Автор: asylbek

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексереді. Өйткені бірнеше облыста ақша жымқырылғаны анықталды. Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылған. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты.

Толығырақ

Бүгін үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов су тасқынына байланысты жағдайға есеп беріп, су басу аймақтарынан 119 мыңға жуық адам эвакуацияланғанын атап өтті. Вице-министрдің сөзінше, эвакуацияланғандардың 44 мыңнан астамы – бала. Құтқарушылар мен жұмылдырылған барлық қызметкер тәулік бойы және өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Қазір су тасқынын жоюға 32 мыңнан астам адам, 5 мыңға жуық техника, 310 жүзу құралдары мен 13 тікұшақ жұмылдырылған. Сонымен қатар министр орынбасары қорғаныс, ішкі істер министрліктеріне, ұлттық қауіпсіздік комитетіне, мемлекеттік күзет қызметі мен ұлттық ұланға су тасқынын жоюда қосқан үлесі үшін алғыс айтты. “10 өңірге авариялық және шұғыл жұмыстарды үздіксіз жүргізу үшін көптеген арнайы техника мен басқа да…

Толығырақ

Жыл басынан бері Қазақстанда такси қызметін 13,9 миллион жолаушы пайдаланған. Бұл бір жыл бұрынғыдан қарағанда 4,9% аз. Өңірлер бойынша таксилер ең көп жолаушыны Алматыда (2,5 миллион адам), Астанада (1,5 миллион адам) және Қарағанды облысында (1,1 миллион адам) тасымалдаған. Ең аз ресми такси қызметтері Жетісу (277 мың адам), Атырау (290,8 мың адам) және Алматы (306,5 мың адам) облыстарында пайдаланылған. Еліміздің 20 өңірінің 9-ында саладағы жолаушылар тасымалы 2023 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Жолаушылар санының ең көп азаюы Атырау облысында байқалды: бір жыл бұрын 3,4 миллион адам болған. Ал қазір 290,8 мың адам ғана қызметті пайданаланады. Бұл азаюдың басты себебі – еліміздің солтүстік өңірлерінде…

Толығырақ

Павлодар тұрғындары пайдаланылған ядролық отынды сақтайтын қойманың жобасын талқылады. Ядролық отынды сақтайтын қойманың негізгі орналасқан жері – Абай ауданындағы Курчатовта. Ұлттық ядролық орталық Павлодар облысының Май ауданында қосымша сақтау қоймасын салуды жоспарлап отыр. Қолданылған отын 1980 жылдардан бері зерттеу реакторларының жұмысынан алынды. Ол аралық қоймаға қойылды. Бірақ оны қауіпсіз сақтау үшін арнайы бөлме қажет. Бұл орын кірме жолдардың болуына байланысты таңдалды. Ұлттық ядролық орталығының өкілдері атап өткендей, қоршаған ортаға, жергілікті тұрғындарға және жануарлар әлеміне қауіп жоқ. Бірақ павлодарлықтар бұған келіспейді. “Халық 50 жылдан кейін енді не болады деп сұрады. Сіз есепте ештеңе жазбадыңыз, бірақ біз үшін мұны түсіну маңызды. Бізде Павлодар…

Толығырақ

Желіде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы Esentai Mall сауда орталығының алдында Pepsi сусынын ұстаған бір топ жігіттердің видеолары тарады. Деректерге сай, олар бай әйелдерге қандай да бір қызмет көрсету мақсатында жол бойында тұратындықтан бұл іске полиция араласқан. Stan.kz тілшісі pepsi 0,5 ұстап ауқатты келіншектердің көлігін күткендерге қандай жаза қарастырылып жатқанын полиция департаментінен сұрап білді. Жастар бұл әрекетті тіпті желіде челленджге айналдырған. Рepsi сусынын ұстаған жігіттердің мақсаты – жол бойында қымбат көлік мінген бай әйелдердің назарына түсу. “Қазақстанда енді pepsi ұстағандарды ұстап, жазаға тартады. Егер сіз pepsi 0,5 литр туралы қауесетті әлі түсінбей жүрсеңіз айтайын. Жігіттер, әсіресе жастар көбіне қаланың бай-ауқатты адамдары жүретін көше бойында тұрып, pepsi 0,5 ұстау арқылы қалталы әйелдерге сигнал береді. Бұл…

Толығырақ

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев келесі айдан бастап жаңа ипотекалық бағдарламаның іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Мамыр айынан бастап Отбасы банкімен жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылатын болады. Ипотекалық несие әлеуметтік осал топтарға 7 процентпен, қалған санаттағы азаматтар үшін – 9 процентпен берілетін болады. Алғашқы жарна — 20 пайыз. Осы жылы 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие берілсе, одан әрі 8 мың несие беру үшін жыл сайын 200 млрд теңге қарастырылады, — деді Шарлапаев үкімет отырысында. Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай көмек көрсетілетінін айтты.

Толығырақ

Билік «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын 2019 жылдан бастап жүзеге асыруда. Оған ел бюджетінен 1 триллион теңге бөлінді. Осы қаражатқа халық көп тұтынатын, бірінші кезекте қажетті, қарапайым заттар шығаратын кәсіпорындар қарқынды дамытылуға тиіс еді. Алайда республика өзін ең құрыса шұлықпен 100 пайыз жабдықтайтын дәрежеге жете алмады. Яғни, отандық бүкіл жеңіл өнеркәсіптің жыл бойы өндіргені 20 миллионнан асқан халқымыздың жартысына ғана жетеді. Дәл осы кезде шетелден, негізінен, Қытайдан, Ресейден, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан тасылып жатқан шұлық парларында қисап жоқ, тонналап әкелінуде. Қазақтардың аяғына шұлықты негізінен Қытай кигізіп отыр: ханзу елінен 267 миллион долларға 24,3 мың тонна шұлық бұйымдары тасылды. Бұл – жалпы импорттың…

Толығырақ

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Сайыров TikTok желісінің бала психикасы мен денсаулығына залал келтіріп жатқанын айтты. Ол TikTok-ты кәмелет жасына толмаған балалар үшін қатаң шектеу немесе Қытай еліндегідей балаларға арналған форматын ғана қолдануды ұсынды. «Балалар арасында кеңінен танымал TikTok-тың жастарымызға рухани зияны артып келеді. Өкінішке қарай, бүгінгі жастар ата-баба тәлімімен емес, негізінен TikTok арқылы тәрбиеленіп жатыр. Онда пайдалы контентпен қатар, баланы жағымсыз әдеттер мен теріс қылықтарға бастайтын бейнематериалдар да жеткілікті», — деді ол.

Толығырақ

«Өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталып кетті. Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем. Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. 100 айлық есептік көрсеткішке қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін өтемақы төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.», — Олжас Бектенов.

Толығырақ

Қазіргі уақытта Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасуда. Ресейдің Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне ағызған судың салдарынан батыста жағдай күрделене түсті, ал солтүстікте су Ақмола облысынан келіп жатыр. Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақты, жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде. Бұл өңірлердегі елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Төтенше жағдай аймақтарындағы елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері жедел шешілуде. Бұл ауыз суды жеткізуге, энергиямен жабдықтауды және көлік байланысын қалпына келтіруге қатысты.Су тасқынын жою жұмыстары басталғаннан бері шамамен 11,6 миллион текше метр су сорылып, 5 миллионнан астам құм қапшық төселді.

Толығырақ