Автор: asylbek

Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті. Жиында шетелдік ғылыми орталықтарда табысты жұмыс істеп жүрген ғалымдарды Қазақстанға қайтару маңызды деген пікір айтылды. Мемлекет өз тарапынан ғалымдарға ұйымдастырушылық тұрғыдан және қаржылай нақты көмек көрсетеді. Өте білімді адамдар, сұранысқа ие ғалымдар жақсы жалақы, зерттеуге қолайлы жағдай іздеп немесе жай ғана жаңа тәжірибе үшін басқа мемлекеттерге жиі қоныс аударады. Мықты ғалымдардың келуі еліміздің дамуына тың серпін береді әрі адами капиталдың сапасын айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді, — деді президент. 2023 жылы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Қазақстан 30 мыңнан астам ғалымды жоғалттық» деген.

Толығырақ

 Атырау облысындағы күрделі су тасқыны жағдайына байланысты өңірдегі мұнай-газ және басқа да қауіпті нысандарда қорғау шаралары жүргізілуде. Кәсіпорындарды, «Квадрат» және «Тухлая Балка» булану кен орындарын, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын, «ANPZ» ЖШС нысандарын, NCOC компанияларын («Болашақ» зауыты), «КРІ» ЖШС, «KUS» ЖШС, «Вест Дала» ЖШС, «Қазтрансойл» АҚ «АНУ» және т.б зауыттардың су басу ықпалдығын азайту мақсатында қоршауларын пломбалау және нығайту, сонымен қатар құм қапшықтарын, пленка және басқа да материалдарды пайдалана отырып, қорғаныс бөгеттерін салу арқылы аталған кәсіпорындардың периметрлерін нығайту жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын нысандарын су басуынан қорғау бойынша басқа да тиімді шаралар қабылдануда. Кадрлық кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларға 32 арнайы техника мен зауыт…

Толығырақ

«ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ: СУ БАСҚАН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша кездесу Туризм және спорт министрлігінің қабырғасында өтті. Іс-шараға қоғамдық бірлестіктің өкілдерінен грек-рим күресінің балуаны Асхат Ділмұхамедов, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Василий Тахтай, «Qazaq Kuresi» Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов, «Дала қырандары» ЖҚБ директоры Мәди Рымжанов, министрлік тарапынан Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов қатысты. Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша спортшылардың еріктілер қатарына қосылуын талқылау барысында «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі мен Туризм және спорт министрлігі арасында ынтымақтастық…

Толығырақ

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалы­ғымен Палата отырысы өтіп, депутаттар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы заңды мақұлдады. Отырыс еліміздің басым аймағын­да жарияланған төтенше жағдайға байланысты Сенат депутаттары­ның өңірлерде атқарған жұмысының аралық нәтижесін қорытындылаумен басталды. Осы мәселеге тоқталған Мәулен Әшімбаев бірқатар сенатор облыстарға арнайы барып, су тасқынына қарсы күреске белсенді қатысқанын атап өтті. Депутаттар тиісті мем­лекеттік органдармен бірге табиғи апаттың зардаптарын жоюға атсалысып жатыр. Сондай-ақ тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, оларды алаңдатқан өзекті проблемаларды шешуге қолғабыс көрсетіп жүр. Сенат төрағасы мұндай сын-сағатта бүкіл ел болып жұмылу аса маңызды екенін айтты. Отбасы институтын нығайтуға бағытталған Палата отырысында сенаторлар «Қазақстан…

Толығырақ

 Бүгінде еліміздің 10 аймағында су тасқыны қаупі әлі де сейілмей тұр. Қираған үй, өлген мал, тіпті шайылған зират су басқан аймақтардың шынайы көрінісіне айналды. Халықты үйлерін қалыпқа келтіруден бөлек, су тасқының өзге де салдары алаңдатып отыр. Себебі желіде өлген аң-құс, малдардан қауіпті вирус тарауы мүмкін деген болжам пайда болды. Осы орайда Stan.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Жасұлан Алпысбаевтан елдегі эпидемиологиялық жағдай мен вирустың тарау қаупі туралы сұрап білді. Жасұлан Алпысбаев су келген уақытта аурудың тарау қаупі бар екенін жасырмады. Айтуынша, төрт түлік пен аң-құстардың өлексесінен суға түрлі инфекциялар тарауы мүмкін.

Толығырақ

 Ақтөбеде бір жыл бұрын Самара-Шымкент тасжолында екі көлік соқтығысып, оқиға орнында ер адам мен үш бала мерт болған еді. Оқиғаға сол күні жеңіл көлікті басқарған әйел, яғни 30 жастағы медбике күдікті деп танылды. Тергеу дерегі бойынша, әйел қарсы жолға шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Дегенмен сотта бұл нұсқа толық емес деп танылды. Әйел өз жолағымен қозғалғаны дәлелденді. Керісінше, жанармай тасымалдайтын көлікті басып озамын деген жүк көлігі қарсы жолға шығып кеткен. Мұны көріп медбике тежеуішті басқанымен, көлік тоқтай алмай жүк көлігімен соқтығысқан. Күдіктінің жол ережесін бұзғаны дәлелденбегендіктен оны ақтау туралы шешім қабылданды.

Толығырақ

 Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №125 бұйрығымен бидайды Қазақстан Республикасына, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тек қана өндіріс пен тұтыну үшін құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына темір жол көлігімен жеткізуді қоспағанда, автомобиль, су және темір жол көлігімен әкелуге тыйым салу белгіленді. Уақытша тыйм 2024 жылдың 12 сәуірінен бастап 6 ай мерзімге енгізіледі. Тыйым Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға және ұн тарту мен құс шаруашылығы кәсіпорындарына бидайды әкелуге қолданылмайды. Әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда сатуға жатпайды.

Толығырақ

Бұл дегеніміз қай банктің клиенті болсаңыз да, кез келген терминал арқылы төлем жасай алатын боласыз. «Мәселен, қазір дүкенге барғанда, сізден Halyk немесе Kaspi арқылы төлейсіз бе деп сұрайды. Ал Kaspi терминалы Halyk қосымшасын қабылдамайды», — деп түсіндірді Тимур Сүлейменов. Ол жыл соңына дейін жүйені пилоттық режимде қосуға уәде берді. Ал келесі жылдан бастап оған барлық банктер қосылатын болады.

Толығырақ

Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша іс қозғады. Оқиға 11 сәуір күні Есет батыр атындағы мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде болған. Жасөспірім жатақханада талып қалған. Жедел жәрдеммен ауруханаға апара жатқанда жолда қайтыс болған. Ақтөбе облыстық полиция департаменті тергеу басталғанын хабарлады. Сондай-ақ спорт мектебінің қызметкерлері де тексерілетін болады.

Толығырақ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев 89 жасында дүние салды. Әбдімомын Желдібаев — 1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері атанған. 30 жылдан астам уақыт «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті. Композитордың «Толғау», «Ерке сылқым», «Боз жігіт», «Жесір сазы», «Ыдырыс», «Аққу», «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар. Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған. «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев өз атынан және партияластары атынан  күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.

Толығырақ