Автор: asylbek

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағайлы жаңбыр сақталады. ҚР бойынша желдің күшеюі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман күтіледі. «19–22 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жауын шашын болжамына, сондай-ақ орта таулы аймақтарда қардың қарқынды еруінің жалғасуына байланысты, беткейлік ағынның қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің одан әрі көтерілуі және қауіпті деңгейден асуы күтіледі. Ақмола облысының Қорғалжын ауылында Нұра өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің 4 сағат ішінде 6 см-ге көтерілуі…

Толығырақ

ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева жедел ақпарат ұсынды. Оның айтуынша, су тасқыны басталғаннан бері барлығы 118 180 адам құтқарылып, эвакуацияланған, оның ішінде 44 254 бала. Су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 19 715 адам үйлеріне оралды. Эвакопункттерде 8 821 адам қалады, оның ішінде 3 885 бала. 4 370 тұрғын үй мен 2 737 аула аумағынан су бұрылды. «10,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,4 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 989 жеке тұрғын үй, 1 091 аула аумағы су астында…

Толығырақ

Полицейлердің айтуынша, секс-притонді сутенер-әже басқарған. Ол алдын ала жазылу бойынша келген клиенттерге «түнгі көбелектер» қызметін ұсынды. Әрбір тапсырыстан зейнет жасындағы кәсіпкер орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алған.Ресми мәлімет бойынша, жеңіл жүрісті қыздың үшеуі қазақстандық болса, алтауы өзбекстандық болған. Барлығы операциялық есепке алынады.Зейнеткер 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Толығырақ

«Өмір көркем» бағдарламасында блогерлер саны ресми емес деректерге сүйеніп айтылды. Бағдарлама мәліметінше, елімізде 556 мыңнан аса блогер бар екен. Оның 483 мың блогердің 10 мыңға дейін, 63 мың блогердің 50 мыңға дейін, 10 мың блогердің 500 мыңға дейін, 400 блогердің 1 миллионға дейін, ал 230 блогердің 1 миллионнан аса оқырманы бар.  Қанша блогер салық төлейді? Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл сұраққа жауап берген еді. «Қазір 400-ден аса блогер тіркелген. 2023 жылы олар 200 миллион теңгеден аса салық төлеген. Егер олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1 пайыздан 4…

Толығырақ

Қазақстан Ұлттық құрамасының Париж Олимпиадасына арналған киім үлгілеріне конкурс аяқталып, комиссия мүшелерінің шешімі бойынша 3 номинацияда («Спорттық форма», «Салтанатты спорттық форма», «Ту ұстаушылардың спорттық формасы») жеңімпаздар белгілі болды. Бірінші кезеңде 15 қатысушы жұмыс материалдарын 15 сәуірге дейін ұсынған болатын. Екінші кезеңде 16-17 сәуір күндері ұсынылған жұмыс материалдарын арнайы комиссия қарады. Жұмыс тобының қатарында 18 адамнан құралған Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, белгілі спортшылар және БАҚ қызметкерлері болды. Айта кетейік, киім үлгілері Қазақстан тігілмейтіні жайлы осыған дейін жазған болатынбыз. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж олимпиадасына арналған спорт киімдерін…

Толығырақ

Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, су тасқынына байланысты Ақтөбе, Атырау облыстарының бірқатар мұнай өндіруші кәсіпорындарында 634 ұңғыманың жұмысы тоқтатылды. Ал мұнай өндірудің жалпы шығыны — 16 мың тоннаны. «Бүгінгі таңда 141 ұңғыманың жұмысы қалпына келтірілді, әлі де 493 ұңғымада өндіру тоқтатылды, оның ішінде: Ақтөбе облысында 489 ұңғыма тоқтатылды («СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ 440 ұңғыма, «ҚМК Мұнай» АҚ 25 ұңғыма, «Фирма Ада Ойл» ЖШС 24 ұңғыма) және Атырау облысында 4 ұңғыма тоқтатылды ұңғымалар («Ембімұнайгаз» АҚ 3 ұңғыма, «5А Ойл» ЖШС 1 ұңғыма)», — деді министрлік.

Толығырақ

KAZINFORM – Түркия астанасы Анкарадан солтүстік-шығысқа қарай 368 шақырым жерде орналасқан Токаттың Сұлусарай ауданында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Anadolu хабарлады. Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) хабарлауынша, сағат 18:11-де жер сілкінісінің ошағы Сұлусарай аймағында 5,6 балдық жерасты дүмпуі тіркелген. Жер сілкінісі 5,99 шақырым тереңдікте болды. Көрші провинцияларда да сезілді. AFAD жер сілкінісінің айналасындағы оқиғаларды бақылап жатқанын жеткізді.

Толығырақ

KAZINFORM – Алғашқы жеті адам бұрынғы президент Дональд Трамптың сотында әділ әрі бейтарап үкім шығара алатындарына сендіргеннен кейін қазылар алқасының құрамына сайланды, деп хабарлайды NBC News.  АҚШ-тың алқабилер соты 12 адамнан тұрады. 96 үміткердің ішінен таңдалған алғашқы жеті адам ант берді және дүйсенбіде сегіз аптаға созылатын сот процесін бастайды. Қазылар алқасы туралы келесі мәлімет бар:  Бірінші алқаби: Батыс Гарлемде (Нью-Йорк ауданы) тұрады, сату саласында жұмыс істейтін адам. Ол үйленген және «кез келген нәрсені таза ауада» істегенді ұнатады. Екінші алқаби: Жоғарғы Ист-Сайдта (Нью-Йорк қаласы) тұратын әйел, «Memorial Sloan Kettering»-те онкологиялық медбике болып жұмыс істейді. Оның сөз байласқан жұбы бар. Ол бос уақытын…

Толығырақ

KAZINFORM – Астанада Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қырғызстанның мемлекеттік наградаларын тапсыру рәсімі өтті. Іс-шара барысында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Касмамбетов мәдениет және өнер өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттауды ғасырлар бойы қалыптасқан достықтың, ортақ мәдениеттің, ынтымақтастықты дамытудың белгісі, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі белсенді дамытуға бағытталған қадам ретінде қарастыру керектігін атап өтті. Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі Қырғызстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мына адамдар марапатталды: «Данакер» орденімен: — Мұрат Мұхтарұлы Әуезов – Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, мәдениеттанушы; — Мұхтар…

Толығырақ

 Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесін қиған республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырминге қатысты тәртіптік шара қолданылды. Бұл туралы мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Мәлімдемеде айтылғандай, 2022 жылдың 17 қазанында Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте Қ.Бишімбаев пен С.Нүкенованың өтініштері бойынша куәгерлердің қатысуымен некесі қиылған. Екеуінен және олардың туыстарынан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде «жасалу үстінде» деп жауап берген. Олардың некесін қиған республикалық бас мешіт имамы Қ. Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалған. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жарғысына сәйкес ҚМДБ-ның ресми діни қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жұмыс істейді. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»…

Толығырақ