Автор: asylbek

М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Нұрасыл Игілікұлы жұрттың ризашлығына бөленіп, үлкендердің батасын алды. Еліміздегі су тасқыны бастауыш сынып оқушысын да күрсіндірді. Себебі, қарғын судан тек ересектер ғана емес, өзімен жасты балалар да зардап шегіп жатыр. Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылынан Құлсарыға аттанатын көмек туралы естіген Нұрасыл арнайы жинап жүрген қаражатын мұқтаж жандарға беріп жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz. Балақай тасқын судан зардап шеккен халыққа арнайы құтыда жинаған тиын-тебенін жіберді. Аз да болса көптей көрген халық Нұрасылға алғысын жаудырып жатыр. «Құлсарыдағы ағаларыма, бауырларыма осы тиынды бергім келіп отыр. Қобдишаға жинап жүрген тиыным еді. Енді оны сіздерге табыстаймын, бауырларыма жеткізіп берсеңіздер деймін», деді Нұрасыл Игілікұлы…

Толығырақ

Су тасқыны кезіндегі шығынды барынша азайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыс әкімдіктерімен бірлескен әрекетімен 88 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз аумаққа айдап шығарылды. Жедел деректер бойынша өлген мал саны 8,1 мың басты құрайды. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында жануарлардың өлекселерін жою жұмыстарын қарқынды жалғастыруда. «Бүгінгі таңда 4,1 мың бас өлген мал жойылды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша бұл жұмыс күшейтілген режимде жалғасады. Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабпен өлген мал иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі әзірленіп, бекітілді. Меншік иелері мен залалды анықтау және басқа да мәселелерді шешу…

Толығырақ

«Қазгидрометтің» мәліметінше, өткен тәулікте Махамбет кентіндегі Жайық өзенінің гидропостында өзен деңгейінің көтерілуі 45 см, Атырау қаласында – 36 см құрады. Жағалауды нығайту жұмыстарын күшейту үшін тапсырыс беруші жергілікті атқарушы орган болып табылатын барлық жол, құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Ірі мұнай компанияларымен келіссөздер жүргізілді. Қазіргі уақытта қала 107 учаскеге бөлінген. Шамамен 673 бірлік техника және 7 мың ерікті жұмыс істеп жатыр. Соңғы 3 күнде 42 км жағалауды нығайту бөгеттері және 350 мыңнан астам қапшық төселді», — деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте. Оның айтуынша, жақын арада өңірге Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан қосымша ауыр техника келеді.…

Толығырақ

Өңірде су тасқыны жағдайы тұрақталды. Қаратомар су қоймасында су ағызу секундына 1 600 текше метрді құрады. Жоғары Тобыл және Желқуар су қоймалары бойынша су ағызудың төмендеуі байқалады. Қарасу ауданындағы Тімтуір, Құндызды және Қарасу өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуі тәулігіне 7-ден 81 см-ге дейін болды. «Облыстың оңтүстік бөлігіндегі Торғай, Дәмді және Қабырға өзендерінде судың әлі де жоғары деңгейі сақталуда. 161 жеке тұрғын үйді су басты. Судың басуына байланысты 27 елді мекен әлі күнге дейін электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Республикалық маңызы бар 4 және облыстық маңызы бар 3 автожол жабылды. Көлік қатынасы жоқ 10 елді мекен бар», — деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары…

Толығырақ

Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дузелбаев мәлім еткендей, осы сағатта судың толымдылығы 179,5%, толып кетуі 412 см-ді құрайды, бұл кешегі күнмен салыстырғанда 13 см-ге төмен. «103 үйдің 76-сы су астында қалып отыр. 676 адам эвакуацияланды, 44 адам үйге қайтарылды. 174 үйдің маңын су абсты», — деді спикер. Ұлытау, Түркістан, Қарағанды және Павлодар облыстарынан және Алматы қаласынан ТЖМ күштері келді. 59 жолды су шайған, оның 19-ы белсенді. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы елді мекендерінің айналасындағы қорғаныш үйінділерін нығайту жалғасуда.

Толығырақ

«Республикамыздың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі сағаттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің шығысында-түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз қатты жаңбыр, батыста қатты жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, батыста, оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі», — деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте. СҚО-да ауа температурасы 2-7 градус, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында 5-12 градус, елдің орталығы мен шығысында 8-18 градус, Жетісу және Алматы облыстарында 10-17 градус, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 16-21 градус, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында 17-25 градус жылы болады.

Толығырақ

Қарғын су басып, халық сабылған бұл кезде өтер кетер. Жаңа елдімекендер салынар, жұрт қайтадан баспаналы болар. Уәдесінен тайып кетпесе, үйсіз-күйсіз, малсыз қалғандарға өтемақыда төленер. Алайда, халықты, тұтас мемлекетті әуре-сарсаңға салған, мемлекеттің бюджетіне миллиардтаған шығын әкелген тасқынға кінәлілер жазадан құтылып кете ме? Мәселенің үлкені осы. Біз, жасылдар партиясы еліміздегі су ресурстары саласындағы былықты талай мәрте көтердік. Айттық. Алайда құлаққа ілген ешкім болмады. Дер кезінде айтқанымызбен жазғандарымызға құлақ асқан Үкімет болса, дәл қазіргі қиын жағдай болмас па еді? Бүгінгі жағдайға кім кінәлі дегенге келетін болсақ, тасқынын болатынын көріп,біле тұра қамсыз отырған жергілікті әкімқаралар, Төтенше жағдайлар министрлігі, Үкімет. Жағдай реттелген соң, бұлардың бәрі…

Толығырақ

Оның ішінде 31 мыңнан астамы бала. Республикалық ақпараттық штабта өткен таңертеңгі брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш осындай мәліметтерді жария етті. Оның айтуынша, тартылған әуе кемелерімен 2 823 адам, оның ішінде 865 бала құтқарылды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала орналастырылды. 82 559 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. Зардап шеккен өңірлерге 167 935 кг гуманитарлық көмек жеткізілді. Бірлескен күштермен 8,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су бұрылды. «Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына 24 295 адам, 2…

Толығырақ

2024 жылғы 10 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3655 метр болатын су тасқыны орын алды. 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында (ұзындығы 626 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Қазіргі таңда республикалық жолдарда 365 бірлік техника мен 701 адам жұмылдырылған.

Толығырақ