- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады
Автор: asylbek
Қадірлі отандастар! Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Бұл – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі. Қасиетті Рамазан айында жұрт адамгершілік құндылықтарға баса мән береді, рухани тазаруға ұмтылады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қайырымдылық көрсетеді. Отыз күн оразадағы сабыр мен қанағатқа негізделген игі амалдың бәрі Айт мерекесінің шынайы болмысын айшықтай түседі. Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді. Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді…
Ауғанстанның солтүстігінде салынып жатқан арнадағы судың далаға кетіп жатқаны Орталық Азия елдерін алаңдатып қойды Бұл туралы Eurasianet басылымы хабарлады. Тәліптер басқаратын ауған үкіметі су арнасы жобасын асығыс жүргізіп жатыр. Ауған билігі соның көмегімен миллиондаған азаматтың азық-түлік мәселесін шешкісі келеді. Дегенмен Орталық Азиядағы көршілес елдердің пікірінше, Көш-Тепа арнасы қоршаған ортаға қауіп төндіріп тұр.
6 сәуірде Құлсарыдағы суға кеткен үйін қарап келем деп шығып, хабарсыз кеткен екі адам – Болатбек Ермекбаев пен Асылхан Нұржау әлі табылған жоқ Олардың жақындары іздеу жұмыстары басында баяу жүргенін айтты.
Ресейде кейбір өндірістік аймақты су алып, Украина дрондары мұнай өңдеу зауыттарына шабуылды үдеткен тұста Мәскеу Қазақстаннан 100 мың тонна бензин беруді сұрап отыр Құпия келіссөз туралы 8 сәуірде Reuters басылымы дереккөзіне сілтеп жазды.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Аазаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқыны салдарынан қанша үй су астында қалғаны туралы мәлімет ұсынды. Азаматтық қорғаныс қызметтері 76 мыңға жуық адамды, оның ішінде 30 мыңға жуық баланы және 45 мүмкіндігі шектеулі азаматты қауіпсіз орынға жеткізген. Оның айтуынша, уақытша паналау бекеттеріне 7 703 адам, оның ішінде 3 266 бала орналастырылған. Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелері құтқару жұмысын әлі жүргізіп жатыр. «7 млн 828 мыңнан астам текше метр еріген қар суы шығарылды. 1090-нан астам құмқап пен 996,1 мыңнан астам тонна инертті материал төселді», деді ол. Ерасыл Сайпаштың мәліметінше,…
Ел Президенті зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтқаны мәлім. Су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған азаматтардың шығындары қалай өтеледі? Өзекті ақпарат Үкімет ұсынған мәліметтерде көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz. Тасқыннан зардап шеккен азаматтардың несиесі шегеріле ме? Әкімдік тізімдері бойынша су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға 3 айға несие төлемдерін автоматты түрде кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі, сонымен қатар төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды. Аталған санаттағы азаматтарға бірреттік төлем қарастырылған ба? Су тасқынынан зардап шеккен және қиын жағдайға тап болған тұрғындар әкімдікке тиісті өтінішпен жүгіну арқылы бір реттік төлем ала алады. Залалды кім анықтайды? Залалдың алдын ала мөлшерін жергілікті…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме кезінде тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Президенттер шекара маңындағы өңірлерде болып жатқан су тасқыны жағдайын талқылап, екі ел Үкіметтеріне табиғи апатқа қарсы күресте өзара ықпалдастықты нығайтуды тапсырды. Тараптар екі елдің қарым-қатынастары дәстүрлі түрде әрі стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.
Орск қаласында Жайық өзенінің деңгейі төмендеді. Кейінгі бір тәулікте ондағы су 9 сантиметрге түскен. Гидробекеттерде үздіксіз мониторинг жүргізіп отырған мамандар осылай дейді. Айта кетейін, төтенше жағдай қызметкерлері облыстағы қауіпті аймақтарды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр. Ал Ресейдің Қорған облысындағы Звериноголовский ауданында ахуал, керісінше ушығып барады. Өңір басшысының айтуынша, соңғы 2 сағатта су деңгейі тағы 74 сантиметрге көтеріліп, жалпы көрсеткіш 735 сантиметрге жеткен.
Қазіргі су тасқыны жағдайына тоқтала келе, техника ғылымдарының докторы, «Су ресурстары» кафедрасының профессоры, ректордың кеңесшісі Михаил Сенниковтің пікірінше, бұл көптеген жағдайлардың тоғысуы. Мәселен, табиғи жағдайлар, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және батысында жауын-шашынның көп түсуі, инженер-гидротехниктерді, инженер-құрылысшыларды даярлаудағы олқылықтар. «Бүгінгі таңда гидротехниктер 8 ЖОО-да даярланады, олардың саны жыл сайын азайып келеді. Меніңше, су маманының беделі өте төмен. Біз өз тарапымыздан осы мәселелерді шешуге үлесімізді қосуға ниеттіміз. Бұл мәселені білім беру бағдарламаларын өзгерту және су қызметкерлерін, желілік су қызметкерлерін қайта даярлау арқылы шешуге болады. Біз бұған дайынбыз. Біз жыл сайын «Қазсушар» қызметкерлерінің біліктілігін арттырамыз. Мұндай жағдай қайталануы мүмкін. Ал бізде оны болдырмауға қатысты…