- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
- Жамбыл облысында 24 полигон рұқсатсыз жұмыс істеген
- «Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты
- Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 миллион теңге жымқырған
- Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған ресейлік 11 жылға сотталды
- Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
Автор: asylbek
Өңір таулы аймақтарда орналасқандықтан, қазіргі кезде жаңбыр жауып тұр, кейбір жерерде су деңгейі көтерілуде. Дегенмен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп күзден бері жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар облыс әкімдігімен бірге күн сайын әуеден немесе жерден қадағалау жұмыстары атқарылады. «Өзендердегі қатқан мұздарды жару жұмыстарды жүргізіп, қауіптерді сейлтіп жатырмыз. Ақпаннан бері облыс аумағында тәулік бойы шұғыл штаб жұмыс істеп келеді. Су тасқыны басталғалы бері облыс көлемінде ешқандай су тасқыны болған жоқ. 1 наурыздан бері 1-2 жерде су көтерілу салдарынан үш үйге су кірген. Қазіргі таңда ол жерлердегі су кетті. Қауіп жоқ. Құтқарушылар мен қызметкерлер өз жұмыстарын атқарып жатыр», — деді ШҚО ТЖД бастығы…
Сонда да өңірде қауіп әлі сейілген жоқ. Облыс орталығы мен Жайық бойында орналасқан Ақжайық, Бөрілі, Бәйтерек және Теректі аудандарына қауіп төніп тұр. «Қауіп Ресейден келе жатқан Челябі, Орынбор облысынан түсетін жайық өзенінен төніп тұр. Жайық өзенінің бойында тұрған Ириклинск су қоймасы осыдан бірнеше күн бұрын максималды 2170 текше метр су жіберілді. Бүгінде 1520 текше метрге едйін азайды. Бірақ бұл әлі де көп. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы жыл бойы бұл су қоймасынан секундына 15 текше метр аққан. Жол бойындағы Сакмар, Елек, Шыңғырлау өзендері де толды. Жалпы үлкен су облыс аумағына 15-20 сәуірде келеді деп болжанып отыр. Жайық бойындағы елді мекендерге…
Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Оның ішінде ірі қара мал – 1 137, ұсақ мал – 4 051, жылқы – 457 және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары. Бүгінгі күні 1 013 бас малдың өлексесі өртелді. Министрліктің мәліметінше, 60,0 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз учаскелерге көшірілді.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Палестинаның БҰҰ-ға толық мүше болу туралы өтінішін қайта қарап жатыр. Өтініш жаңа мүшелерді қабылдау комитетіне тапсырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Қауіпсіздік кеңесінің барлық 15 мүшесінен тұратын комитет осы мәселені дүйсенбі күні талқылады. Өткен аптада Палестина өкілі БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке 2011 жылғы 23 қыркүйектегі Палестинаны БҰҰ мүшелігіне қабылдау туралы өтінішті қайта қарау туралы хат жолдады. Келесі күні Бас хатшы Қауіпсіздік кеңесіне өтінішті жеткізді. БҰҰ жарғысына сәйкес, жаңа мүшелерді қабылдау туралы шешімді Бас ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша қабылдайды.
