Автор: asylbek

Қаржы тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты бірінші кезектегі қажетті заттарға арналады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті. Айтуынша, қазірдің өзінде 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК көлемінде төлем алған. Кәсіпкерлердің шығыны да өтелмек. «Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Ешкім де көмексіз қалмайды», — деп атап өтті үкімет басшысы.

Толығырақ

Үкімет фермерлер үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру құралдарын ақылы етпек. Мемлекет топан суға қарық болып өлген төрт түлік малдың барлық иелеріне өтемақы төлеуге шешім қабылдады. Осы мақсатта Су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың хаттамасымен, өлген ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу алгоритмі бекітілді. Алайда мұнда бір «гәп» бар. Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсіндіруінше, мал өлекселерінің меншік иесін анықтау үшін әрбір жануардың бірдейлендіру нөмірі – құлағындағы сырға-биркасы, денесіндегі таңбасы және тағы басқасы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорымен» салыстырылады. Мал сонда тіркелсе, өтемақы да төленеді. Бұл ретте еліміздегі малдардың бәрінде бірдей идентификациялау құралдары жоқ. Сол үшін шенділер мал иелерін үнемі жазалайды. Мысалы, тек…

Толығырақ

Өзбекстан халқы әр айда орта есеппен 54,5 мың адамға көбейіп 2024 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша, Өзбекстан республикасындағы тұрақты тұрғындардың саны 37 000 291 адамға жетті. Бұл туралы Өзбекстан президенті жанындағы статистика агенттігіне сілтеме жасап «Ұлт ақпарат» хабарлап жатыр. 16 сәуірде ғана бұл сан 36 990 128 болған. Республиканың тұрақты тұрғындарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1% өсті. 2024 жылдың басынан бері халық саны 163 500 адамға артқан. Өзбекстан халқы 2024 жылдың әр айында орта есеппен 54,5 мың адамға көбейіп жатыр. 2024 жылда әр күн сайын тұрақты тұрғындарының саны орта есеппен 1,8 мың адамға артып отыр.

Толығырақ

Соңғы сәуір айы бойында бұрыңғы экс-министр Қуандық Бишимбаевтың жасаған қылмысы көп талқыланып кетті. Тіпті Мәжіліс заң да қабылдап үлгерді. Жоғарғы соттағы Қ.Бишимбаевтың соты тікелей эфир арқылы көрсетіліп 3,9 млнға дейін қаралым жинады. Барлық БАҚ Бишимбаевты ермек қылып отыр. Ал елімізде болып жатқан су тасқыны басқа да қоғамдық проблемалар мен Мәжілісте қабылданып кетіп жатқан Заңдар қаншалықты маңызды екені айтпаса да белгілі. Жақында «Жол ережесі» туралы заң қабылданды. Біздің халықтың сөзін сөйлеп, Мәжілісте жалынды баяндамаларымен белглі депутаттарымыз бірауыздан қабылдап жіберді. Халықтың қалтасына тағы да салмақ түсуде. Су тасқынында алдын-ала жұмыс жасамаған, дайындалмаған министрліктер мен әкімдер екені сөзсіз. Президенттен «қатаң» сөгіс алумен…

Толығырақ

Маржан Қозыбаева ұлының тірі екенінен қаншама жылдар бойы үміт үзбеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты atpress.kz парақшасына сілтеме жасап. 1996 жылы күзде әскерге кетіп, оралмаған Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Жасқайрат ауылының 1977 жылы туған тұрғыны Бейбіт Қозыбаев 28 жылдан кейін аман-есен табылған. Мәліметке сүйенсек, қарт ана Маржан Қозыбаева ұлының тірі екенінен еш үмітін үзбей, жылдар бойы тоздырмаған табалдырығы, қақпаған есігі қалмапты. «Маржан апайдың бұл күнге де жетіп, туған ұлын құшақтап, сағынышын басқанын көзіміз көрді. Аудандық әскери комиссариатына келіп, баласын сұрап егілген ананың талай қиналғаннан есінен танып қалғанын да көргенбіз. Сол кездері оны не деп жұбатарымызды білмей, біз де қиналып қалушы едік. Бүгін, міне,…

Толығырақ

«Қазір Батыс Қазақстан облысында жағдай күрделі. Өйткені, Жайық өзеніндегі судың деңгейі әлі көтеріліп жатыр. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, қазір ондағы судың деңгейі – 8 метр 62 см, ал қауіпті деңгей – 8 метр 50 см. Су қауіпті деңгейден 12 см-дан асты. Сондықтан облыста қауіптің беті сейілген жоқ», — деді Төлеуіш Нұржан ОКҚ-да өткен брифингте. Оның айтуынша, биыл 25-26 сәуірде Орал қаласында судың деңгейі 9,5 метрге дейін көтеріледі деген болжам бар. «Жайық өзенінің бойындағы 84 елді мекенде қауіптің беті сейілмеді. Өткен тәулікте 61 адам эвакуацияланды. Кеше Шаған өзенінің бойындағы Стеновик бауба-бақшасында дамбадан су өтіп кетті. Сондықтан шұғыл эвакуациялау жұмысы жүргізілді. Алайда эвакуациядан…

Толығырақ

ШТУТГАРТ. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің чемпионы атанды. Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 27-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен чемпиондық атақты сарапқа салды. Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездескен еді. 2023 жылы Аделаиде (Аустралия) турнирінде Костюк 6:7 (5:7), 6:2, 6:3 есебімен ұтса, АҚШ ашық чемпионатында Рыбакина есе қайырған еді – 6:2, 6:1. Бұл жолы қазақстандық теннисші матчты брейкпен бастады – 2:0. Бұдан кейін есепті 5:2-ге жеткізіп, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2. Екінші партияда да Рыбакина 2:0 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:2. Содан соң төртінші матчболын пайдалана алды –…

Толығырақ

АСТАНА. KAZINFORM – 15 сәуірден СҚО аумағында су деңгейі қайтадан көтеріліп жатыр. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин айтты. «Облыста су тасқынының бірінші толқынының негізгі кезеңі өтті. Бөгеттен асып кетудің максималды деңгейі 425 см болды. Соның салдарынан 3 419 үйді су басты. Әлі де 3 223 үйді су басып тұр, 196 үйдегі қауіп сейілді. 14 388 адам эвакуацияланды, 764 адам үйлеріне оралды. Қазір су басқан аумақтың тұрғындары уақытша тұрғылықты жерге көшіріліп жатыр», — деді С. Ғайсин Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде. Оның айтуынша, Ақмола облысынан келген суға байланысты 15 сәуірден СҚО…

Толығырақ

Колумбарийлер үшін арнайы жер учаскесі бөлінеді. Бұған дейінгі зираттар сол күйі қала береді. Марқұмның күлін сақтаудың екі түрі қарастырылған: ашық аспан астында, яғни ұяшығы бар арнайы қабырғалар тұрғызылып, құтыларды орнастырады; күл салынған құты жабық ғимарат ішінде сақталады. Жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау қағидаларына қосымша бес ұғым енгізілмек: Колумбарий – кремацияланған мәйіттің күлі бар урналар қоймасы; Колумбарийдің мемориальды тақтасы – қайтыс болғанның аты, тегі мен әкесінің аты, туған күні мен қайтыс болған күні көрсетілген колумбарийдің қуысын жауып тұратын тақта; Колумбарий тауашасы – колумбар құрылымындағы тереңдетілген ұяшық. Оған қайтыс болған адамның күлімен қоқыс жәшігі орнатылады; Күл – кремациядан кейін қайтыс болған адамның…

Толығырақ