- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
- Жамбыл облысында 24 полигон рұқсатсыз жұмыс істеген
- «Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты
- Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 миллион теңге жымқырған
- Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған ресейлік 11 жылға сотталды
- Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
Автор: asylbek
Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды екі оқылымда қарап, мақұлдады. Заңды әзірлеудегі басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу. Аталмыш заң аясында әйелдер мен балалардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету және елімізде отбасы…
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ресм сайтында, Атырау облысында 4 ұңғыма су астында қалғаны хабарланды: — «Шығыс Уаз» кен орнында 3 ұңғыма бар: №101, №106, №116 («Ембімұнайгаз»АҚ «Қайнармұнайгаз» Мұнай-газ өндіру басқармасы) – бөгеттің жанына төселген құм салынған қаптардың үстіне топырақ төгілуде, сондай-ақ Сағыз өзеніне суды НБ-50 сорғымен айдау жұмыстары жүргізілуде (4 адам және 2 арнайы техника жұмысты жалғастыруда); — «Жаңа Мақат» кен орнында 1 ұңғыма – № Е7 («5А Ойл» ЖШС) – үйінділерді салу және қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Аталған ұңғымалар уақытылы қуатсыздардырылды және тығыздалды. «Облыстың қалған кен орындарындағы жағдай бірқалыпты және тұрақты бақылауда», — делінген ресми хабарламада.
Министрлік өкілдері Қазақстандағы су қоймаларының қазіргі жағдайын баянады. Ведомствоның хабарлауынша, бүгінде 500 шақырымнан астам су арнасын тазалау жоспарланып отыр. Каналдарды тазарту жұмысы Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізіледі. Сондай-ақ Қазақстанның 8 өңірінде: Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан облыстарында, БҚО және ШҚО-да 74 гидротехникалық құрылысты жөндеу жоспарланған. Суару маусымына дайындық аясында 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтіп жатыр
«Ең алдымен, мен еліміздегі қазіргі ахуалға тоқталып өткім келеді. Жағдайды көріп, біліп отырсыздар, аймақтарда сексен жыл болмаған жойқын су тасқыны болып жатыр. Көптеген елді мекенді қарғын су басты. Жалпы ахуал өте күрделі. Қазір Үкімет барлық қажетті шараларды жедел түрде қабылдап жатыр. Тиісті тапсырмаларды бердім, жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Табиғаттың тосын мінезінен басқа да елдер зардап шегуде. Әлемнің әр түкпірінде жер сілкінісі, өрт, су тасқыны болып жатыр. Бір сөзбен, жаһандық климат өзгеріп, табиғи апаттар жиілеп кетті», — деді президент. Президенттің сөзінше, 1980-1985 жылдары әлемде 1700-ге жуық табиғи апат болған. Ал 2010-2015 жылдары апаттардың саны 3700-ден асқан. «Яғни аз уақыттың ішінде…
Солтүстік Қазақстан облысында тасқынға байланысты жағдай ауыр деген ақпарат тарады. Өңірдегі 219 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр. Кейбір ауылдың электр желісін мұз қиып, жарық өшкен. Есіл өзеніндегі Сергеев су қоймасы толып, өзен суы ери бастаған. Покровка ауылында шамамен 30 үйді су басып, екі жүзге жуық адам эвакуцияланды. Адамдар ең бағалы деген заттарын алып, туысқандарының үйін немесе жергілікті жатақханада ашылған эвакуация пунктін паналаған. «Тасқынға қарсы жұмыс жүргізілген жоқ, әкім жұмыс істемеген. Біз тек су келе жатқанын білдік, бірақ ол жыл сайын тасиды, біз – петропавлдықтар оған үйреніп қалғанбыз. Бірақ кейіннен су мөлшері тым көп екенін, бөгеттен жоғары көтерілгенін естігенде халық…
Заңның мақсаты — әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. «Құжат аясында Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізілді. Біріншіден, кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық қылмысын жасаған адамға оған кодекстің ерекше бөлігінде көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға тыйым салынады. Екіншіден, кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша, сондай-ақ, кодекстің 108-1 («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») және 109-1 («Ұрып-соғу») баптарында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтарды татуласқаннан кейін қайталап жасаған жағдайларда тараптардың татуласуына жол берілмейді», — деді сенатор Жанна Асанова. Сондай-ақ, баланы өлтіргені үшін (99-бап), балаға қатысты зорлау әрекеттерін жасағаны үшін (120-бап) және балаға сексуалдық…
Жылыой ауданының полициясына 49 жастағы ер адам Қарағай ауылынан Құлсарыға қайықпен шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат түскен. «Бүгін таңертең Қарағай елді мекенінен 10 шақырым жерде су тасқынынан пайда болған аралдан полиция қызметкерлері дронның көмегімен 49 жастағы ер адамды тапты», — деп жазылған хабарламада.
«1980-1985 жылдары әлемде 1700-ге жуық табиғи апат болған. Ал 2010-2015 жылдары апаттардың саны 3700-ден асқан. Яғни аз уақыттың ішінде табиғи апат саны екі есе көбейді. Жартысына жуығы – суға қатысты апаттар. Әрине, бұл – бүкіл адамзатқа төніп тұрған өте үлкен қатер. Сондықтан мұндай апаттардың алдын алып, азаматтардың амандығын қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Ғылым – бұл міндетті іске асырудың бірден-бір жолы», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Оңтүстік Кавказ өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі – Грузиямен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтті. Шалва Папуашвили Грузияның Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады. Оның айтуынша, Тбилиси Астанамен жан-жақты байланыстарды, соның ішінде көліктік-логистика саласындағы ықпалдастықты тереңдетуге ниетті.
Ақтөбе облысында кей ауылдар жойылып кетуі мүмкін Ойыл ауданына қарасты Қаратал және Екпетал ауылдарын жыл сайын көктемде еріген қар суы басып қалады. Тіпті биыл Қаратал ауылындағы үйлердің 100 пайызын су шайып кеткен. Мұнда бар жоғы 200-ден астам үй бар. Олардың тек 10-ы ғана судан аман қалған. Ал Екпетал ауылында су басу оқиғалары жиілеп кеткен. Жергілікті билік тұрғындарды Ойыл ауданына көшіру арқылы мәселені шешпек. Ал облыс орталығының инженерлік инфрақұрылымы 200 тұрғын үй салуға дайын екенін хабарлады.