- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
- Жамбыл облысында 24 полигон рұқсатсыз жұмыс істеген
- «Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты
- Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 миллион теңге жымқырған
- Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған ресейлік 11 жылға сотталды
- Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
Автор: asylbek
Қала аумағында күндіз автокөліктің жарық шамын жақпағандар айыппұл салынбауы мүмкін, яғни тек ескерту жасалады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» Заңына жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде мәлім болды. «Көлік жүргізушілері арасында үлкен тақыға түскен, қарсылық танытқан бір мәселе болды. Яғни күндіз жарық шамын қалада жағып жүруге қатысты осыған дейін біраз уәж айтылды. Барлығын міндеттеп, жақпағандарға айыппұл салынды. Енді қазір сол айыппұлдарды Әкімшілік кодекстен алып тастау ұсынылып отыр. Жалпы, бұл шешімге не себеп? Расымен, күндіз қалада жарық шамын жағып жүру талабы…
Елімізде болып жатқан алапат тасқынға әркім өз шамасынша көмектесіп жатқаны шындық. Мұндай тасқын сулар ресейде, Ауғанстанда тіпті Араб Эмираттарында да орын алып жатыр. Әлемдік масштабтағы табиғи апатқа елдің еріктілер мен азаматтары өздерінің қолұштарын беріп келеді. Бірлік пен береке танытқан ұлттың алмайтын қамалы болмасы хақ. Соның бір дәлелі «Байтақ» жасылдар партиясы. Су тасқыны басталған кезеңнен бастап, дабыл қағып, штаб құрып, партияның 20 бөлімшесі мен кәсіпкерлерді жұмылдыру жұмыстарына шұғыл кірісті. Партия басшысы Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, «Партия үшін басты мақсаттың бірі батыс өңірлерде су тасқынынан зардап шеігп жатқан халыққа көмек көрсету болды. Жергілікті билік органдарымен және еріктілермен бірлесіп, Құлсарыдағы халыққа жәрдем беру…
Қазақ жастарының миын улап, болмысын өзгертіп, дүниетанымына үлкен өзгеріс әкеліп жатқан әлеуметтік желінің бірі TikTok. Тпті жақында АҚШ бұл әлеуметтік желісіне тиым салды. Ресейде жақында TikTok желісіне тиым салу мәселесін қарастырып жатыр. Ұлтқа рух беретін, қазақ тарихын, қасиетті шаңырағын, бірлігі мен берекесін айқындайтын Елтаңбамен алыспай, күмәнді қаржы көздерімен күн көріп жүрген «Жаңа адамдар» бастамашыл жастар неге осы мәселені көтермейді. TikTok пайда болмай тұрғанда өсіп, өнген жастар мен TikTokпен өскен жастарды салыстырып көріңіз. Күнімен көзін құртып, денсаулығына , психикасына әсер келтіретін видеоларды көріп жататын жастар, сыртқы әлеммен тіпті ата-ана, ағайын туысымен байланысты үзді. Интернет байланыс жоқ болса ауылға бармаймын деп…
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді кәсіби қолданушылар қауымдастығы Роскомнадзорға Ресейде TikTok-ты бұғаттауды қарастыруды ұсынды. Сарапшылар пікірінше, ресейлік әлеуметтік желілер осының арқасында аудиториясын арттырады. Реттеуші өтінішті қабылдап, оны 8 мамырға дейін қарастырады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. TikTok қосымшасы қазір Ресейде жұмыс істеп жатыр, бірақ тек екі жыл бұрынғы бейнероликтер қолжетімді. Қауымдастықтың еске салғанындай, блогерлер сол арқылы қаралымнан түскен табыстан айырылды. «Шын мәнінде, бұл платформаның бүгінде Ресейде жасайтынының бәрі пайдаланушыларды TikTok-ты алмастырған отандық платформалардан алыстатады», — деп санайды қауымдастық. Қауымдастық мамандарының қысқа бейнероликтер қызметін пайдаланушылар арасында жүргізген сауалнамаға сәйкес, олардың 70% TikTok қарауды жалғастыруда: кейбіреулері оны әдетінше пайдаланса, басқалары бейненің қанша ескіргеніне мән бермейді.…
Әлеуметтік желі арқылы танысқан қызды алып қашпақ болған жігіт 4 жылға сотталды. Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қабылданды. Айыпталушы Жаңаөзен қаласынан Шымкентке қызды алып қашу үшін арнайы барған. Жәбірленуші берген түсініктеме, сондай-ақ оқиға орнын тексеру хаттамасы мен алынған бейнежазбаларды қарау барысында сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Айыпталушы да өз кінәсін мойындаған. «ҚК-нің 63-бабына сәйкес, жаза шартты деп белгіленді. Жаза тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың болмауын, жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оның кінәсін толық мойындауын, жеке басын, бұрын сотты болмағанын және жәбірленушінің сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған пікірін ескерді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», делінген Шымкент қаласының қылмыстық істер…
