- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
- Жамбыл облысында 24 полигон рұқсатсыз жұмыс істеген
- «Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты
- Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 миллион теңге жымқырған
- Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған ресейлік 11 жылға сотталды
- Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
Автор: asylbek
Қырғызстанда «Инициатива112» бастамасы бүгін «Қазақстанға 112 сағат қолдау» марафонын өткізеді. Марафон әлеуметтік желіде жүргізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz порталына сілтеме жасап. «Әлеуметтік желіде болатын шара ертең Бішкек уақытымен сағат 15:00-де басталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонға қатысуға ниет білдірушілер көбейіп жатыр. Олар су тасқынынан зардап шеккен барлық қазақстандыққа рухани қолдау көрсеткісі келеді. Тікелей эфирге әлемнің әртүрлі елдерінен спикерлер қосылып, қолдау білдіреді», – делінген бастама хабарламасында. Еске салайық, Қырғызстан Қазақстанға бұған дейін екі мәрте гуманитарлық көмек жіберді. Бірінші ретте 6 сәуірде 300 тонна гуманитарлық жүк тиелген «Көмек керуенін» жолға шығарса, 13 сәуірде сүт өнімдерінен тұратын көмек жіберді. Онда 10 мың литр айран, 10 мың литр сары…
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшылары 2024 жылдың II-IV тоқсандарына Enbek.kz электрондық еңбек биржасының деректер базасында бос жұмыс орындарының қысқа мерзімді болжамын дайындады. Оған сәйкес, 2024 жылы ең көп сұранысқа ие мамандықтар мұғалімдер мен орта медициналық қызметкерлер болады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, биыл болжамға байланысты электрондық еңбек биржасында жарияланатын бос жұмыс орындарының саны 1,15-тен 1,3 млн бірлікке дейін болады деп күтілуде. Базалық сценарийге сәйкес осы жылы бос жұмыс орындарының саны 1,2 млн-ды құрайды, бұл 2023 жылғы деңгейден 8%-ға жоғары. Сондай-ақ биыл бос жұмыс орындарының ең көбі Алматы қаласында, Қостанай облысында, Астана қаласында, Қарағанды …
Ереванда өткен келіссөздер барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Оңтүстік Кавказда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды. Мемлекет басшысы Армения мен Әзербайжанның бейбіт келісім жасау жөніндегі қадамдарын жоғары бағалады. Осы орайда Қазақстан Президенті Ереван мен Баку арасында тезірек берік әрі ұзақмерзімді бейбітшілік орнағаны маңызды деп атап өтті. Сондай-ақ келіссөздер үшін Қазақстан өз алаңын ұсынуға дайын екенін мәлімдеді. Бейбітшілік пен келісімге нақты келіссөздер арқылы қол жеткізуді жақтайтын Қазақстанның бұл бағыттағы барлық іс-әрекетті қолдауға әзір екені айтылды. Тараптар Армения мен Әзербайжан арасындағы уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.717:34 Leave a comment
«Әуезов», «Қаламқас-Теңіз», «Хазар» кен орындарының бір шылбыры ресейлік «Лукойлға» берілді. Сарапшылар Қазақстанның бұл қадамына қайран қалды. Өйткені «Лукойл» АҚШ санкциясына 2014 жылғы қыркүйекте алғашқы болып іліккен компания. Америкалық санкциялардың орындалуын қадағалайтын органы – Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) санкция аясында бұл ресейлік компанияның теңіздегі, терең қайраңдардағы мұнай өндірісі жобаларын қолдауға, технологиялар, тауарлар мен қызметтер жеткізуге батыс компанияларына тыйым салады. Оған инвестиция құюға, несие беруге шектеу енгізілді. Каспийдегі «Әуезов», «Қаламқас-Теңіз», «Хазар» қазыналы учаскелері жағаға жақындау орналасқанымен, бәрібір күрделі кен орындары саналады. Оның үстіне Батыстың, дамыған елдердің технологияларынан қағылған «Лукойл» моральдық тұрғыдан ескірген ресейлік не қытайлық жабдықтарды қолданса, Каспий теңізіне экологиялық апат…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды. Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік. Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның,…
