Автор: asylbek

ы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша автомобильдерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезінде жемқорлық тәуекелдері анықталды. 2011 жылдан бері қолданылып келе жатқан автокөлікті тіркеу жүйесі әділетсіз қызметкерлердің жалған деректер енгізіп, жалған құжаттар беруге жағдай туғызып, жемқорлыққа жол берген. Агенттік 3 жыл ішінде 23 қылмыстық істі тергеді. 3 мыңнан астам заңсыз көлік есепке қойылып, 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілді. Уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар енгізіліп, олардың бір бөлігі іске асырылды. Арнайы ХҚКО мен ІІМ-де автокөлікті тіркеу бойынша жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылды. Өтінімдерді ресімдеу және қарау кезінде деректерді түзету үшін мүмкіндіктер алынып тасталды. Енді тек әкімшілік полиция комитеті өзгерістер енгізе алады.…

Толығырақ

Редакциямызға Қарағанды облысының Осакаровка ауданында Зұлпықарқызы Дәкөш деген әжеміз хабарласты. Осыдан отыз жыл бұрын отанына Монғолиядан оралған әжеміздің баспанасы құлауға шақ тұрғанына 2 жылдың жүзі болыпты. Қазіргі күні үй құлап кетеме деп қорыққан әжеміздің үйі аңырап тұр. Ортадағы пеш жарылып, темір пеш қойғанымен жылытпайды дейді. 1960 жылдары салынған үйдің құлаудың алдында тұрғанын Осакаровка кентінің әкімі де, аудан басшылығы да біледі екен. Төбесі ойылып ортасына түскен қарт ананың қауқары неге жетсін. Қайырымды жандардан көмек болар деген үмітпен бірнеше рет әкімдікке де, аудандық газетке барыпты. Қолымызға аудандық газеттің «Қайырымды жандарға құлаққағыс» атты мақаланы көрсетті. Дәкөш апамыздың айтуынша, «Күнкөріс үшін бірнеше…

Толығырақ

  БЖЗҚ-ның 2024 жылдың 01 ақпанындағы негізгі көрсеткіштері    2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 18,1 трлн теңгеден асты. Олардың 2024 жылдың бірінші айындағы өсімі шамамен 240,5 млрд теңге (1,3%). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 3,3 трлн теңгеге (21,9%) өсті. Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан және 17,5 трлн теңгеден асты (бір жылдағы өсім — 21,7%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 578,2 млрд теңге (бір жылдағы өсім – 26,9%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 5,5 млрд теңгеден асты (бір жылдағы өсім – 50,1%). Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы…

Толығырақ

Айта кетсек, өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуіне байланысты Жайық өзеніндегі су деңгейі біршама көтерілді. Бұл «Қазгидромет» мамандары жүргізген гидрологиялық мониторинг кезінде белгілі болды. 16 сәуірдегі сағат 08:00-дегі жағдай бойынша: Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 538 см., су деңгейі +10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 315 см-ді құрайды. Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 664 см., су деңгейі + 10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 347 см-ді құрап отыр. Жайық өзені — Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 387 см., су деңгейінің көтерілуі +14 см., су тасқыны басталғаннан бері жалпы…

Толығырақ

Су тасқыны аймақтарында көрінеу жалған ақпарат тарату әрекеттері тыйылмай тұр. Ішкі істер министрлігі «Петропавлда тасқын сумен бірге жабайы қабан, қасқыр пайда болды» деген сарында жалған хабарлама таратқан тұрғындарды анықтады, деп жазады Egemen.kz. ІІМ өкілдері төтенше жағдай кезінде тұрғындардың психологиялық жағдайы тұрақсыз болатынын пайдаланып, жалған ақпарат таратқандарды тапты. Мәселен, TikTok әлеуметтік желісінде «Петропавлдағы су басқан Ойқала ауданында сумен бірге қасқырлар мен жабайы қабандар пайда болды» деген хабарлама шықты. Жалған ақпаратты қаланың 20 жастағы тұрғыны таратқаны анықталды. Оның құрдасы дәл осы әлеуметтік желіде «тасқын судан екі бала қайтыс болды» деген ақпарат таратқан. Бұл ақпарат та өтірік болып шықты. «Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратушылардың…

Толығырақ

Оқиға 10 сәуір күні Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында болды. Ақпаратты облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады, деп жазады Egemen.kz. Аяғы ауыр келіншек жүктіліктің он алтыншы аптасында болған. «Жүкті әйел жалған толғақ диагнозымен ОПС бақылауында болып, тиісті ем алып жатқан. Оның бойынан психологиялық ауытқулар байқалмаған. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Құқық қорғау органдары өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады», делінген ресми мәліметте. Марқұмның артында 3 баласы қалды, олардың үлкені 6 жаста болса, екеуі балабақшаға барады. Полиция департаменті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп…

Толығырақ

Қазақстанда биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек (Мұрат Савельев) алғаш рет өзін асырап алған анасымен жария сұхбаттасты. Сұхбат барысында Жәнібек Валериден неліктен баланы Арқалықтан асырап алғанын, асырап алу процесі қалай жүргенін, істің егжей-тегжейін сұрады. 4 сәуір күні Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында асырап алған анасы Валери Майоркаға келуді жоспарлап отырғанын, осы сапар барысында өзін және қазақ халқын толғандырып отырған бірнеше сауалға тікелей жауап алу мүмкіндігі туғанын хабарлап, сұрақ қоюды өтінген еді. Жәнібектің асырап алған анасымен 6 минутты құраған сұхбаты барысында бұған дейін көпшілікке беймәлім болған деректердің беті ашылды. Валери Қазақстаннан бала асырап алу туралы ақапартты алғаш рет Бельгиядағы таныс әйелі арқылы естіген.…

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көруден басталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысына Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады. Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған. Су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.

Толығырақ

Желіде Қызыл кітапқа енген «Грейг» қызғалдағын жұлған қыздың видеосы тарады. Кадр Ордабасы ауданы, Ұялыжар ауылдық округінде түсірілген. Полиция 22 жастағы студентке қатысты тергеу амалдарын жүргізуде. Қыз қылмыстық жазаға тартылып, 3 000 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 11 миллион 76 мың теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салуды көздейді.

Толығырақ

6 717 адам, оның ішінде 2 952 бала эвакуациялау пункттерінде. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 111 256 адам, оның ішінде 39 222 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 107 613 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. ОКҚ өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш осындай мәліметтерді жариялады. «Жұмылдырылған күштер мен құралдар 9,6 млн текше метрден астам еріген қар суын сорып шығарды, 2,3 млн қапшық және 1,2 млн тоннадан астам инертті материал төседі. 3 565 тұрғын үй мен 2 195 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5405 жеке тұрғын үй, 1…

Толығырақ