Негізгі су қоймаларында біртіндеп су ағызу төмендетіле бастады. «Қаратомар су қоймасында соңғы тәулікте су ағызу секундына 660 текше метрге азайды және секундына 2200 текше метр құрады», — деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов ОКҚ алаңында өткен брифингте. Сондай-ақ, Жоғары Тобыл және Желқуар су қоймалары бойынша су ағызудың төмендеуі байқалады. Сонымен қатар өңірде өзендердегі су деңгейі төмендеп келеді. Тобыл өзенінің бас жағында соңғы тәулікте 71 см-ге, Әйет өзенінде 91 см-ге төмен түскендігі тіркелді. Қарасу ауданындағы Тімтуір, Құндызды және Қарасу өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуі тәулігіне 13-тен 97 см-ге дейін құрады. Облыстың оңтүстік бөлігіндегі Торғай, Дәмді және Қабырға өзендерінде судың әлі…
➤ Ойыл ауданында барлығы 340 үйді су басқан, қазіргі уақытта 49 үй әлі де су астында қалып отыр. ➤ Ең көп зардап шеккен ауыл тұрғындары Ойыл ауылындағы үш эвакуациялық пунктіге орналастырылған. Вице-премьер эвакуациялық пунктілердің жай-күйін қарап, ондағы адамдардың талап-тілектерін тыңдады. Оларды, ең алдымен, залал келтірілген баспананың қаражатын өтеу тетігі, оны әділ бағалау, өз бетінше үй салу немесе ақшалай өтемақы алу мүмкіндігі сияқты мәселелер қызықтырды. Серік Жұманғарин барлық ұсынысты Үкімет деңгейінде қарастыруға уәде берді. Су тасқыны кезінде толығымен су басқан Екпетал елді мекеніндегі 48 және Жаңабастағы 19 үйдің тұрғындары жаңа үй салынып берсе, Ойыл ауданының орталығына біржола көшуге әзір екендерін жеткізді. Серік Жұманғарин…
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дузелбаевтың айтуынша, су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Сергеевка су қоймасының сыйымдылығы 182% құрайды. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс орын алған жоқ. Су қоймасына аққан су – 425 см. Осыдан 3 аудан мен Петропавл қаласын су басу қауіпі төніп отыр. Қар жамылғысы 30%-ға дейін жетеді. Әлі де 219 елді мекенді су басу қауіпі жоғары. «40 үйдің 13-ін су басып қалған. 286 адам эвакуацияланып, 44 адам үйлеріне қайтарылды. 111 үйдің маңын су басты», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте. Кеше кешке Қорғаныс министрлігінен 313 әскери қызметші келді. «Қолда бар ауыр техникалар аудандарға жөнелтілді. Сонымен қатар,…
Орынбор олысындағы Жайық (Урал) өзеніндегі су деңгейі 864 см-ге жетті, қауіпті белгіге 66 см ғана қалды. Облыста федералдық сипаттағы төтенше жағдай енгізілді. Кейінгі деректер бойынша, 10 168 тұрғынүй су астында қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Риа Новости басылымына сілтеме жасап. 47 көпірдегі қозғалыс тоқтатылды. Десе де федералдық тас жолдарда қозғалыс шектелген жоқ. Су астында қалған Орск қаласының билігі төрт адам қаза тапқанын хабарлады: екі адамның жүрегі тоқтап қалған, біреуі табиғи жолмен өлсе, тағы бірі суицид жасаған. Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады. Орск ауруханаларында жоспарлы медициналық көмек көрсету…
Қанат Шарлапаев өнеркәсіптік даму, геология, жер қойнауын пайдалану және құрылыс салаларындағы жұмыстың нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады. Биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 7,4 пайызды құраған. Жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 180 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның арқасында 17,8 мың жұмыс орны ашылмақ. Былтыр 157 мың тұрғын үй салынған. Биыл 172 мың тұрғын үй салу көзделіп отыр. Жалға берілетін 22 мың тұрғын үйдің құрылысына мемлекеттен 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. «Отбасы банкі» арқылы қаржыландыру көлемі 300 миллиард теңгені құрайтын бағдарлама іске қосылады. Бұл ел азаматтарына 12 мың ипотекалық займ беруге септігін тигізеді. Қазіргі уақытта…
Астана қаласының 11 жасар тұрғынының аузында, нақтырақ айтсақ бадамша бездер аймағында және тіс арасында шаш өсе бастаған. Дәрігерлер шашты алып тастады. Қазір жасөспірім тексеруден өтіп жатыр. Елордалық дәрігерлер бұл құбылысты әзірге түсіндіре алмай отыр. Шетелдік дәрігерлер бұл аурудың сирек кездесетіні соншалық, оның атауы да жоқ және әлі зерттелмеген де деп мәлімдеді.