«Жеке сәйкестендіру нөміріңізді теріп төлемдердің бар-жоғын тексеріңіз», «Сілтемені басып, 3 млн теңгеге дейін өтемақы алыңыз,», «Мемлекеттен тезірек жәрдемақы алыңыз». Қаскүнемдер әлеуметтік желілерде осындай сынды жалған ақпарат орналастырып, ел азаматтырының дербес деректерін ұрлай бастады. Алаяқтықтың бұл түрі кеше-бүгін пайда болған жоқ, алайда кейбір азаматтар алаяқтардың айла-шарғыларының құрбаны болып жатады. Fingramota.kz негізгі қауіпсіздік шараларын еске салады. Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленіп жатыр ма? Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккендер жергілікті атқарушы органдардан, яғни әкімдіктерден біржолғы төлем алады. Төлемдер мөлшері әр өңірде келтірілген материалдық залалды есептеу үшін құрылған арнайы комиссиялардың шешімі бойынша жеке белгіленеді. Ол үшін су тасқыны салдарынан айырылған…
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын нығайту, сондай-ақ басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу және су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz. Облыста қорғаныс құрылыстарын жүргізуге 7 895 адам және 1 781 бірлік техника, соның ішінде 1011 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Жайық өзенінің жағасында ұзындығы 100 шақырым болатын бөгет жасақталып, 771 мың құм толтырылған қапшық салынды. 2024 жылдың 16 сәуірдегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 776 см-ге дейін жетті және су деңгейі әлі көтеріліп жатыр. Өткен жылы ең жоғары деңгей 557 см болған еді. Қауіпті деңгей — 850 см. «Су Ресей Федерациясыннан келеді,…
Алматыда 4 жасар өгей ұлын ұрып өлтірді деген күдікке ілінген 20 жасар жігіт сот алдында кінәсін мойындамады, деп жазады Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 2023 жылдың қыркүйегінде 4 жасар бүлдіршін «Алма сити» тұрғын үй кешенінде көз жұмды. Бүлдіршіннің анасы баласын өгей әкесімен бірге қалдырып, жұмысқа кеткенін айтты. Істі тергеу барысында Самал өзінен алты жас кіші жігітпен Энергетика және электронды технологиялар колледжінде танысқаны анықталды. Бүлдіршіннің анасы аталған колледжде жұмыс істесе, айыпталушы Дархан Дәулетов сол оқу орнының студенті болған. Айыпталушы қайғылы оқиға болған күнгі әрекетін сот алдында былай баяндады: «Бір рет жамбас тұсынан, құйрығынан алақанмен ұрғаным бар, оны растаймын және сол уақытта бала қолды-аяққа тұрмай,…
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы соңғы ақпаратты бөлісті. Айта кетсек, өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуіне байланысты Жайық өзеніндегі су деңгейі біршама көтерілді. Бұл «Қазгидромет» мамандары жүргізген гидрологиялық мониторинг кезінде белгілі болды. 16 сәуірдегі сағат 08:00-дегі жағдай бойынша: Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 538 см., су деңгейі +10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 315 см-ді құрайды. Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 664 см., су деңгейі + 10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 347 см-ді құрап отыр. Жайық өзені — Атырау қ. гидропостындағы…
Төтенше жағдайлар министрлігі әр сағаттың басында су тасқынына байланысты жағдайды баяндап жатыр. ОКҚ алаңында өткен брифингте ведомствоға қарасты Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бірқатар мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz. Ерасыл Сайпаштың айтуынша, жаппай жұмылдырылған күштер мен техникалық құралдардың көмегімен 9,7 миллион текше метрден астам еріген су сорылған. Тасқынға тосқын мақсатында 2,4 миллион қап пен 1,2 миллион тонна инертті материал төселді. «Осы уақытқа дейін 13 543 адам үйлеріне оралды. Эвакуация пункттерінде 7 014 адам, оның ішінде 3 144 бала жатыр. Су тасқыны басталғалы бас-аяғы 113 693 адам, оның ішінде 39 922 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 107 613 ауыл…