ТАНАУЫНА түк бармайтын адамның аяқ астынан пілдей басшының орынбасары боп кеткендігіне таң қалдым. Құтты болсын айтып, кіріп шығайын деп едім. Қасында жүрген көмекші жігіт:-Бәке, ол кешеден бері 180 градусқа өзгерген, қазір кісі жатырқайды,-деді. Қазақты танығыңыз келсе «қолына пәпкі» бер деген ғой, көмекшісінің сөзіне иланбай, бірден кабинетіне бардым. Отыр екен. Танауын көтеріп, деміне нан піскен. -Сәлеметсіз бе?-дедім. -Здрәсти,-деді. Содан әрі қарай диалогымыз жараспады. Ұзақ отырмай кете бардым. Құтты болсын айттым я айтпадым, есімде жоқ. Қысқасы кең кабинетте бай-патшаның бәйбішесі құсап отыр. Тысқа шығым темекі тұтап тұр едім, қасыма көмекші келді. -Че, өзгеріпті ме?-дейді. -Кім?-дедім. -Новый бастық яғни Зам… -Өзгеріпті. Бұрын…
БӘРІ Қырбайдың құдалығынан кейін басталды. Қырыққа кеп бас құрап жатқан Қырбайдың қайынжұрты да ат тірейтін жер екен. Қайын атасының әкесі Обкомда зам болған. Әжесі сол маңайда әйтеуір кеңсе қызметінде істеп пенсияға шығыпты. Қайын атасы облыстың кәсіподағын басқарады екен. Қырекеңнің айы оңынан, асығы алшысынан түсті. Құдалық тарқады. Ішті. Жеді. Кетті. Екі кеште Қырекеңнің қайын атасы кеп тағы да бір тоқтының басын мүжіді. Тіс шұқыды. Дәм қайырды. Сонсоң ұзақ ойланып барып, құдасына ана жақтан бастап әңгімесін ортаға салды. Бір атасы батыр бопты, Бір атасы Баһадүр би бопты, Бір атасы бертін ауылнай, болыс, одан кейін коммунист қысқасы жеті атасынан бермен қарай осалы…
Қазақстанның 110 мектебінде Финляндияның буллингке қарсы бағдарламасын енгізбек, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі. «Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтардың штат санын ұлғайту бойынша шаралар қабылдануда. «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» шеңберінде әрбір 500 білім алушыға бір педагог-психолог бірлігін қамтамасыз ету талабы көзделді», — деп жауап берді Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова депутаттық сауалға. Оның айтуынша, «Білім туралы» заңға басқару, әкімшілік және көмекші персоналдың бекітілген штат санының лимиті және көзделген қаражат шегінде бірінші басшылардың қаржы жылы ішінде бір реттен артық емес штат саны мен штат кестесін өзгертуіне…
Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жерлесіміз Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиада жолдамасына ие болды. Нұрсұлтан олимпиадаға бару мүмкіндігіне 2023 жылғы Әлем чемпионатындағы нәтижелі 5-ші және 2022 жылғы Азия чемпионатындағы 2-ші орынының арқасында жетіп отыр. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Тұрсынов 2020 жылғы Токио Олимпиада ойындарына да қатысқан. Сонымен қатар, Олимпиадағы қатысуға үміткерлер қатарында 100 келіден астам салмақ дәрежесіндегі дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ерасыл Қажыбаевта бар. Ерасыл Әлем кубогында қола, ал 2018 жылы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болған. Сондай-ақ, 2023 жылы Еуропа Кубогының чемпионы атанған. Спортшы әлемдік рейтингте 35-ші орында.
Қостанай облысында су тасқыны салдарынан электр желілерінің 1 414, соның ішінде 52 жоғары вольтты тірегі зақымдалған, деп жазады Ulysmedia.kz. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спановтың айтуынша, барлық ірі елді мекендерде электрмен жабдықтау қалпына келтірілген. “16 шағын елді мекен әлі күнге дейін электр қуатынсыз отыр. Қазіргі уақытта смета әзірленді. Қажетті материал, тіректер дайындалуда. Жақын арада жұмыстар қолға алынады. Зардап шеккен халыққа әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен бастап жүргізілуде. 828 өтініш бойынша 187 млн теңге төленді. Өтініштерді қабылдау жұмысы жалғасуда», — деді Ерлан Спанов. Естеріңізге салсақ, Қостанайда Қаратомар су қоймасынан көп көлемде су ағызылуы салдарынан жағдай күрт ушығып, тұрғындарды шұғыл түрде қауіпсіз…