалған аумақтарда өрт қауіпті кезеңде тілсіз жау тұтанбай тұрмайды. Алайда кәнігі орманшылар дәл былтырғыдай алапаттың тәуелсіздіктен бергі тарихымызда алғаш рет болғанын айтып отыр. Ауа райын болжаушылар…
АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 351 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 132,7 мың этникалық қазақ оралды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметі таратқан мәліметтер бойынша, жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (51,1%) Қытайдан, 31,9% – Өзбекстаннан, 6,4% – Түрікменстаннан, 5,4% – Моңғолиядан , 3,7% – Ресейден және 1,5% басқа елдерден келген. Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,7%-ды және зейнеткерлер 9,2%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша…
Дегенмен Тамара ханым Біржан Нұрымбетовтың қолына су құя алмайды. Еңбек экс-министрі түрлі мембағдарламаларды жүзеге асыру арқасында бір ғана 2020 жылы 1 миллион 220 мың қазақстандық үшін жаңа жұмыс орнын құруға сөз берген. Онысы сөз күйінде Халықты жұмыспен қамту – шенеуніктердің ел қаржысын армансыз жұмсауына мүмкіндік беретін түпсіз құдық. Қазақстандықтарды еңбекпен қамту бағдарламаларына аста-төк қаражат шығындалады, алайда оның қайтарымы шамалы. Себебі тұрақты жұмыс орындарын құрудың нақты тетігі сол бойы түзілмеді. Бұл ретте Еңбекмині Президенттен де сөз естіді: Қасым-Жомарт Тоқаев жүздеген миллиард ел қаржысы басым көпшілігінде (85 пайыздан астамы) уақытша жұмыс орындарын ашуға жұмсалып кеткенін сынады. Салдарынан қаржы игеріліп болған тұста жұмысқа тұрды…
Антимонополиялық орган көмір бағасын мемлекет белгілесін деп ұсынып отыр. Елде жылда күрт қымбаттайтын өнімнің бірі – көмір. Инфляциямен күресте итжығыс түспек түгіл, үнемі жеңіліп жатқан Үкімет соған серпінді ықпал ететін көмір нарығына назар аударды. Салаға ауқымды талдау жүргізген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сарапшылар бұрыннан айтып келе жатқан ақиқатты анықтады. Энергетикалық көмірді көтерме сату нарығын монополия жайлаған, ешқандай бәсекелестік жоқ. Соның ішінде басты «айыпты» да табылды. «Талдау қорытындысы көрсеткендей, энергия өндіруші ұйымдардың мұқтаждарына арналған көмірді сату бойынша тауар нарығында «Богатырь Көмір» ЖШС үстемдік етіп келеді және оның еш өзгермейтін монополиялық үлесі орта есеппен 85%-ды құрайды. Салдарынан, «Богатырь Көмір» ЖШС Қазақстанда…
Билік Екібастұздың кешенді даму жоспарын жарға жықты. Онда енді көмір химиясы және көмір өнеркәсібі ғылыми-зерттеу орталығы да, индустриялық аймақ та құрылмайтын болды. Ресеймен іргелес орналасқан шаһарымыздың тағдыры шынымен алаңдатады. Медиаменеджер Әсет Матаев жергілікті мамандармен әңгімелесе келе, Екібастұзда алдағы қыста жылу құбырлары субұрқаққа айналады деген болжамды жеткізді. Мамандар биылғы қыста ахуал былтырғыдан нашар болады деп отыр. «Екібастұздағы Машһүр Жүсіп көшесі – орталық көше саналады. Қала әкімдігінің жанында. Онда гидравликалық сынақтар (қысыммен тексеру) басталды. Мамандар ахуал нашарлайды деп отыр. Ал кеше ғана Энергетика министрлігі қос жылу электр орталығының «дайындығын» мәлімдеп еді: Риддер ЖЭО – ертең, Екібастұз ЖЭО – бүгін-ақ қосуға дайын деп…
Ел қатаң санкцияға ілікті, ал мұнайы тұңғиық тереңде. Оны өндіру үшін Батыстың жаңа технологиялары керек. Еуразиялық одақ бойынша одақтасымыз Беларусь дегенде, алдымен еске ауыл шаруашылығы тауарлары түседі. Қазақстандық сөрелер соған толып тұр. «Анау Беларуське қараңыздаршы, бір тамшы мұнай жоқ болса да, аграрлық саланы дамыту арқылы елін еш қамсыз асырап отыр», – деді депутаттардың бірі. Шынында, олай емес. Бұл елдің қойнауы да мұнайға толы. Тек оны игеретін технологиясы жоқ. Өткен аптада, 17 сәуірде Беларусь Президенті Александр Лукашенко елдің мұнайының молдығына сенімді екенін мәлімдеді. Тек іздеу жағы кемшін көрінеді. «Мені мында хабардар етті. Бүгінде Беларусьтік мұнайдың барланған өнеркәсіптік қоры небәрі 45 миллион тонна көрінеді. 2016-2023…